Высылаю разработку одного урока хотела бы поделиться своей методикой На своих уроках применяю новую методику Применяю на уроках игровые методы обучения
3. Т?рбиелік: О?ушыларды ?з Отанын, ту?ан хал?ыны? тілі мен д?ст?рін ?астерлейтін саналы да парасатты азамат етіп т?рбиелеу. Оларды бірлікке, адалды??а баулу. Жас ?рпа?ты бейбітшілікті са?тау мен ны?айту?а, ?з Отанын ?ор?ау?а жас ?рпа?тар ?сиетіне адал болу?а, Бауыржан Момыш?лыны? ?сиет с?здері мен батасын біліп ?суге т?рбиелеу.
1. Білімділік: Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлының өмірімен, шығармашылығымен танысу арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу.
2. Дамытушылық: Етістіктен өткенді қайталау,шақтары мен рай түрлерін ажырата білу, мәтінмен жұмыс кезінде оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру; шығармашылық белсенділігін арттыру;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, туған халқының тілі мен дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оларды бірлікке, адалдыққа баулу. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын қорғауға жас ұрпақтар өсиетіне адал болуға, Бауыржан Момышұлының өсиет сөздері мен батасын біліп өсуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Көрнекілік: Бауыржан Момышұлының портреті, әр жылдардағы суреттері, таңдамалы шығармаларынан жасалған көрме, бүркіттің суреті,түсіндірме сөздік, тірек схема.
Керекті сөздер: Батыр, ұлы адам, өткір көзді , жауынгер, өз елі үшін аянбайды , адамға қиянат жасамайды, тәуелсіз, ұясын таудың ұшар басына салады, әділдікті қолдайды , өжет ,өлексе жемейді
ІІ.Мағынаны ажырату. Мен де адаммын жаралған сүйек-еттен, Менде ар бар,ұят бар жан тебіренткен.Қазақтың қарапайым бір ұлымын,Арымды жаным үшін құрбан еткен. (Бауыржан Момышұлы.)
1.Өткен сабақты қайталау. Киіз үй макеті
Етістік
Дара-күрделі Негізгі- туынды Есімше-көсемше
Сабақты-салт Болымды-болымсыз Тұйық етістік
2.Мәтінмен жұмыс жасап,асты сызылған етістіктерді талдау
Бір жолы әкеме: «Неге осы Сіз үйге келген адамдарды қуып шыға бересіз?»,- деп сұрақ қойдым. Сонда ол: «Мен адамдарды жек көрмеймін, оның қылығын жек көремін»,- деді. Әкем адамды бір қылығы үшін мақтайды, ал бір сөзі үшін быт-шытын шығаруы мүмкін. Көрдіңіз бе, әкемді түсінудің, табиғатын ұғынудың қиындығы осында жатыр. Ол кісі адамға кәдімгі пенде ретінде қарайтын-ды. Әлгі: «Шегіне жеткізіп мақтама, шегіне жеткізіп жамандама»,- дегені сондықтан.
Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырды. Қалың қарағайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады.
Әкем: «Балам сені демалысқа үлкен қалаларға жіберуге шамам келетін. Бірақ, мен сені ата-бабаңның кіндік қаны тамған жердің қасиетін білсін, Жуалының желіне кеудесін тосып, содан күш-қуат алсын, Ақсудың суын ішіп, бойына нәр алсын, ана тіліңнің әуені құлағыңа сіңсін, тамырың үзілмесін, кейінгі күні алыстап, жат, өгей болып қалмасын деген ниетте жібердім», – деп неліктен мені демалыста ауылға жіберетіндігін түсіндіріп берді. Бұл жерде де әкемнің ұлылығы көрініп тұр.
Бауыржан ағамыз қанды қырғын ішінде жүріп, ерлікті, ата дәстүрін ойлай жүріп, майдан шындығынан туған атақты қырық мақал – мәтелінен:
● Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
● Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер…
● Қарабет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық. ● Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет. Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет.
● Тізе бүгіп тірі жүргеннен, Тік тұрып өлген артық.
.
Батыр ағамыз жайлы шығармалар:
1.Ахметова З .«Шуақты күндер»
2.Бек А . «Арпалыс» повесі,
3.Мақатаев М .«Мұзбалақ» поэмасы,
4.Молдабаев Т . «Бауыржан-баһадүр» дастаны,
5.Момышұлы Бақытжан «Қасымда сен барда», «Әкеге құрмет», «Ұлы қасқыр ұлдары» және т.б.
ІІІ.Сабақты қорытындылау.
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының батасы
Иә, құдай! Тілегімді қабыл ет, Дозақтың отынан сақта, Қаңғыған оттан сақта, Парақор соттан сақта. Ұжымшар жеген бостандықтан сақта Нанды басқан кесірден сақта Мезгілсіз келген өлімнен сақта Ұятсыз қызыңнан сақта Қайырымсыз жегжаттан сақта Түнере атқан таңнан сақта Жаңбырсыз шаңнан сақта Еңбегіміз оң істі болсын, Қамбамыз астыққа толсын. Мыңғырған мал өріске толсын. Ағаш берсең, жемісті ғып бер, Тұлпар берсең, шабысты ғып бер. Жомарт болсаң, осы айтқандарымның бәрін үйіп- төгіп бір- ақ бер!
Отан сүйер ұлан бол!
Батырдың өсу жолы
Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы,
«Халық қаһарманы», ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бейбіт өмірде жазушы болып, екінші ерлік жасаған Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.
1928 жылы көшпелі мектеп ашып, мұғалім болды.
1932 жылы армияға шақырылды.
1936 жылы Ленинград финанс академиясын бітірді.
1941 жылы 316-атқыштар дивизиясының құрамына қабылданды.
1941-1945 ж.ж. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияны басқарды.
1952 жылы Жоғары әскери академиясын бітіреді.
1950-1956 ж.ж. Жоғары әскери академиясында сабақ береді
Демалысқа шыққан соң,жазушы болды.
Шығармалары: «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы, «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» т.б.
Бауыржанның ұрыс жүргізудегі шеберлігі, жеке басының ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде аңызға айналады. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ел басына күн туса» көркем фильмі--батыр рухына қойылған ескерткіш.
Батыр атамыздың нақыл сөздері тақтаға ілінеді.
Ұрыста бәрі тексеріледі, адамның барлық жеке қасиеттері сынға түседі.
Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.
Сын сағатта, ауыр күндерде бауырмалдық пен ынтымақтастық нығаяды, қатая түседі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының
№ 3 Явленка орта мектебі» КММ
Тақырыбы : «Мұзбалақ»
Өткізген : қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі