қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы | Абайдың қара сөздері |
Сабақтың танымдық мақсаты | Қазақтың ұлы ақынының қара сөздері туралы мәлімет ала отырып, қара сөздерінің тәрбиелік, танымдық мағынасын ажырату және идеялық мазмұнын түсіну. |
Сілтеме | Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсебаев "Қазақ әдебиеті" 2013 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық; Үшінші деңгейге арналған ресурстар; |
Дереккөздер мен жабдықтар | Абай портреті, шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы, кітаптары, А4, А3 қағазы, интернет материалдары; интербелсенді тақта, стикер, флипчарт, маркер, смайликтер, бағалау бетшесі (дискрипторлар) |
Күтілетін нәтиже | 1. Қарасөздер туралы жалпы мағлұмат алады; 2.Олардың мағыналық түрлеріне талдау жасай алады; 3. Қара сөздерінің танымдық идеясына өзіндік баға беріп, өмірде қолдана алады. |
Кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Тапсырмалар | Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау |
Мотивациялық кезең /10 мин/ | 2 мин | Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарының түгел болуын тексеру, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау. | Сабақ басталарда зейіндерін шоғырландырып, өзіндік реттелу жасау. | | |
3мин | Оқушылардың назарын сабаққа аудару , сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оларды шеңберге шақырып, психологиялық тренинг жүргіземін. | Оқушылар шеңберге тұрып, доп арқылы ауызша валейбол ойнайды. Адам бойындағы адами қасиеттерді айтады. Соңында "Осы қасиеттер біздің бойымызда бар, біздің көңіл-күйіміз керемет" сөздерін хормен айтады. | "Ауызша валейбол" (психологиялық тренинг) | Қол шапалақтау |
3 мин | Сынып оқушыларын Абай өлеңдері арқылы топқа бөлемін. Оқушыларға топ ережесін жаздыртамын. Оқушыларға бағалау бетшесі таратылады. | Оқушылар өлең шумақтары арқылы топтасады және топ ережесін жазып, тақтаға іледі. | "Ән айтамыз" (топқа бөлу) Топтың ережесін шығару. | |
2 минут | Ортаға қызыл лента тастаймын. Оқушылардың арасынан 4 оқушыны шақырып, қызыл сызықтың бойына тұруды тапсырамын. | Оқушылар қызыл сызық бойында бір- біріне қарама-қарсы тұрып, өткен тақырыптар бойынша бір- біріне сұрақ қояды. | "Қызыл сызық" (үй тапсырмасына шолу) | Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
Операциялық кезең /15 минут/ | 5 мин | Оқушыларға жұмыстың бағытын түсіндіріп, блиц- кездесу ұйымдастырамын | Оқушылар блиц- кездесуге келіп, бүгінгі жаңа сабаққа қысқаша шолу жасап, сұхбат алысады. | "Блиц- кездесу" (жаңа тақырыпқа шолу) | Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
5 мин | Оқушыларға жұмыстың бағыт- бағдарын түсіндіріп, флипчарттар таратамын. | Оқушылар ақын қарасөздерін оқып, ақылдасып, постер дайындайды. Топ ішінен бір оқушы жұмысты қорғайды | "Жұптас. Ойлан.Талқыла" (постер қорғау) 1топ - Дүниенің тылсым сырын көрс.қара сөздері 2 топ - Жаман қылықтарды сынайтын қара сөздері 3 топ - Ар-ұят, адамгершілік туралы қара сөздері | Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
5минут | Әр топқа сөздер банкісін таратамын және ақын қара сөздерінде кездесетін мақал- мәтелді табуды тапсырамын, тапсырмаға бағыт- бағдар беремін | Оқушылар сөздер банкісі ішінен қара сөздерде кездесетін мақалдарды теріп алып, "біздің тақырып" банкісіне ауыстырады. | "Сөздер банкісі" (Сөздер банкісінен ақын қара сөздерінде кездесетін мақал- мәтелдерді табу) | Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
Рефлексиялық кезең 15 мин | 3 мин | Оқушыларға ауа шарларын таратамын. Ауа шарларына жабыстырылған стикерлерге тапсырмалар жазылған. | Әр топ өздеріне берілген ауа шарларының сыртындағы стикерлерге жазылған тапсырмаларға жауап береді. | Сергіту сәті "Ауадағы сұрақтар" (Абай қара сөздеріндегі адасқан тіркестерді орнына қою.) | Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
5 мин | Оқушыларға ақын қара сөздерінен алынған үзінділерді бере отырып, өзіндік ойын, пікірін айтуға, сұраққа сыни ойланып жауап беруге жетелеймін.. | Оқушылар топ болып ақылдасып, жауап береді. 1-топ оқушылары ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керектігін, себебі мұның біреуі жоқ болса, ол толыққанды адам еместігін айтады. 2-топ оқушылары қазіргі өмірмен байланыстырып, ғалымды, білімді адамды құрметтеу керек екенін айтты. 3-топ оқушылары орыс тілімен қоса ағылшын тілін білу керектігіне тоқталды. | "Балалар философиясы" Сіз не дейсіз? 1- Абай 17-сөзінде "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Егер бірдей ұстасаң құдайшылық сонда. Сіз не дейсіз? 2- Абай 22 сөзінде: "Кімді қадірлейін, байды ма, мықтыны ма, мырзаны ма, ғаріпті ме, есті кісіні ме". Сіз не дейсіз? 3-25 сөзінде: "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да- орыста" | Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
5 мин | Әр топқа алты түсті қалпақ таратып, бүгінгі сабақ бойынша қорытынды сөз айтуға жетелеймін. | Оқушылар әр қалпақтың түсіне қарай бүгінгі сабақ бойынша түйінді сөздермен ойларын айтады. | "Ақылдың алты қалпағы" (сабақты қорытындылау) | Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
3 мин | Бағалау парағы арқылы оқушылардың критерийлер бойынша бағалауынан қорытынды бағаны шығарамын. | Топ басшысы дискрипторлардағы ұпай санын қосып, топ мүшелерін бағалайды. | Топтардағы өзара бағалау "Қапшықтағы тәттілер" | Бағалау шкаласы арқылы қорытынды бағаны шығарады. |
4 мин | Оқушыларға кері байланыс бетшесін таратамын. | Оқушылар сабақ бойынша аяқталмаған сөйлем арқылы сабақты қорытындылайды. | Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» | |
Үй тапсырмасы | 5 мин | "Абай қара сөздері- өмірдің өлшемі" тақырыбында эссе жазу. |
Сабақтан кейінгі рефлексия | Не сәтті өтті? Неліктен? | Не сәтсіз өтті? Неліктен? | Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін? |
Оқушылар тақырыпты меңгеріп, топтық жұмыста белсенділік танытып, тапсырманы жауапкершілікпен орындады. Қара сөздердің мағынасын ашып талдауда өзіндік пікірлерін айта алды. Сабақ соңында кері байланыс жасап, бірін- бірі бағалады. | Оқушылардың тапсырманы уақытқа өлшеп орындауы және топ ережесін басшылыққа алып жұмыс жасаулары сәтті шықты. | Сыни ойлантатын тапсырмаларға әлі де өмірмен байланыстыра отырып жауап беру керектігін, қара сөздерде айтылған ойларға өз көзқарасы тұрғысынан баға бере білу керектігін түсіндім. | Сабақта кездескен бұл қиындықтарды шешу үшін алдағы сабақтарымда сыни ойлантатын сұрақтарға құрылған шығармашылық тапсырмаларды көбірек беру керек деп шештім. |