kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маш??р Ж?сіп К?пеев « Тірлікте к?п жаса?аннан к?рген тамашамыз» жина?ына енген «Со?ыр, са?ырау ж?не жала?аш» ?ле?і

Нажмите, чтобы узнать подробности

М.Ж.К?пеев шы?армашылы?ын ме?герту, ?ле?ге сатылай кешенді талдау жасау,адам бойында?ы жаман ?асиеттерден жирендіріп,адамгершілікке, елін, жерін с?юге, ?нер-білімге, ?лтты? ?азынамызды ?астерлеуге т?рбиелеу,
 о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ын, шы?армашылы? ?абілетін, ?зіндік ізденісін дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маш??р Ж?сіп К?пеев « Тірлікте к?п жаса?аннан к?рген тамашамыз» жина?ына енген «Со?ыр, са?ырау ж?не жала?аш» ?ле?і»

10.03. 15.

Қазақ әдебиеті

10- сынып


Сабақ тақырыбы:

Машһүр Жүсіп Көпеев « Тірлікте көп жасағаннан көрген тамашамыз» жинағына енген «Соқыр, саңырау және жалаңаш» өлеңі

Жалпы мақсат:

М.Ж.Көпеев шығармашылығын меңгерту, өлеңге сатылай кешенді талдау жасау,адам бойындағы жаман қасиеттерден жирендіріп,адамгершілікке, елін, жерін сүюге, өнер-білімге, ұлттық қазынамызды қастерлеуге тәрбиелеу,
оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, өзіндік ізденісін дамыту.

Сілтеме:

Қалыптан тыс сабақ

Оқу нәтижесі:

Ойы толығады; өзіндік ойын ортақ пікірге қосып айта біледі; әрекетті сыни ойлауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді.оқушылардың дүниетанымы кеңейеді ,ой ұшқырлығы дамиды.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық,

АКТ. М.Ж.Көпеев өміріне арналған видеоролик, слайдтар, үлестірме қағаздар, суреттер, кітаптар көрмесі

Оқыту әдістері:

Жаңа тәсілдер

Топтық жұмыс.

Жылдамдық сұрақтары

АКТ

Талқылау жұмыстары

СТО. «Тұжырым кестесі»

Бағалау

Дерек көздері:

10- сыныптың оқулығы,С.Қирабаев,Ұ.Асыл,К.Құрманбай,С.Дүйсебаев, Б.Әрінова «Мектеп» 2014ж

Сабақ жүрісі:



I.Қызығушылықты ояту.М.Ж.Көпеев өміріне арналған бейнекөрініс көрсету.

«Топтастыру» стратегиясы бойынша «Мәшһүр Жүсіп Көпеев кім ?» деген сұраққа жауап алынады.

1. Сынып оқушыларын 3 топқа 1,2,3 сандары арқылы топқа бөліп отырғызу.

2. Үй тапсырмасын «Жылдамдық сұрақтарымен» сұрау. Сұрау кезінде АКТ арқылы өткен сабақта көрсетілген слайдтар пайдаланылады.

1 сұраққа – 1 минут.

1.М.Ж. Көпеевтің өскен ортасы жайлы қандай мағлұматтар білесіз?
2.«Мәшһүр» атануы жайлы не білесіңіз?
3.М.Ж. Көпеевтің кітаптарын ата және олар қашан, қай баспада жарық көрді ?
4.Ақын сапарларының мақсаты не ?
5.М.Ж. Көпеевтің қазақ тарихындағы ұлы тұлғалармен байланысы жайлы не білесіңіз ?
6.Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыптары қандай ?
7.М.Ж. Көпеевтің Шортанбай ақынмен үндестігі жайлы не айта аласыз ?
8.М.Ж. Көпеевтің ақындық стилінің өзіндік ерекшелігі не ?
9.М.Ж.Көпеевтің қарасөздері жайлы не білесіңіз ?
10.Ақынның ғылым-білімге көзқарасы жайлы не айтасыз ?
11.Кеңестік дәуірде ақын шығармалары неліктен насихатталмады ?
12.Ақынның халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаған кітабын атаңыз.

ІІ. Мағынаны ашу бөлімі.

Оқушыларға тақырыптың соңындағы сұрақтарды аштыру.

Түсінік беру: АКТ арқылы: -5 минут

Мәшһүр Жүсіптің 1907 жылы Қазан қаласында басылған «Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз» кітабына енген «Соқыр, саңырау және жалаңаш» өлеңі тек аталған ақынның емес жалпы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы қазақ поэзиясының ең озық тұспал өлең үлгісінде жазылған өлең.
Тұспал - жанрдың бір түрі, оның негізін бірінші рет салған Мәшһүр Жүсіп. Ал, зерттеген ақын шөбересі, ф.ғ.к., профессор Гүлнәз Жүсіпова. «Қазақ әдебиетінде, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп шығармаларында белгілі бір ойды астарлап жеткізу, шарттылықты пайдалану үлгілері жиі кездеседі. Түркі әдебиетінде діни тақырыптағы әдебиеттің негізін салушы Қожа Ахмет Йассауи / ХIIғ./ десек, ХIХ ғасырда сол бағытты жаңа арнада дамытқан ақын Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы (1858 - 1931) екендігі белгілі» - дейді

Жаңа сабақ. Барлық оқушыларға «Соқыр, саңырау және жалаңаш» өлеңі үлестіріледі. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұнымен таныстырылады.

Сұрақ :

-Өлең не туралы ?

-Адам бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылған?

 Мәтінмен жұмыс. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасалады.

    Соқыр, саңырау және жалаңаш Автор –
2.     Тақырып-
3.      жанр-
4.     идея-
5.     шумақ-
6.     тармақ-
7.     бунақ-
8.     буын-
9.     ұйқас-
10.  әдеби-теориялық ұғымдар-
10.1 теңеу-
10.2 эпитет-
10.3 аллегория-
10.4 аллитерация-
10.5 ассонанс-
11. түсіндірме сөздік-
12. тәрбиелік мәні-

Өлең идеясына байланысты оқушылардың өз пікірлері сұралып, бүгінгі күнмен байланыстырылады.

Міне, өз заманындағы «өз басына» «керек істі» көрмейтін «соқырды», «өз жанының пайдасын» естімейтін «саңырауды», өлгенде, о дүниеге өзімен бірге еш затты, бұйымды, яғни байлықты алып кете алмайтынын ескермей, «жалғанға киім киіп» келгендей тоқмейілсуші «жалаңашты» ақын осындай шартты сюжет, көркем бейнелеу көмегімен әсерлі шеней білген.



ІІІ.Ой толғау бөлімі. «Тұжырым кестесі» бойынша кейіпкерлерді бағалау:

Соқырдың әрекеті

Саңыраудың әрекеті

Жалаңаштың әрекеті

Кейіпкер әрекетіне баға






Бағалау: Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау ,2 жұлдыз, бір ұсыныс.

Кері байланыс. Ілінген «Ұнады. Қиын болды. Тілегім» парағына оқушылар өз ойларын жазады .

Үйге тапсырма:


Машһүр Жүсіп Көпеев « Тірлікте көп жасағаннан көрген тамашамыз» жинағына енген «Соқыр, саңырау және жалаңаш» өлеңін оқу.


Рефлекцивтік есеп:

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Са?та?анова Райса Т?рсынбай?ызы

Дата: 02.12.2015

Номер свидетельства: 261246


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства