Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а М?хтар ?уезовті? ?мірі мен шы?армашылы?ы жайында т?сінік беру.?мір жолы мен шы?армашылы? жолын зерделеу. Жа?а та?ырып?а о?ушыларды? білетін білімі ар?ылы кіру. О?ушыларды? ?здерін-?здері о?ыту ар?ылы білім беруге ы?пал жасау, сыни т?р?ыдан ойлауын дамыту ар?ылы ?р баланы ?амту?а жа?дай жасау.
К?тілетін н?тижелер: О?ушылар ?лы жазушы М.?уезов туралы біледі. О?ушы белсенді іс-?рекет жасау?а ?йренеді. Бірін-бірі ж?не ?зін-?зі ба?алап,?ателерін т?зей алады.Топта ынтыма?таса ж?мыс жасай алады. Ж?пты?, топты? ж?мыстар барысында м?тіндегі негізгі ойды ??ынады.
Просмотр содержимого документа
«М?хтар ?уезов -?лы жазушы »
Пәні Қазақ әдебиеті. Сынып: 9- сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов- ұлы жазушы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру.Өмір жолы мен шығармашылық жолын зерделеу. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар ұлы жазушы М.Әуезов туралы біледі. Оқушы белсенді іс-әрекет жасауға үйренеді. Бірін-бірі және өзін-өзі бағалап,қателерін түзей алады.Топта ынтымақтаса жұмыс жасай алады. Жұптық, топтық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынады.
Стратегиялар: «Блум түймедағы» ,«Пирамида» әдісі, «Өрмекші» әдісі, «Ментальды карта» әдісі
Модульдер:«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық».
Ресурстар: Бағалау парағы, Интернет материалдары, Әуезов дауысының үнтаспасы , Интерактивті тақта, А4 форматтары, смайликтер,маркер
Бағалау: Смайликтермен бағалау, Жұлдызшалармен бағалау, Оқушылар бағалау парағы арқылы бірін- бірі, өзін- өзі өзі бағалайды.Мұғалімнің жиынтық бағалауы (суммативті бағалау)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Тренинг. Білім шеңбері. «Гүл сыйлаймын». «Блум түймедағы» арқылы сұрақтар беріледі. Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар сұрақтарға жауап береді.. Түстер арқылы топқа бөлінеді бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: «Блум түймедағы» арқылы сұрақтар беріледі.
1. «Күйші» поэмасының негізгі тақырыбы не?
2. Күйшінің өнеріне, келбетіне ғашық ханшаның сезімі қалай суреттеген?
3. Күйшінің мүшкіл халін поэманың қай тұсынан аңғардыңдар?
4. Күйшінің қызға деген көңілінің өзгеру себебі не?
5.Қыздың сезімталдығы қандай әрекетінен байқалды?
6. Қыз күйшіге неліктен бостандық берді?
І.Қызығушылықты ояту
Интерактивті тақтадан М. Әуезовтың даусын тыңдату.
1.Ол -қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор.
2.Нұрсұлтан Назарбаев ол туралы: «.... – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен,–деді.
Оқушының іс-әрекеті:
Оқушылар «ой қозғау» арқылы ойланады.
Оқушылар жаңа тақырып туралы болжам жасайды.
Әркім өз ойларын айтады.
Сұрақтарға жауап бергенде көшбасшы анықталады.
Өз жауаптары дұрыстығын салыстырады,көз жеткізеді.
ІІ.Мағынаны ашу.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Сабақ тақырыбы «Болжау» стратегиясы арқылы басталады.
1.Бүгінгі сабақта тақырып кім туралы болады?
2.Қандай тақырып маңайында өрбиді?
3.Сіздердің өз болжауларыңыз тура келді ме,жоқ па?
Жазушының шығармашылығы туралы мағлұматты меңгеру.
Белсенді әрекет жасау
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Сыныпты үш топқа отырғызып, үш топқа үш тапсырма беремін. Әр топқа тапсырмаларды үлестіру.
Оқушының іс-әрекеті:
Оқулықпен жұмыс:
а) өзім оқимын, мәселе қоямын, ойланамын. кім туралы? не туралы?
ә) жұп арқылы жұмыс: диалог құру . Оқушы өз оқығанымен көршісімен пікір алмасады.
б) топ арқылы жұмыс:
Әр топ тақырыпқа байланысты өздері білетін ақпараттарды ортаға салады.
Қарайды, талдайды, сұрақтар қояды.
Жауап беру арқылы диалогқа түседі.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
І топ. «Өмір өткелдері»
«Пирамида» стратегиясы
1.Сіздің басты кейіпкер
2.Кейіпкерді сипаттайтын екі сөз.
3.Үш сөз әрекет орны сипаттау.
4.Проблема тарихын сипаттау
5.Бір оқиға сипатын жазу
6.Екі оқиға сипатын көрсету
7.Үш оқиға сипатын көрсету
8. Проблеманың шешімін жазу
Оқушының іс-әрекеті:
І топ . «Пирамида» стратегиясы бойынша топпен жұмыс жасайды.
* жазушының өмірі,өскен ортасы
* білім алған ортасы,
*қазақ әдебиетіндегі орны
Мұғалімнің іс-әрекеті:
ІІ топ. «Әуезов және қазақ әдебиеті»
Оқушының іс-әрекеті:
«Өрмекші» стратегиясы
ІІ топ. «Өрмекші» . стратегиясы бойынша топпен жұмыс жасайды.
* жазушының шығармашылығы
* проза, драматургия, аударма саласындағы еңбектері
* шығармашылығын сызбамен көрсетеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
ІІІ топ. «Мұхтар және Абай» .
«Ментальды карта» стратегиясы
Оқушының іс-әрекеті:
ІІІ топ. «Ментальды карта» . стратегиясы бойынша топпен жұмыс жасайды.
* тақырыптың мән-мағынасын символды суреттер,сөздер арқылы ашу
* жазушының ұлы Абай шығармашылығымен сабақтастығы
Топтар берілген тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлай келе талқылап, дайындаған шағын жоба жұмыстарын постер парағына түсіріп, тақтаның алдына шығып қорғайды.
Рефлексия. «515» стратегиясы
5 минут ішінде әр топтан оқушылар осы сабақ үрдісінде меңгерген 15 жаңа ойды айту қажет.
Бағалау:
Сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, тиісті бағаларын қою. Қателесіп, не болмаса тапсырмаларды орындауда қиналған оқушыларды да ынталандыру.
Үйге тапсырма: Мұхтар Әуезов- ұлы жазушы. Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы бойынша түрлі тапсырмаларды өздері таңдайды. ( мәнжазба, эссе, өлең,презентация, т.б)