Тақырыбы | Н.Серәлиев. «Аңсау» әңгімесі |
Мақсаты | Мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу, оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.оқушылардың еркін сөйлеуіне ,қорытынды жасай білуге жағдай туғызу |
Жалпы мақсат | Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру;Өз бетінше іздену, топта жұмыс істеу, өз көзқарастарын дәлелдеп қорғай білу, қабілеттерін дамыту. |
Күтілетін нәтиже | Тақырыпты түсіне отырып, сөздік қорлары молайып сол сөздерді өмірде қолдануға үйренеді. Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге .қастерлеуге үйренеді. Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға , өзгенің пікірімен санасуға үйренеді; Өз пікірін қорғап, дәлелдей алады, түрлі шығармашылық жұмыстарға , топпен жұмыс жасауға дағдыланады. |
Сабақтың түрі: | Аралас сабақ |
Сабақтың типі: | Жаңа білімді меңгерту |
Оқыту әдістері | Блум таксономиясы 1. «Кім шапшаң» Сұрақ-жауап ,Ойқозғау 2. Мағынаны тану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 3.Деңгейлік тапсырмалар 4. АКТ |
Керекті жабдықтар | Интерактивті тақта,оқулық ,кеспе қағаздар, бағалау парақшалары, смайликтер |
Ұйымдастыру кезеңі | 1. Психологиялық жағымды ахуал тудыру 2. «Жылы лебіз» тренингі 3. Бағалау парақшасын тарату 4.Критерийлермен таныстыру а) Үй тапсырмасы сұрақ-жауап -2 балл ә) Тест - 3,2,1 балл б) Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап -2балл в) шығармашылық тапсырмалар -2балл г)Деңгейлік тапсырмалар -3балл | Топ мүшелерінің шығармашылық белсенділігін арттырып,олардың қиялын дамытуға мүмкіндік береді, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білу | «Кім шапшаң?» | Үй тапсырмасын сұрау 1.Жақсылық жасау дегенді қалай түсіндіңдер? 2.Ақын тілегін қалай жеткізген? 3.Жақсы адам болу қиын ба? 4.Ақын бұл өлеңін кімге арнап отыр? 5.Өлеңді мәнерлеп оқу 6.Өлең құрылысына талда | Оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап береді |
Түсіну | 10 минуттық тест Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру Топтастыру | Тестті таратып шығамын 1.Жақсылық жасау дегенді қалай түсіндік? 2.Ақын тілегін қалай жеткізген? 3.Жақсы адам болу қиын ба? Адам бойындағы қасиеттерді талдайды | Оқушылар тестті жазып ,алмастыра отырып тексеріп шығады Өздері жасап келген постерлерін қорғайды Жақсы мен жаманды ажыратады |
Жаңа сабақты түсіндіру | Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіру «Ойқозғау» | Бөлтірік шешеннің : «Қырықтың бірі-Қызыр-ды Қонақ келсе есікке, Жүгіре шыққын ,кешікпе, Қарсы алмасаң қонақты, Кесір болар несіпке» деген нақыл сөзімен бастаймын Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіру Жаңа тақырып бойынша дескрипторлар: 1.Автордың өмір жолын білуіміз керек. 2. «Аңсау» әңгімесінің мазмұнын білу. 3.Әңгімедегі негізгі тақырыпты таба білу 4.Әңгіменің идеясын анықтай алу керек. 5.Әңгіме кейіпкерлерінің бейнесін анықтай алу. 6.Әдебиет теориясымен ұштастыра алу Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша сұрақтар Мәтін мазмұнымен танысу 1.Нәсіреддин Сералиев кім? 2.«Аңсау» әңгімесі не туралы? 3.Қазақта қонақтың неше түрі бар және қандай? Қалымбет қария соның қай түріне жатады? 4.Қарттың неше түрі бар? | Мәтінді кезекпен оқиды Оқушылар үйде өз бетінше дайындалғандары бойынша жауап береді Қонақтың қандай түрлері бар екенін және қарияның тағы басқаша аталуын айтады. Олар: арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылқыма қонақ, құтты қонақ және ерулікті қонақ. Қарттың түрлері: 1.Ата- немерелерін ойнатып, солардың «ата» дегеніне жасарып, мәз болып жүретін жан. 2. Қария – топқа түсіп дау шешпесе де, ағайынның ішінде , көрші –көлемнің арасында өзіндік құрметі бар кісі. 3.Ақсақал- қыраулана батаған сақалын желге тербетіп.он ойланып , тоғыз толғап сөйлейтін, дүйім елді аузына қаратып, сөзіне ұйытатын адам. |
Қолдану | Ойлан,бірік, бөліс тапсырмасы. Дәптермен жұмыс | 1-қатар Әңгімеге жоспар құрады 1.Бала кімді аңсады? 2. Қалымбет кімді аңсады? 3. Сіз кімді аңсайсыз,сағынасыз? 2-қатар Композициялық талдау жасайды (Әңгіме құрылысына талдау) 1.Әңгіменің басталуы 2.Әңгіменің байланысуы 3.Әңгіменің шиеленісуі 4.Әңгіменің шарықтау шегі 5.Әңгіменің шешімі 3-қатар .Кейіпкерлерге мінездеме жазады Ермек, Қалымбет қария, анасы үшеуінің бойындағы 3 қасиетті жазуды тапсырамын | 1.Қалымбет қарттың қалаға келуі 2.Ермектің қарияны үйіне алып келуі 3.Қалымбет қарияның ауылына қайтуы Балалар сұрақтарға жазбаша жауап береді 1.Әңгіменің басталуы.(Қалымбет қарттың қалаға баласының тойына жабдық алуға келіп,кешкі уақытта қалып қойғаннан кейінгі қонақ үйге бармақ болуы) 2.Әңгіменің байланысуы. ( 4-5жасар баланың шалдың қалқасына келіп тығылуы..) 3.Әңгіменіңшиеленісуі. ( орысша былдырлаған баланың қарияны жетектеп үйіне әкелуі, өз атасымен шатастыруы) 4.Әңгіменіңшарықтау шегі. (Қарияның бала шешесімен танысып, бар жайды түсініп,баламен шаршағанша ойнауы) 5.Әңгіменің шешімі. Қалымбет қарияның еліне кетуі, баланың түс көруі Кейіпкерлерге мінездеме жазады Үшеуінің бойындағы 3 жақсы қасиеттерін слайдтағы кесте бойынша жазады. жазады |
Талдау | Сөздікпен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Cалыстыру Венн диаграммасы | зәңкиген-еңселі,биік саяжол- ағаштардың көлеңкесі түсіп тұрған жол жаялық-жас нәрестені орайтын жөргек мата алагүлік-қоңыздың бір түрі азанда-таңертең кремпілен-матаның атауы қиямет-қиын Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар тарату Оқушыларға өз атасы мен Қалымбет қарияның бойындағы қасиеттерінің ұқсастығын салыстырту | Оқушылар сөздік дәптерге түртіп алады Оқушылар деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасайды Оқушыларға өз атасы мен Қалымбет қарияны салыстырады |
Жинақтау | Ситуациялық сұрақтар Жағдаяттан шығу Үштілділік саясатты қолдау Жеке жұмыс | 1 « Аңсау » әңгімесі не туралы? 2. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кім? 3. «Аңсау» дегеніміз қандай сезім? 4. Қарияның қалаға келу себебі не екен? 5. Бала қартты үйіне не үшін алып келді? 6. Ермектің анасы қандай жан? 7.Ермек кімді аңсап жүр екен? 8.Сыйластық туралы қандай мақал-мәтел білесің? 9.Оның орыс тілді болуына кім кінәлі? 1-топ Сіздің ата-анаңыз қалаға кетейін деп жиналып жатыр, сіз не істейсіз? 2-топ Ата-анаңыз ата-әжеңізбен кездесуге тыйым салса не істейсіз? 3-топ Ата-әжеге құрмет көрсетпейтін жандарға не айтасыз? Ата-дедушка-grandfather Сағыну – скучать - miss Немере – внук - grandson «Менің әңгімеден алған әсерім» эссе жазу | 3 қатардағы оқушылар кезекпен жауап береді Оқушылар сыни түрғыда сұрақтарға жауап береді Оқушылар эссе жазады |
Үй тапсырмасы | | Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме және ата-ана жайындағы мақал-мәтелдер жаттап келу Жеті аталарын біліп келу | Ата-ана жайындағы мақал-мәтелдер жаттап келу Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме жазып келу |
Кері байланыс | | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін- өзі бағалайды |