kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М. Ж?мабаев "Тол?ын" ?ле?і

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары 7 сыныпты? ?аза? ?дебиеті п?ніне арнал?ан. Жина?тал?ан материалдар жалпы білім беретін мектепті?  7 сыныбына арнал?ан о?улы?тан ж?не ?осымша дидактикалы? материалдардан ??растырыл?ан. П?наралы? байланыс бар, ?аза? тілі бойынша фонетикалы? талдаулар, та?ы бас?а. Саба? мектеп ?кімшілігіне к?рсетілді, олар?а ?нады. Осы та?ырыпта ??рал?ан ашы? саба? бас?а да ?ріптестеріме ?найды деп ойлаймын. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М. Ж?мабаев "Тол?ын" ?ле?і»

Сабақтың тақырыбы:    Ашық сабақ.   Мағжан Жұмабаев     «Толқын»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:  Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу.

                         Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау, идеялық – көркемдік мазмұны ашу,әдеби теориялық ұғымдарын кеңейту.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін                                   байыту,ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізуге     

                                  бағыттау,шығармашылыққа баулу.

3.Тәрбиелік: Топта,ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауда өз пікірін

                        білдіруге,дәлелдеуге үйрету,шығармашылыққа тәрбиелеу.

               

Сабақтың түрі:     Дәстүрлі сабақ

                                                                                                  

Сабақтың әдісі:  сергіту сәті,сұрақ-жауап, талдау, іздену,сурет салу, топтастыру

 

Сабақтың көрнекілігі:  шығармалар жинағы,   портреті, үлестірмелі қағаздар, маркер,плакат, толқынның шуылы музыка,  т.б

 Пәнаралық байланыс:     сурет, қазақ тілі

 

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру. Барлығын ортаға шақырып, сергіту сәтін өткізу.

            

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Сүйемін» өлеңін жаттау.

  2. «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?

  3. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?

  4. Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы туралы оқулықтан тыс оқып, жаңа мағлұматтар әкелу.

1 топ

Мағжан Солтүстік Қазақстанда өз ортасында белді, беделді бақ пен дәулет қонған Жұмабай  қажы әулетінде дүниеге келеді.4  жасынан-ақ оның құйма құлақтығы, ерекше қабілеті танылады.

  Мағжан үш жасында атасы Жұмабайдан: «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге  әйгі ететін болады!» деп бата алған Мағжан төрт  жасында мектеп есігін ашып,хат  таниды.Оның ақындық таланты да ерте оянды.

   Абайдың 1909 жылы Петербургте шыққан өлеңдер жинағын бала Мағжан сол жылы-ақ  оқыған.Ол алғаш жазған өлеңдерінің бірін де ұлы ақынға арнайды

  Орыс тілін, әдебиетін өте терең меңгергені  сондай, білікті, білімді деген зиялылыр, орыстардың өзі оны бас ие мойындайды.Туған әдебиетімен қоса шығыс әдебиетін, әлем әдебиетін терең меңгерген ақын оның озық үлгілерін өз шығармаларымен ұштастырып, қазақ поэзиясының өрнек-айшықтарын жетілдірді.Ұлы Мұхтар Әуезов:  «... Мен Мағжанды сүйемін.Оның Европалығын, әшекейін сүйемін»  деуі осының айғағы.

   1920 жылдарда ақын  өлең-жырмен шектеліп қалмай, өмірдің әр саласын қамтитын мақалалар жазады.Әсіресе оқу-ағарту ісіне ден қояды.Москвада тұрған кезінде аударма жұмыстарымен көп шұғылданады.

    Мағжанның ұлтжандылық өлеңдері «Ғалияда» шәкірт болып жүрген кезінен басталады.Ұлтжандылық сезімінің әуелі үй ішінен,одан қала берсе туған ауыл, туған жерден бастап,жоғары өрлейтіні сықылды қазақ халқының халі қандай ауыр екенін сезсе де, ол күнде Мағжанда келешектен үміт күткендік сезіледі.Заманды жасаушы жастарға сенеді.Қандай жағдайда да өз елін, халқын шексіз сүйеді.Сондай өлеңдерінің бірі – «Сүйемін», «Анама», «Есімде... тек таң атсын», «Орал», «Орал тауы» т.б.

    Мағжанның орыс ақындарының ықпалымен жазылған өлеңдерінен басқа қазақ рухында жазылған шығармаларынан оның ақындық күші де молырақ көрінеді. Олар : «Қорқыт», «Баян» сықылды поэмалары.

    2 топ

Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) – ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.
Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.

Ол оқу іздеп Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл - кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.

Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте - бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді.
Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді.
Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән - мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.
Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде де, Москваның Жоғары әдебиет және көркемөнер институтында оқып жүргенде де, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады.
Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М. Горкий мен оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен, 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.
Мағжан – сыршыл ақын. Ол үшін бақ пен қуаныш - сүйе білу. Құштарлық пен оның оттай жанған сезім бұрқанысы мол жан сөзін жүрек поэзиясына тұңғыш әкелген. Оның «Тілегім», «Мені де, өлім, әлдиле», «Сүйемін», «Сәрсембайдың жыры», «Жазғы түнде» тәрізді өлеңдері - қазақ поэзиясының қазынасы. Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұралары уақыт сынынан сүрінбей өтті. Өзге классиктердің шығармаларымен қатар қазақ мәдениетінің тарихынан сыбағалы орын алды.
Мағжан - көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Халық алдындағы жауапкершілік сезімі, осыдан келіп шығатын тарих төркіні мен оның құбылмалы кезеңіндегі үндеулер Мағжан шығармаларына ғана тән.

1912 жылы Қазанда алғашқы «Шолпан» өлеңдер жинағы шыққан Мағжанның шығармалары 1929 жылы жаламен күйіп, абақтыға түскенге дейін үздіксіз жарияланып тұрды.
Негізінен ақын өлеңдері екі - ақ рет жинақталып, топталып оқырман қолына тиді. Бірінші рет 1922 жылы Бернияз Күлеев Қазанда бастырып, екінші рет осы кітап толықтырылып Сұлтанбек Қожановтың алған сөзімен 1923 жылы Ташкентте шықты. «Педагогика», «Сауатты бол», кітаптары, аудармалары басылды. Қысқасы, М. Жұмабаевтың қаламгерлік сапары бас - аяғы жиырма жылға жетпей, тым ерте үзілді, он жылдай өмірі абақтыда, лагерьде, қуғын - сүргінде, азап - қорлықта өтіп, ақыры 1938 жылы ажал оғы құлатты.

3 топ

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда белгілі, текті, ауқатты отбасында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығар - маларын жарыққа шығарады.
1923 - 27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерт - теп оқиды.
1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.
1936 жылы орыс жазушысы М. Горький және Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.


Мағжан Жұмабаев

(1893-1938)

өлеңдері              

поэмасы

 зерттеуі

аудармасы 

«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»

«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»

«Ақбозат»

«Большевик баласы»


Тақтадағы Мағжан Жұмабаев туралы пікірлерді оқимын.

Венн диаграммасы
 ІІІ:Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту.

- Дәптерлеріңе  «Толқын» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер бір сөзбен    жазып   шығыңдар.

-Топтастыру әдісі.Плакатқа маркермен  жазады.

  Толқын қандай болады? Көз  алдарыңа елестетіңдер.Бірлесіп 1-2 сөйлемнен жазып шығыңдар.

  Ортақ жұмыстарын жария етеді.

Толқынды елестету:

суық

шулы

биік

көбікті

 2.Мағынаны тану

А)Кітаппен жұмыс  «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу. Өлең мазмұнымен танысу.

Ә) Сұрақ - жауап

-Өлең сендерге ұнады ма ?

-Ұнаса несімен ұнады ?

- «Мағжан -  дыбыстан сурет жасайды» деген пікірді осы өлең арқылы дәлелдей аласыңдар ма?

-Өлеңде кейіптеу әдісі бар ма?

 

Б) Өлеңнен бір-біріне қарама – қайшы сөздерді табыңдар

Жылағаны – күлгені

Күлгені оның  - өлгені

Сүйеді – өледі

В) Өлеңді құрлысына қарай талдау

«Толқын»

5 шумақты, 6 тармақты, 7,8 буынды, 2 бунақты, аралас ұйқас

 

Тол/қын/нан // тол/қын  туа/ды, //                             а, 7 буынды,

Тол/қын/ды //  тол/қын  қуа/ды, //                             а, 7 буынды

                     Тол/қын/мен  тол/қын  жа/ры/сад.       б, 8 буынды

Кү/ңі/ре/ні/сіп  ке/ңес/пен,                                           в, 8 буынды

Біт/пей/тін бір е/гес/пен                                               в, 7 буынды

                      Жа/ры/сып жар/ға ба/ры/сад.               б, 8 буынды


С) «Толқын» сөзіне фонетикалық талдау жасау

Д) Әдеби  теориялық ұғым .

- Оқушылар сендер бұрын лирика ,қайталау деген ұғымды естіппедіңдер?

Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының бірі.Ол адамның көңіл күйін, сезім дүниесін бейнелеп көрсетеді.                                             

 Лириканың түрлері:

 

Махаббат

Табиғат

Саяси

Көңіл-күй

 

Қайталау.Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды.

 

Қайталаудың түрлері:

 

Жай қайталау

Анафора

Эпифора

Өлең тармақтарында бір сөз әр жолда қайталану

Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану

Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталану


Г) Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау арқылы өлеңнің теориялық мазмұнына көңіл бөлейік.Үлестірмелі парақшалар тарату                

    Өлең құрылысына талдау жаса

 

1.Тақырыбы _____________________________

2.Авторы_________________________________

3.Идеясы ________________________________

4.Кейіпкерлері____________________________

5.Жанр түрі ______________________________

6.Шумақ _________________________________

7.Тармақ _________________________________

8.Буын саны ______________________________

9.Бунақ саны ______________________________

10.Ұйқас түрлері ___________________________

                                               Әдеби-теориялық ұғымдар

1.Пейжаз ___________________________________

2.Кейіптеу __________________________________

3.Лирика ___________________________________

4.Қайталау __________________________________

5.Анафора ___________________________________

11.Эпифора___________________________________

3.Мағынаны бекіту,қорыту

А) Алғашқы  жасаған «Топтастыруға» қайта оралып, толықтыру енгізу.Ортақ шешімдерін жария ету.

 

Ә) «Синквейн» әдісі   5 жолды өлең шығару.

1.Зат есім        _______

2.Сын есім  __________    ____________                 

3.Етістік     __________     ____________    ______________

4. 4 сөзден құралған сөйлем __________   ___________   ___________   ___________

5. Синоним    ______________

 

В) Толқынның көрінісіне  сурет  салу.


Үйге  тапсырма : Маған Жұмабаев «Толқын» өлеңін жаттау.


Бағалау:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М. Ж?мабаев "Тол?ын" ?ле?і

Автор: Бейсенова Анаргуль Слямовна

Дата: 01.04.2016

Номер свидетельства: 313432


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства