kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Жұмабаев – қазақ лирикасыны хантәңірі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: М.Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен мағлұмат беру.

ә) дамытушылық: Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру.

б) тәрбиелік: Елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: шығармашылық, зерттеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Жұмабаев – қазақ лирикасыны хантәңірі»


Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев – қазақ лирикасыны хантәңірі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: М.Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен мағлұмат беру.

ә) дамытушылық: Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру.

б) тәрбиелік: Елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: шығармашылық, зерттеу.

Сабақтың түрі: ғылыми-конференция.

Пән аралық байланыс: тарих, география, орыс әдебиеті, театр, өнер.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, ақын жайлы ұлылардың сөздері, кітаптар, газет-журналдар, үнтаспа, сызба – кестелер.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Біздің ғылыми-конференция сабағына Мағжан ақынның көзін көрген замандастары, қаламдас достары келіп отыр. Конференцияға келген қонақтармен (11-сынып оқушыларымен) таныстырады.

Олар:

  1. М.Жұмабаев бейнесіндегі оқушы.

  2. Жүргізуші.

  3. Әдебиетші, ғалым – М.Әуезов бейнесіндегі оқушы.

  4. М.Горький – орыстың классик жазушысы.

  5. С.Қожанов – қоғам қайраткері.

  6. М.Жұмабаевтың зайыбы – Зылиха Жұмабаева.

  7. Башқұртстанның халық ақыны – Сәйфи Құдаш.

  8. Ж.Шанин атындағы театрдан келген халық әртісі.

ә) Сабақтың өтілуі.

Алдын ала оқушыларға М.Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылық қызметі, оның замандастары мен қаламдас достары жайлы деректерді жинау секілді тапсырмалар беріледі.

  1. М.Жұмабаев кім, ол қандай ақын?

  2. М.Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.

  3. Творчествосының басталуы.

  4. Ақындық жолы.

  5. Қоғамдық қызметі.


Жауаптар:

1. Ақын өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын «Мен кім?» атты өлеңінде аңғартып өтеді.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?


Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.

2. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отба-сында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.

Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семина-риясында оқиды.

3. Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығар-маларын жарыққа шығарады.

4. 1923-27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерт-теп оқиды.

1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.

1936 жылы орыс жазушысы М.Горький және Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.

5. Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол – көптеген өлеңдер, поэмалар, әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға.

Біз оның «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі», «Түркістан», т.б. өлеңдері мен «Қорқыт», «Ертегі», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» т.б. поэмаларын білеміз.

Оқушылардың жауаптары тыңдалып болған соң, конференцияға келген қонақтар дөңгелек үстелге жағалай отырады. Ғылым мен өнердің түрлі саласынан келген ғалымдар мен өнер адамдарының алдында қай ғылым саласынан келгенді-гін білдіретін көрсеткіш тақтайшалар қойылады.

Жүргізуші: Қадірлі, әдебиет сүйер қауым, ұстаздар мен қонақтар! Бүгін сіздер әдебиетімізде қайта жанған жарық жұлдыз, қазақ әдебиетінің лирика жанрындағы хантәңірі, ақын, жазушы,ірі қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевты еске алу жиынына келіп отырсыздар.

Ірі талант иесі өзі жайлы былай деген еді:

(үнтаспадан ақын өлеңі тыңдалады, жарық М.Жұмабаевтың портретіне қарай бағытталады).

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?


Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,

Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!

Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,

Енді, ескілік, келдің өлең кезіне! – деп ақын өзі айтқандай Мағжан Жұмабаев біз үшін мәңгі тірі күйінде.

Бүгінгі конференцияда әуелгі сөзді әдебиетші – ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовке берсек.

- Мен қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан.

Бұдан кейін Мағжанды сүйемін, оның еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін.

Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан – культурасы зор ақын. Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны, сондықтан біз Мағжаннан үйренуіміз керек.

Жүргізуші: Иә, Мағжаннан үйрену - әрбір әдебиет сүйер, өлең сүйер қауым ның борышы.

Келесі сөзді мемлекет қайраткері Сұлтанбек аға Қожановтан тыңдайық.

- Қарама-қайшылығы мол 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында Мағжан сынды халқының біртуар азаматына қиналғанда сүйеніш бола білген мына отырған адал жары – Зылиха Жұмабаева болатын. Ол екеуін 1922 жылы көрдім. Мен Ташкентте қоғамдық қызмет атқарып жүргенімде от жалынды, арыстандай айбатты қазақ жігіті жұмыс орныма келіп, оқу-ағарту ісіне байла-нысты еңбек жазғандығын айтты.

Мен ағалық көмек көрсетіп, «Педагогика» атты еңбегінің жарыққа шығуына көмектестім.

Жүргізуші: Зылиха апай, енді Мағжан аға туралы өз аузыңыздан бір үзік сыр естісек.

- Мағжан екеуміз 1922 жылы (бұрынғы Қызылжар) Петропавл қаласында үйлендік. Сол жылы Мағжан достарының ақыл-кеңесімен Ташкентке көшіп келдік, 2 жылдай сонда тәп-тәуір тұрдық. 1924 жылы бізді Сұлтанбек Қожанов Мәскеуге шағарып салды. Мағжан онда жоғары әдеби-көркем институтына түсіп оқыды. Күн-түн демей кітапқа үңілумен болатын. 1927 жылы үй-ішімізбен елге оралдық.

Бұдан кейінгі өміріміз қуғын-сүргенде болды. 1929 жылы ұсталып Мәскеудің Бутырка түрмесіне қамалды (көзіне жас алады). Осы жылы 10 жылға кесіліп, Карелияға айдауға жіберілді. Мен Мағжанды іздеп жүріп 1931 жылы Майкоп стансасына таяу Карелия орманына 14 рет келдім. Сол кездесуде Мағжан маған Горькийдің атына хат жазып жіберді. Мың болғыр,орыстың адал перзенттері көп қой. Сол кісінің көмегімен Мағжан 1936 жылы 10 жыл орнына 7 жылға қысқартылып, елге оралды.

1937 жылы С.Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға барады, бірақ көп ұзамай қайта тұтқынға алынады. (ауыр күрсінеді).

Жүргізуші: Зылиха апай, әңгімеңізге көп рахмет.

Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі жоғары әдеби-көркем институтында оқып жүргенде орыс және Батыс еуропа әдебиетін беріле оқығанын естідік. Соның ішінде неміс, ағылшын, француз ақындарының шығармаларына ден қоя оқыған. Енді Мағжан жайлы ағылшын ақыны Агата Кристи ханымды тыңдайық. (Аудармашы арқылы).

- Мен шығыс поэзиясын жоғары бағалаймын. Өйткені шығыс поэзиясы халқы сияқты мол тынысты, кең құлашты, сөздері саф аятындай.

Абай өлеңдерін оқи отырып, өзіме көп нәрсені қабыл алдым, ал Мағжан поэзиясынан оның халқы, туған жері туралы көп нәрселер білдім.

Ақынның «Түркістан», «Қазақ тілі», «Қазағым» т,б, өлеңдерін айтар едім.

Жүргізуші: Туысқан халқымыз Башқұртстанның ақыны, қадірменді жазушы Сәйфи Құдаш мырза, сіз Мағжан ағамызды қайдан, қалай танисыз? Сол туралы айтсаңыз.

- Мен ғасырдың бас кезінде Солтүстік Қазақстанда Мағжанмен бірге қызметтес болдым, екеуміз ағалы-інідей жақын болдық. 1969 жылы Қазақстан басшыларына Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жайлы толғана ұзақ хат жаздым, бірақ еш нәтиже болмады.

М.Жұмабаевты өзіндік ерекшелігі, табиғаты бөлек, өлеңнің асқақ шебері деп санаймын. Мен оны «Қырғыздың Пушкині» дер едім. «Оның өмірі, ақындығы, трагедиялық тағдыры бір-бірімен тұтас, бұлақ суының бір тамшысындай» дер едім.

Жүргізуші: Әңгімеңізге көп рахмет, Сәйфи аға!

Келесі сөзді театр бөлімінен келген белгілі халық әртісіне берсек.

Ол Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқиды.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырындай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.


Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға.

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!

Жүргізуші: Ақын келешек жастарға көп үміт артқанын байқап отырғанымыз-дай, Мағжан поэзиясын сүйіп, оның мұрасын бағалай білу – біздің басты парызымыз.

Бүгінгі конференция сабағынан үйренгеніміз көп, дегенмен үйренеріміз әлі алда.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
М.Жұмабаев – қазақ лирикасыны хантәңірі

Автор: Абдіқадыр Гүлімай Мергенбайқызы

Дата: 25.10.2017

Номер свидетельства: 434464


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства