Просмотр содержимого документа
«Махамбет ?теміс?лы »
Сынып: 9
Пән: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы
Сабақтың мақсаты: Елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңірек мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелеу
Сабақтың міндеттері:
1.Өскелең ұрпаққа ақынның өмірін дәріптеу арқылы ақын шығармашылығының тарихын аша отырып, оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру
2.Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін, өзіндік ізденісі мен ой қорыту қабілеттерін дамыту. Сыни тұрғыда ойларын, тілдерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жетелеу сұрақтары арқылы белсенділігін, ой еркіндігі мен танымын арттыру
3.Елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ақын бойындағы елжандылық, адамгершілік, ерлік, өрлік қасиеттерін үлгі ету,өз халқының патриоты болуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі:танымдық сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, топтық, ұжымдық жұмыстар, СТо әдісінің «ЖигСо», «5 жол өлең», «Ойтолғау» стратегиялары, Э.Бононың «Ақылдың алты қалпағы» әдісі
Сабақтың негізгі түйіндері: Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Ішкі Бөкей ордасы, Жәңгір хан, Баймағамбет сұлтан, Гекке бастаған қарулы топ, Истай Тайманұлы, дауылпаз ақын
Ресурстар: топтық жұмысқа арналған құралдар, ақылдың алты қалпағы, сабаққа байланысты слайдтар, Махамбет өміріне байланысты деректі фильм
Пәнаралық байланыс: тарих, ән
Сабақтың нәтижесі: Махамбет пен Исатай өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу, оқиғалар ізімен туған өлеңдерге талдау жасай алу
Сабақтың эпиграфы:
Махамбет...Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме,
Жыр да онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын,
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? (Ф.Оңғарсынова)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылар назарын сабаққа сабаққа аудару
2.Сабақтың мақсат міндеттерімен түсіндіру
3.Өткен тақырыптарды пысықтау
«Араның ұясы» техникасы бойынша алма-кезек көршісіне өткен тақырыптарға байланысты сауалдар қояды.
Қызығушылықты ояту.
«Ой шақыру» стратегиясы
-Қазақ халқының елім деп еңіреген қайсар батыры Махамбет Өтемісұлы туралы не білесіңдер?
Оқушылар ойы тыңдалады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
«Махамбет-Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абылайдан кейінгі батырлардың батыры, Махамбет есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі-«қазақ» сөзінің қайталанбас құдіреті, шығармалары тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз, басқа жер бетіндегі елдің өлең-жырында жоқ»,-деп академик жазушы З.Қабдолов Махамбетке баға берген. Өйткені батырдың жеке бастың өмірі болмаған, өмірі өнеріне көшіп кеткен де, қасиетке айналған, жеке тіршілігінде тек қасіретқана қалған. Өзін ойламаған, өзге жайын, ел қамын ғана ойлаған. «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі - елінің ертеңі, азаттығы.
-Ал енді , балалар, Махамбет өмір сүрген тарихи кезеңдерге қысқаша шолу жасайық. Яғни, көтерілістің шығу себебі неден болды?
Мұғалім видеофильм қосады. Видеофильмнен кейін М.Өтемісұлы туралы тақырып мазмұнын ашуда оқушыларға тапсырма беремін. Оқулықпен «ЖигСо» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.226-236 беттерде ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты мәтінді топта оқып талқылап, соңынан өзге топтарға барып оқығандарын түсіндіреді, оқыған мәтін мазмұнымен алмасады. Соңынан барлық жинаған ақпараттарын флипчартқа түсіреді.Тақтаға алма кезек шығып, постер қорғайды.
Мағынаны ашу кезеңі.
Оқушылар жұмысын қорғап болғаннан кейін мұғалім М.Өтемісұлы туралы деректі фильмді қосады. Оқушылар алған білімдерін пысықтайды, қортындылайды.Осыдан кейін Махамбет өміріне қысқаша шолу жасалады. Мұғалім видеофильм қосады.Видеофильмнен кейін оқушылар топтастыру стратегиясы бойынша «Махамбет кім?» деген сұраққа жауап бере отырып, өз ойлары мен пайымдауларын Махамбет суретінің маңайына топтастырады.
Махамбет кім?
Махамбет-”қара қазан, сары бала” қамы үшін күрескен халқының батыры
Махамбет-алдағы жеңістен күдер үзбеген,
жас ұрпаққа сенім артқан оптимист ақын
Махамбет-туған жер үшін
найзалы күреске шақырған
өршіл романтик ақын
Махамбет-туған жерін қызғыштай Махамбет-халқының мұң-зарын тебіреніп толғаған
қорғаған асыл ер жырау-күйші қорғаған асыл ер
Ендеше, осындай ержүрек ақынға, қайсар батырға берген халқының бағасы қандай екен? Махамбет Өтемісұлы туралы жазған ақын-жазушылардың ойларын слайд арқылы көрсету.
Еркіндік және Теңдік! Егемендік және Тәуелсіздік!
Осы төрт тұтқа тұрғысынан келгенде Махамбет өз атынан емес, тұтас ұлттың атынан, өзі өмір сүрген жылдар емес, қазақ халық болып қалыптасқан сан ғасырлар деңгейінен тіл қатады! Н.Ә.Назарбаев.
Академик С.Қасқабасовтың, Қ.Жұмалиевтің, М.Әуезовтің, Х.Досмұхамедовтың пікірлері тыңдалады.
Бекіту кезеңі.
Шығармашылық жұмыс. «5 жол өлең» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.
Зат есім
Сын есім
Етістік
Сөйлем
Синоним
Шығармашылық жұмыс. Берілген тақырыптардың біріне ойтолғау жазу.
1.Махамбет- шыншыл да сыншыл ақын.
2.Махамбет-туған жерін қызғыштай қорыған ақын.
3.Махамбет- ерлік поэзиясын жасаған ақын.
Қортынды бөлім.
1.Оқушылар «Ақылдың алты қалпағын» киіп, М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты өз ойын ортаға салады.
2.Осыдан кейін мұғалім Махамбеттің алдағы жеңістен күдер үзбеген, жас ұрпаққа сенім артқан оптимист ақын екенін айта келе, Махамбет жағып кеткен үміт отын жағады. (Майшам жағады) Әр топтан бір бала өз тілегін айтып, келесі топқа ұсынады. Келген қонақтарға да ұсынуға болады.
3.«Үміт ағашына» екі жұлдыз, бір тілектерін жазып, іледі.
Бағалау. «Көршің қандай?» ойыны арқылы бағалау жүргізеді.