Просмотр содержимого документа
«Мы? бір ма?ал,ж?збір ж?мба?»
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:Ата-бабадан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал-мәтелдердіоқушыларға үйретіп ұғындыру;
Ой белсенділігін сөздік қорын молайту; Отбасы дәстүрін сақтауға , ата-аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
1-айналым : Мақал айту.( Сайысқа қатысатын оқушылар шақырылады ) Екі топтың оқушыларын сөздер беріледі сол сөздер арқылы мақал мәтел құрастырады. Әр дұрыс ұпай бес ұпаймен есептеледі.
1-топқа берілетін сөздер.
Ағайын, сұлтан, ас, ынта, хат, тіл, бұлбұл, ауру, туған жер, өнер, еңбек сөздеріне мақал құрастыру
Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса ас көп
Жат жерде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.
Алтын, күміс тас екен,
Арпа, бидай ас екен.
Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Тіл тас жарады.
Тас жармаса,
Бас жарады.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл
Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ
Әркімнің өз жері – жұмақ
Туған жердің ауасы да шипа.
Асыл-тастан,
Өнер- жаста
Еңбек-адамның көркі,
Адам- заманның көркі.
2 – топқа берілетін сөздер:
әдеп, ел, ту, піл, терек, ас, бала, кісі, мал, ат, ақылды, қой
«Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген – көмек.
Адассаң еліңмен адас.
Туған жерге туың тік.
Піл көтермегенді, тіл көтереді.
Рулы ел ұялы терек.
Дайын асқа тік қасық.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде кесте тоқиды.
Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында.
Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта.
Ақылсыз адам айқайлай келеді,
жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай, жай келеді,
жан-жағын байқай келеді.
Аш адам ұрысқақ, ақсақ қой тырысқақ.
Рулы ел ұялы терек.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде кесте тоқиды.
Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында.
Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта.
Ақылсыз адам айқайлай келеді,
жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай, жай келеді,
жан-жағын байқай келеді.
2-айналым.
Оқушылар орындары ауыстырылған сөздерден
мақал-мәтелдер құрастырады.
1-топқа берілетін сөздер.
Бас болар адам он бесінде болар.
Болар адам он бесінде бас болар.
Қына бітеді басқа,білім тасқа бітеді
Білім басқа бітеді,қына тасқа бітеді
Өзегі талмас өнерлінің.
Өнерлінің өзегі талмас
2 – топқа берілетін сөздер:
Ереді жаманға шөп,сөз жақсыға ереді.
Жақсыға сөз ереді, жаманға шөп ереді
Тапса қалауын жанар қар
Қалауын тапса,қар жанар.
Кішік болсаң,бол ұлық.
Ұлық болсаң,кішік бол.
Пышақ өтпес кесер қол
Өтпес пышақ қол кесер.
3-айналым.Жұмбақ жарыс
1)Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған. (Көз)
2)Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя.
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан. (Бидайдың басы)
3)Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. (Көз, құлақ, тіс)
4)Жаурағанда күлдірер,
Өз еркіне жіберсең.
Дүниені бүлдірер. (От)
5)Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар. ( Пияз)
6)Асқар тауда қалың орман,
Оны кейде шөптей орған. ( Шаш)
7)Сақалы жоқ, шашы бар, бет- аузы жоқ басы бар,
Бетін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған.
(Сыпырғыш)
8)Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың.
( Мектеп)
9) Маған да, саған да
Жақын туыс –бес адам.
Үш әріптен тұратын ,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұртың,
Айтады кәне кім атын? (Ата, ана, апа, аға, іні )
10)Қалпақты шымырды,
Төбесінен ұрады.
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады. (Балға)
11)Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
12)Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмді ,
Кім бар далада жеп көрген ? (Құрт)
4-айналым.Берілген суреттерді байланысты
мақал- мәтелдер айтамыз
1-топқа берілген сурет.Гул,су,жаңбыр,бұлт,аспан,ұстаз,нан,ас
Ұстаздан шәкірт озар.
Оқу түбі тоқу.
Су басынан бұзылар.
Арпа, бидай ас екен,
Алтын,күміс тас екен.
2- топқа берілген сурет.Үй,сиыр,жануар,ана,қыз,әже,батыр
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Қарт кісіні қадірле,
Өзіңде қарт боларсың.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті- бал,
Баланың тілі- бал.
Ұлдың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да,
Қарызынан құтыла алмайсың.
Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.
Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең.
Анасын танымаған, Алласын танымас
Түйе ұрлаған да ұры
Түйме ұрлаған да ұры.
Қарға мақтанып сұңқар болмас,
Есек мақтанып тұлпар болмас
Ат аяғын тай басар
«Шарын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі