Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер -еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды? -өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? (салыстыру, өз беттерімен тұжырымдама жасауға бағыттау) | -әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту -алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу Ой толғаныс: ВЕНН диаграммасы Мақал | Ортақ қасиеті | Мәтел | | | | Электронды оқулық арқылы тексеру. Оқушылар өз жауаптарымен салыстырады. | |
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат) -оқушыларды белсе-не қатыстыру -стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру) -оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу -оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу | Талқылау, талдау. Мағынаны тану: 1. Мақал –мәтелдер не үшін айтылады? 2. Оның қандай маңыздылығы бар? 3. Мақал –мәтелдердің тақырыптары қандай? Оқулықпен жұмыс. 58 беттегі 127 жаттығуды орындау. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар. Топтық тапсырма: (Топтың ережесіне сай жұмыс жасау). Берілген мақал –мәтелдерді тақырыптарына қарай топтастырып, мағынасын түсіндіріңдер: Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол. Жақсы адам-елдің ырысы, Жақсы жер-жанның тынысы. Отан отбасынан басталады. Отансыз адам –ормансыз бқлбұл. Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені, Еменнің иілгені — сынғаны. Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме. Ақыл деген ағып жатқан дария, Кеме айдаушы кемеңгер бір қария. Ақылды адам ақымақтан да бірдеме үйренеді. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады. Шебердің қолы — ортақ, Шешеннің тілі ортақ. Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа, Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа. Қойшыны таяғы асырайды, Қасқырды аяғы асырайды. Алдыңғы тақырыппен байланыстыру: Берілген Шығармашылық тапсырма: үш топқа қысқаша әңгімелер беріледі. Оқушылар сол әңгімені аяқтап, сол ситуацияға қатысты ақыл-кеңес беріп, мақал –мәтелмен бекіту керек. (дәлелдеу, нақты мысалдар келтіру, суреттеу). 1 жағдаят Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - менің қалтамда апамның «тамақ алып жерсің» деп берген ақшасы бар. Кеттік, кино көрейік, - деді. Алмагүл: -..... 2 жағдаят Арман бақ ішінде келе жатыр еді, ағаш бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды... 3 жағдаят Әмір достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Олар өздері жиі келіп тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптермен, босаған ыдыстармен, қоқыстармен бітеліп қалғанын көрді..... Тренинг.(сергіту сәті оқушылардың шаршағанын басып, қызығушылығын жоғалтпай, ынтымақтық атмосферасын сақтау үшін сергіту сәтін өткізу) Слайдтағы берілген мақал-мәтелдерді толық айт. |