kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?» сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?» сайысы

5-6 – сынып

         Ма?саты: ма?ал – м?тел, ж?мба?тар айту ар?ылы о?ушыларды к?ркем, ?тымды с?йлеуге, ?иыннан ?иыстыра білуге ?йрету.
Т?рбиелік м?ні: адамгершілікке, адалды??а т?рбиелеу. Ата – бабаларымызды? ?сиетін ?адыр т?ту?а, ма?ал - м?тел, ж?мба?, шешендік ?нер ар?ылы ?з еліні? тарихи шежіресін білуге, ?дет – ??рып, салт - д?ст?рлі сыйлау?а баулу.

І-ж?ргізуші: ?айырлы к?н ??рметті ?она?тар, сайыс?а ?атысушы ты?даушылар! 

ІІ-ж?ргізуші:  Ма?ал-м?тел – ата-бабамыздан ?ал?ан ?шпес м?ра. К?лемі жа?ынан ша?ын бол?анымен, уа?ыт ?ткен сайын ма?ынасы тере?деп, ??ны артып, ?ымбат ?азына?а айналып келеді. Ма?ал-м?телді? т?рбиелік м?ні зор, рухани байлы?.
                   І-ж?ргізуші: :  «С?зді? к?ркі – ма?ал» деген аталы с?з бар. Ма?алды? к?мегімен айтайын дегені?ді ?намды да ?тымды жеткізуге болады. Ма?ал-м?телді к?п біліп, к?п ?олданатын адамдарды? білімі де, а?ылы да арта т?седі.

Олай болса «Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?» сайысымызды бастайы?.Жалпы б?л сайысымыз бес  кезе?нен т?рады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?» сайысы»

21.02.2015 жыл

Сағат: 1000

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы

5-6 – сынып

Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу.

І-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы тыңдаушылар! 

ІІ-жүргізуші:  Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.
І-жүргізуші: :  «Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелді көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі.

Олай болса «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысымызды бастайық.Жалпы бұл сайысымыз бес кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Үй тапсырмасы»

(топтың атын, ұранын дайындап келу)

2-кезең: «Жалғасын тап»

(берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу)

3-кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

(берілген жұмбақтың шешімін табу)

4-кезең: «Бас қатырмақ»

(орындары ауысқан мақал-мәтелдерді құрастырып айту)

5-кезең: «Бізден сізге»

(1-ші топ 2-ші топқа жұмбақ қояды, 2-ші сол жұмбақтың жауабына байланысты мақал-мәтел айту керек)

ІІ-жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

  1. Қосымша білім беру педагогы – Абенова Н

  2. Тәлімгер – Елгондиева А

  3. География пәнінің мұғалімі – Тыныштықова М

І-жүргізуші: 1-кезең «Үй тапсырмасы» оқушыларға үй тапсырмасы ретінде оз топтарына ат қойып, сол топқа ұран дайындап келуі тиіс болатын. Олай болса сайысымызды бастайық.

ІІ-жүргізуші: Енді сайысымыздың 1-кезеңі «Жалғасын тап». Бұл кезеңде қатысушыларымыз берілген мақал-мәтелдерді жалғастырады.

І-жүргізуші: «Жалын» тобының тапсырмасы:
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)

ІІ-жүргізуші:  «Шешен» тобының тапсырмасы
1. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
2. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
3. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
4. Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)

5. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)

І-жүргізуші: «Білгіштер» тобының тапсырмасы.
1.Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
2. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
3. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
4. Әдептілік белгісі... (иіліп сәлем бергені)
5. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)

ІІ-жүргізуші:  «Болашақ» топтың тапсырмасы
1. Жері байдың... (елі бай)
2. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
3. Ердің атын... (еңбек шығарады)

4. Баланың ұяты – әкеге... (қыздың ұяты – шешеге.)
5. Атаңа не қылсаң,... (алдыңа сол келер.)

І-жүргізуші: «Денсаулық» тобының тапсырмасы.
1. Туған жердей жер болмас... (туған елдей ел болмас.)
2. Батыр туса – ел ырысы,... (жаңбыр жауса – жер ырысы.)
3. Екі жақсы қас болмас,... (екі жаман дос болмас.)
4. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,... (алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)
5. Әдепті елдің баласы,... (алыстан сәлем береді.)

ІІ-жүргізуші:  «Достық» тобының тапсырмасы
1. Ұяда не көрсең... (ұшқанда соны ілерсің.)
2. Сөз жүйесін тапса... (мал иесін табар.)
3. Жақыныңды жаттай сыйла,... (жат жанынан түңілсін.)

4.Ағайын тату болса ас көп .....(Абысын тату болса, ас көп)

5.Ағасы бардың жағасы бар ....(Інісі бардың тынысы бар)

І-жүргізуші: «Жүйріктер» тобының тапсырмасы.

  1. Адам аласы ішінде ...(мал аласы сыртында).

  2. Аурудың жақсысы жоқ.....(дәрінің тәттісә жоқ)

  3. Сиыр сипағанды білмейді .....(жаман сыйлағанды білмейді).

  4. Бірлік болмай .....(Тірлік болмас)

  5. Жалғыздың үні шықпас .... (Жаяудың шаңы шықпас)

ІІ-жүргізуші: Енді келесі бөлімімізге көшсек «Мықты болсаң,тауып көр». Бұл бөліміде қатысушылар берілген жұмбақтардың жауабын табуы тиіс. Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі,

Олай болса «Жалын» тобының тапсырмасы.

  1. Ұзын мұртты сарылар,
    Қойнында толған наны бар (бидай)

  2. Ақ сандығым ашылды,
    Ішінен жібек шашылды. (күн)

  3. Аласа ғана бойы бар,
    Тоғыз қабат тоны бар. (Пияз)

І-жүргізуші:  «Шешен» тобының тапсырмасы
1. Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді. (хат)
2. Бірде орақпын,
Бірде доппын,
Бірде бармын, бірде жоқпын. (ай)
3. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)

ІІ-жүргізуші: «Білгіштер» тобының тапсырмасы.
1. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (Кітап)
2. Тікен - тікен тік пісте,
Қысы - жазы бір түсте. (шырша)
3. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)

І-жүргізуші: Енді «Денсаулық» тобының тапсырмасы
1. Түсі қызыл, құйрығы ұзын,
Өзі қу, жүрген жері у - шу. (түлкі)
2. Тақылдатып таңдайды,
Уақыттан бір қалмайды. (сағат)

  1. Тиіскенді түйреген,
    Киімі бар инеден. (кірпі)
    ІІ-жүргізуші: «Достық» тобының тарсырмасы.

  1. Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді.(Қар)

  1. Өзімнен өзгенің бәрін көремін (Көз)

  2. Тұрғанмен жырақ өзі

Таусылмайтын шырақ көзі. (Күн)

І-жүргізуші: «Жүйріктер» тобынтың тапсырмасы.

  1. Әдемі түнде,

Мен жүрсем жүреді бірге. (Ай)

  1. Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың. (Күз)

  1. Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таңатпай. (Әтеш)

ІІ-жүргізуші:  4-кезеңіміз «Бас қатырмақ» деп аталады.Бұл кезеңде қатысушыларымыз берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыруы тиіс.

Әр топқа 2 мақал-мәтелден беріледі.
Бұрысы:
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге. (Тілге құрмет-елге құрмет.)
2. Жерде, тіл ,жоқ ұлт, жоқ. (Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ.)
3. Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас жарады. (Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады.)
4.Тілін біл,жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл. (Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.)
5.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе (Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.)
6. Мектеп, білім- теңіз кеме . (Білім- теңіз, мектеп- кеме)
7.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді. (Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады)
8.Ыстық ,отан , оттан да. (Отан - оттан да ыстық.)
9.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды. (Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.)

10. Бір, тал ек, он, тал кес. (Бір тал кессең, он тал ек)

11. Үрлеп ішер, аузы, күйген. (Аузы күйген үрлеп ішер)

12. Жетпес,бұйырған, кетпес, жүгірген. (Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес)

13. Қойшы, қой, арам өлер, көп болса. (Қойшы көп болса, қой арам өлер)

14. Ағын су, оңын табады, жолын табады, ақ адам. (Ағын су жолын табады, Ақ адам оңын табады.)

15. Отты, іздеген табады,шындықты, үрлеген, жағады. (Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады.)

16. Бұлт,дауылды шақырады,жел, жауынды шақырады. (Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.)

І-жүргізуші: Біздің соңғы кезеңіміз «Бізден сізге» деп аталады. Бұл кезеңімізде қатысушыларымыз үйден дайындап келген мақалдарын бір-біріне сұрақ түрінде қоятын болады.Мысалға айтатын болсақ бірінші топ екінші топқа жұмбақ айтса,екінші топ сол жұмбақтың жауабын тауып сол жауапқа байланысты мақал-мәтел айтуы тиіс.
1. Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)


Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.

2. Бір беткейде екі көл. (көз)

Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.

3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

5. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

6. Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)

  1. Аталы баланың сөзі ойнайды,

Атасыз баланың көзі ойнайды.

  1. Ақылы жоқтың-арманы жоқ

  2. Адам ақылымен бай,

Жер дақылымен бай

  1. Ақылды көндім десе

Ақымақ жеңдім дейді.

  1. Айырылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа.

  2. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

ІІ-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.Ендігі сөз кезегін әділ-қазы алқаларына береміз.

Қосымша білім беру педагогы – Н.Абенова

Бас жүлде – 5 «Б» - сынып «Білгіштер» тобы

І орын – 6 «А» - сынып «Денсаулық» тобы

ІІ орын – 5 «Ә» - сынып «Шешен» тобы

ІІІ орын – 5 «В» - сынып «Болашақ» тобы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?» сайысы

Автор: Елгондиева Айгерим Алдабергеновна

Дата: 12.01.2016

Номер свидетельства: 275546


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства