kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің атым-Қожа Б.Соқпақбаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ әдебиетінен сабақ беретін мектеп мұғалімдеріне арналған ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің атым-Қожа Б.Соқпақбаев»

Әдебиет 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» (ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру.
Повест бойынша оқушылардың, ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушыны жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жинақтау - бекіту - талдау
Түрі: Дәстүрлі емес
Көрнекілігі: «Менің атым - Қожа» фильмінен үзінді, слайд.
Әдісі: «Миға шабуыл», «Топтастыру», СТО, жұптық, топтық жұмыстар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа
назарын аудару.Топқа бөлу.
Сабақтың жоспары:
1. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. (Үй тапсырмасы )
2.«Білген сайын келеді біле бергім…» (Жаңа сабақ)
а) «Түбінде адам болатын бала» (Қожа бейнесі)
б) «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас»
(Шығармашылық жұмыс)
Не үйрендім, не білдім. (Сабақты бекіту)
Бақытты балалық шақ. (Сабақты қорыту)
(Кинодан кішкене үзінді беріледі?)
Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесі
Ең бірінші «Ат тергеу, немесе балаға ат қою дәстүрі» туралы не білеміз?

Қожаға өзінің аты ұнайма?

Есімдер, мақсаты

Арман

Айсұлу

Дәулет

Арманшыл, жігерлі болсын деп




Айдай сұлу, көрікті болсын деп




Дәулетті, бай болсын деп





- Балалар, үйге берілген тапсырманы миға шабуыл әдісі арқылы сұраймын.
ІІІ топқа 3 сұрақтан қоямын.

  1. “ Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:...”

  2. -Біз екеуміз таныс шығармыз деймін.

  3. -Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр

  4. “Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!”

  5. - Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар?

  6. “Басқа пәле тілден”

  7. - Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырласып-сыпсыңдағыш.

  8. -Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.

  9. Мұғалімдердің ішінде бұл өзі- алтын адам.

Жаңа сабақ «Білген сайын келеді біле бергім…»
Қазақ прозасына қайталанбас соны леп, өзгеше өрнек, ғажайып сыр - сипат әкелген көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі - Б. Соқпақбаев.
Б. Соқпақбаев - нәзік психолог, бала жанын терең зерттеген қаламгер. Шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған құнды дүниелер. Сондай шығармаларының бірі -«Менің атым - Қожа» хикаятымен таныспыз. Бүгін шығармадағы кейіпкерлерге талдау жасаймыз.

Повесттегі кейіпкерлерге талдау жүргізу.
Кесте толтыру.

Енді «Қожа қандай бала?» деген сұраққа жауап іздейміз. Менің байқауымша, сіздердің пікірлеріңіз әр түрлі. Соған байланысты сынып үш топқа бөлінген.
1топ «Қожа - жақсы бала» 2топ қарары: «Қожа - тентек бала» 3топ «Қожа»
«Қожа - жақсы бала»
Қожа - алғыр бала- ақылды бала- әділетті бала- мейірімді бала

«Қожа - тентек бала»- өтірікші бала– шыдамсыз бала- бұзық бал- тиянақсыз бала

«Қожа» жақсы және жаман қасиеттері

І топқа Мінездеме

Қожа қандай бала?

Жантас қандай бала?









ІІ топқа «Топтастыру»

Қожаның сотқар болуына себеп болған оқиғалар?

Қожаның әдепті болуына себеп болған оқиғалар?









ІІІ топқа «Менің пікірім»

«Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?

«Қысқы кешті»жаттамаған Жантас қандай қулыққа барды?







Бес жолды өлең

Кім? ( зат есім) 1сөз
Қандай? (сын есім) 2сөз
Қайтті? (етістік) 3сөз

Сөйлем (кім туралы) 4сөз
Синоним сөз.

І топқа : «Табу сөздер» дегеніміз не?
Шығармада барма?

ІІ топқа: Эвфемизм, дисфемизм сөздер шығармада барма?

ІІІ топқа: Тұрақты тіркесті Қожа қай жерде атап көрсетті?

Сабақты бекіту: Тест жұмысы

  1. Менің атым Қожа” повесінің алғашқы аты?

А) “Қожаберген” В) “Өзім туралы повесть”

С) “Менің де атым Қожа” Д) “Балалық шаққа саяхат”

2. Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В) Қожаберген

С) Қожатай Д) Қожаберді

Сабақты бағалау: Джиксо әдісі:

Маған қатты әсер еткен оқиға

Менің алған әсерім

Нені еске түсіреді











Үйге тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбына ой толғау жазу.
Оқушыларды бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің атым-Қожа Б.Соқпақбаев

Автор: Ерғалиева Данагүл Талапқызы

Дата: 06.03.2017

Номер свидетельства: 398093


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства