Уақыт | Мұғалімдердің қызметі, мен не істеймін | Оқушылардың жұмысы, оқушылар не істейді | Ресурстар |
5 мин | Сабаққа психологиялық дайындық. «Орманға саяхат» Оқушыраға орманға баратын жолды ұсынамын. (Ақырын өлең жүріп тұрады) Мектептен жүгіріп далаға шықтым. Далаға шықсам, күннің нұры шуағын шашып, бойымды жылытып жіберді. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды .Ақырын ғана ыстық леп бетімнен толқын іспетті сырғып өтті. Далаға тамсана қарап орманға қарай бет алдым. Орманға жеткенше әр басқан қадамымды санап бардым. 1,2,3,4.... Міне, орманға да жеттім... Шіркін.... Қандай тамаша, қандай ғажайып иіс! Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Орманда өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Айнала жап-жасыл, құстардың сыңғырлаған даусы, жапырақтың сыбдырлағанына дейін құлағыма келеді. Артыма қарасам үлкеееен ағаш тұр екен... | Оқушылар орындарында отырады да, көздерін жұмады да, ойланады. | АКТ |
2 мин | Топқа бөлу: Оқушыларға аққу, табиғат, ана тақырыбындағы суреттер таратылады, тақырыпқа негізделген суреттер бойынша оқушылар өз таңдауларына байланысты үш топқа бөлінеді. | Оқушылар аққу, табиғат, ана тақырыбындағы суреттерді ала отырып үш топқа бөлініп отырады. | Аққудың, ананың, табиғаттың суреті |
3 мин | Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақта өткен Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты берген тапсырмаларды тексеру. 1. М.Мақатаевтың өмірбаянына байланысты презентацияларын ортада қорғайды. 2. М.Мақатаевтың өлеңін мәнерлеп оқиды. 3. М.Мақатаевтың әнімен айтылатын өлеңдерінің тізімін жасап келеді. | Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. | |
2 мин | Сабақтың мақсатын ашу: Оқушылармен бірлесе сабақтың мақсатын жоспарлау. | Мұғаліммен бірлесе сабақтың мақсатын жоспарлайды. Әр оқушы өз ойын айтады. | |
3 мин | Мағынаны ашу. - Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар: бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды. Мұқағали: Қазақтың қара өлеңі - құдіреттім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай жыры «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой толғаймыз. Поэмада оқушылардың түсінуіне қиындық тудыратын сөздермен жұмыс Қасиет- айрықша ерешелік, жақсы белгі Қасірет –басқа түскен уайым-қайғы Сызат- болар-болмас сызықтың ізі, жарықшақ Тегеш- ас-су құюға арналған шұңғыл үлкен ыдыс. Қаныпезер- жауыз, қаныішер Желік- бір нәрсеге елігіп,құмарлану Кәззап – жексұрын, алаяқ, оңбаған Аракідік- анда-санда Жалбыз – сулы жерде, бұлақ басында өсетін хош иісті, көпжылдық дәрілік өсімдік. | Оқушылар поэмадағы түсініксіз сөдердің мағынасын түсініп, ұғып алады. | қосымша ақпарат |
12 мин | Топтарға тапсырмалар беру. ОРТАҚ тапсырма «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу. Тақырыбы: .............................................. Идеясы:....................................................... I топ. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының композициялық құрылысын жасатамын. II топ. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді. Кейіпкерлер | Іс – әрекеті, адами қасиеттері | Ана | Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты. | Әке | Адал жан, халық дәстүрін берік ұстанады. | Тәуіп шал | Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы. | Бақташы қарт | Ақылы мол, көргені көп. | III топ. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұны бойынша коллаж жасап, мазмұнын айтқызамын. | Әрбір топ берілген тапсырманы топта талқылай отырып орындайды. Ең алдымен әр топ берілген ортақ тапсырмаларды орындайды. Содан соң 1-топ. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының композициялық құрылысын жасайды. 2-топ. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді. 3-топ. Поэманың мазмұны бойынша коллаж жасап, мазмұнын айтады. | қазақ әдебиеті оқулығы, постер, түрлі түсті маркер, коллаж жасау үшін керекті суреттер |
10 мин | Жұмысты қорғау. Әр топқа жасаған жұмыстарын қорғауды ұсынамын. Топта талқылап болған соң, мадақтау сөздермен ынталандырамын. | «Шапалақ» әдісімен әр топ бір-бірін бағалайды. | |
7 мин | Шығармашылық тапсырма. Анаға хат. (Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі ойнап тұрады.) Әр топ анаға арнап хат жазады. | Оқушылар өз ойларын жазып, ортаға салады. | |
1 мин | Сабақтан не түсінгендерін анықтау. Оқушылардан рефлексия аламын Топ басшысы, өзі және мен бағалаймын. № | Оқушының аты-жөні | Өзін-өзі бағалау | Топ басшысының бағасы | Мұғалімнің бағалауы | Қорытынды баға | 1 | | | | | | 2 | | | | | | 3 | | | | | | 4 | | | | | | 5 | | | | | | | Рефлексия Бағалау парақшасын толтырады. | Кеспе қағаздар, рефлексия парағы |
| Үйге тапсырма: Поэмадан үзінді жаттау. (Ұнаған жерінен) | Күнделіктеріне жазып алады | |
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының композициялық құрылысын жасау.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұны бойынша коллаж жасап, мазмұнын айту.