kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мақала "Дәстүрлі моральдық-этикалық қатынастар саласында қалыптасқан табу мен эвфемизмдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Табу мен эвфемизмдердің түркі тілдеріндегі мораль, этика дәстүр жағынан зерттелуі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мақала "Дәстүрлі моральдық-этикалық қатынастар саласында қалыптасқан табу мен эвфемизмдер"»

Дәстүрлі моральдық–этикалық қатынастар саласында қалыптасқан табу мен эвфемизмдер


Эвфемизм табиғатының өзі сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Тілімізде қолданылып жүрген эвфемизмдер өскелең халқымыздың қалыптасқан моральдық-этикалық нормаларының нақ көріністері болып саналады. Олар қазақ тілінде сан ғасырдың жемісі болып табылады. Тілдің дамуына байланысты олардың қатары толыға беретіні сөзсіз.

Адам баласы үшін табиғи құбылыстардың ішіндегі ең қорқыныштысы да, сескендіретін суығы да өлім. Сондықтан кез келген халықтың тілінде «өлім», «өлді» деген сөздердің орнына сол ұғымдарды білдіретін, бірақ әлдеқайда сыпайы айтылатын эвфемистік синонимдерді қолданады[1].

Кісінің қайтыс болуына байланысты эвфемизмдер басқа халықтар сияқты түркі халықтарының тілінде де кездеседі. Қазақтың «Өлім жайлы көп айтса, тірінің берекесі кетеді» деген мақалы соның айғағы сияқты. Түркі халқының салт-дәстүрінде өлім туралы суық хабарды туыс-жақындарға астарлап естіртіп, көңіл айту ертеден келе жатқан дәстүр. Бұл қазақтарға да тән жағдай. Қазақ арасында қалыптасқан салт бойынша қайтыс болған адамның жақындарына қазаны бірден естірте салмаған. Суық хабарды мүмкіндігінше астарлап, тұспалдап немесе жұмбақтап жеткізуге тырысқан. Әдетте ауыр қайғыны естірту эвфемистік мағыналы сөздерден басталып, көңіл айту, жұбату сөздермен аяқталып отырған.

Өліммен байланысты немесе сонымен ұштасып жататын тағы біраз ұғымдар бар. Олар: өлік, мола, көр, көму, бейіт, сүйек,дене, жерлеу, зират, қабір сияқты сөздер. Аталған сөздердің бояулары адамға әсер ету жағынан бірдей емес. Әсіресе өлік, мола, көр, көму сөздерінің мағыналары өте суық. Сондықтан олардан гөрі тігісі біршама жатықтау дене, сүйек, зират, қабір, жерлеу, қою сияқты эвфемистік баламалар жиірек қолданылады. Ал кейде мола, көр деген суық сөздердің орнын орны, жай деген сөздер басып отырады.

Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінде «өлу» деген ұғымды қайтпас сапарға кету, үзілу, көз жұму, қайту, кету, шетін болу, көз жазып қалу, айрылу, адасу, беру, мәңгі ұйқыға кету, аттану, дүние салу, дүниеден көшу, демі тоқтау, жан тәсілім қылу сияқты астарлы мағыналы эвфемизмдер алмастырып отырған[2]. Осы айтылғандарға батырлар жыры арқылы да көз жеткіземіз. Мысалы «Қобланды батыр» жырында:

Ұлы Қобда бойында

Қобландының моласы,

Ажалға кімнің шарасы,

Салынған белгі тамы бар.

Бұрыннан қалған жоба бар.

«Қалмақ қырғын» атайды,

Неше бір биік оба бар.

Халық ауызынан есіттім,

Бөкенбайдың зираты,

Сол маңайда және бер.

Қалың қазақ баласы,

Жайлауы кең даласы,

Ақыры өткен дүниеден,

Халықтың сүйген баласы(Қобланды батыр, 256).

Жыр үзіндісінде өлімге байланысты бес сөз бар. Олардың ішінде мола, там, оба, зират- сөздері синоним ретінде қолданылған. Мола –деген қаталдау айтылса, қалған үшеуі эвфемистік сөздерге жатады. Алдыңғы сөзге қарағанда неғұрлым жұмсартылып, сыпайылыландырылып айтылған. Өлді дегенді дүниеден өтті түрінде эвфемизм сөзбен ауыстырып берген.

Қорлықпенен өлсін деп,

Тасқа соғып боршалап

Қызыл ерді еңіретті,

Домаланды жерге бас,

Кеудесінен жан кетті(Қобланды батыр, 22).

Қамбарға Назым айтты: – Жаным құрбан

Көзіме көрінбейді сіздей бір жан.

Қойдай қып қасқыр қуған бөріктіріп,

Дұшпанды ажыраттың қамап тұрған.

Туғызып сіздей сұлтан ноғайлыдан

Құдайдан айналайын батыр қылған(Қамбар батыр).


Жазым болып, көз жұмсам,

Аға, інім жоқ еді

Кім іздейді кеклерім(Қобланды батыр, 85).

Байлаудан қашып Қобланды,

Әскер жиып барғаны.

Қайратқа әкең жарамай

Қаза тауып қалғаны(Қобланды батыр, 140).

Бауырын суық жерге беріп, жеті күн, жеті түн далаға шықпай, қапа болып жатты(Алпамыс батыр,9).

Батырлар жырының тіліне тереңдеп көз жүгіртсек, өлімге байланысты эвфемизмдерді көптеп кездестіреміз.

«Ер Сайын» жырында жаралы болып, қырық жігітпен қоштасып жатқан Ер Сайын сөзінің тағы бір жерінде:

Ау, қырық жігіт, азамат,

Маған бола өлмеңіз.

Сендер бейнет көрмеңіз,

Менің үшін өлмеңіз.

Қарағайдан табытым,

Бекем қылып салыңыз.

Таңдап мінген көк атты,

Басыма мықтап байлаңыз.

Шүберек киіз кигізбе,

Қанды етіме тигізбе?!

Жібекке орап қойыңыз! (ЕрСайын,199], –

деп жырланады. Бұл жердегі “қарағай” сөзінің орманға қатысы жоқ, ол “табыт” сөзін айқындайтын эпитет ретінде қолданылып тұр. Бірақ қарағайлы жер сияқты “қарағай табыт” та бұл жырдағы дара белгі болып тұр. Әдетте қазақ қаһармандық жырларында мерт болған батырды найзаға салып алып жүретін болса, мұнда табытқа салу жайында айтылады. Мұндай дара белгілерді де эпостың тарихи негізімен байланыстырған жөн деп білеміз.

Қазақ ауыз эдебиетінде сақталған өлімді естірту және көңіл айту үшін қолданылатын эвфемизмдерге негізделген ескі нұсқалардың кейбір үлгілері төмендегідей:

Аққу ұшып көлге кетті,

Сұңқар ұшып шөлге кетті,

Ол адасып кеткен жоқ,

Әркім барар жерге кетті.

Арғымақтың тұяғы

Тасты басса кетілер,

Сазды басса жетілер!

Жетпесті қума,

Келмеске жылама!..

Немесе:

…Ақсұңқар ұшты ұядан,

Қол жетпейтін қиядан…

Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.

Тозбасты ұста соқпайды,

Өлместі тәңір жаратпайды.

Топырағы торқа болсын!

Қалғанға өмір берсін.

«Қозы Көрпеш — Баян Сұлудағы» Сарыбайдың өлімін оның әйеліне Тазшаның естіртуі де эвезфемизмдерге толы.

Тазша: Жаратқан бәрімізді тәңір күшті,

Бұл дүние ойлап тұрсам, енді екі-ұшты.

Мен түсімнен шошимын бүгінгі түн,

Менің сәлдем басымнан жерге түсті.

…Мен түсімнен шошимын бүгін тағы,

Қолымнан жібек баулы сұңқар қашты!..

… Қай адам Сарекеңдей ниетке жеткен,

Көп адам бізден бұрын өтіп кеткен.

Айырылдым қапияда сұңқарымнан,

Қолымнан абайсызда ұшып кеткен… деп, байдың қайтыс болғанын әйеліне астарлап сездіреді де, сөзінің аяғын төмендегідей көңіл айтып, жұбатумен бітіреді.

Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінде де «өлу» деген ұғымды қайтпас сапарға кету, үзілу, көз жұму, қайту, кету, шетін болу, көз жазып қалу, айырылу, адасу, мәңгі ұйқыға кету, аттану, дүние салу, дүниеден көшу, демі тоқтау, жан тәсілім қылу сияқты астарлы мағыналы эвфемизмдер алмастырып тұрады.

Қазақ тілінде «әйел туды» деуден гөрі «әйел босанды» деу анағұрлым жатықтау естіледі. Бала көтеруге байланысты түркі тілдерінде әйелге де, ұрғашы малға да буаз деген сөз қолданыла береді. Ол сөзді сыпайылап басқа эвфемизм сөздермен ауыстырып отырады. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында:

Сонда Байбөрі орнынан тұрып, үйіне қайтты. Үйіне келген соң қатыны жүкті болып, тоғыз ай он күн дегенде бала тауып, ұлының атын Алпамыс қойды(Алпамыс батыр, 9).

Ақмоншақ аттың үстіне

Түзетіп қызды салады,

Босанса қашып кетер деп

Ақмаоншақ атты жетелеп,

Жүретін жолын төтелеп,

Ауылға алып барады (Алпамыс батыр, 167)

Анатомиялық атаулардың эвфемизм арқылы берілуі:

Атасы менен анасын!

Тоқтамасқа меңзеймін

Жалғызымның шамасын.

Кетер болсаң, сұлтаным,

Енекемнің еміп кет

Төсінде екі алмасын(Алпамыс батыр, 47).

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. Алматы, 1995

2 Белбаева М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. – Алматы: Мектеп, 1976. – 176 б.

3 Батырлар жыры.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Махметов Арман Жумагалиевич

Дата: 13.06.2017

Номер свидетельства: 421587


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства