kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М. Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді «Татьянаның қырдағы әні»

Нажмите, чтобы узнать подробности

М Әуэзовтың романының негізгі тақырып пен идеясымен таныстыру, жана мәлімет алу Абай туралы оқушылардың білімнін молайту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М. Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді «Татьянаның қырдағы әні»»



Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді

«Татьянаның қырдағы әні» 9с



Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың жалпы мақсаты: М. Әуезовтың романының негізгі тақырып пен идеясымен таныстыру, жаңа мәлімет алу.

  1. Білімдік:

-Абай туралы оқушылардың білімін молайту, ұлы ақынның қасиеттерінің ішіндегі ерекше дарындылығына назар аудару.

2.Дамытушылық:

-Оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту, сөз қорын толықтыру, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

3.Тәрбиелік:

-Ақынның дарыны, адамгершілігі, ерекше шеберлігі арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, оларда жақсы қасиеттер қалыптастыру.

Сабақтың әдіс- тәсілдері:ой қозғау, дамыта оқыту,топтық жұмыс.

Көрнекі құралдар: М. Әуезовтың шығармашылығы туралы бейнематериал,Абайдың суреті,үлестірмелі материал, тест.



«Ел намысын қуғанның еңсесі биік».

Сабақтың барысы:

I.Мотивациялық- бағыттамалы блок:

1.Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын айқындау.

2.Сабақтың ұранымен жұмыс

Намыс-честь

Еңсе- рух

II. Операциялық-орындаушы блок:

1.М.Әуезовтың өмірі, шығармашылығы туралы түсаукесер қорғау.

2. М.Әуезов: «Қазақ жазушыларының ішінде, әрине, Абайды сүйемін. Менің

бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан»,-дегенМ. Әуезов, сондықтан келесі түсаукесер «Абай мен М. Әуезов» деп аталады.

3.Үзіндіні талдау.

-Қалай ойлайсыңдар, Татьяна деген кім?

-Татьяна Ларина- А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасының бас кейіпкері. Бұл поэма 1825жылы жазылған.

3-а Татьянаның хатын тыңдау.

3-б Абайдың аудармасын тыңдау.

-Осы хатты оқығанда, Абайдың көз алдына кімнің жүзі келді?

-М.Әуезовтың мына сөздерін қалай түсінесіңдер?

«Неткен айтқыш тіл! Тіл емес , жүректің лебі.Лүпілдеп соққан жүректің ырғағы. Қандай нәзік тереңдік!»

4.Сұрақтарға жауап беру.



  1. Абай айналасына жиналған кімдер?

  2. Абай кімнің шығармаларына көп үңілді

  3. Татьянаның хатын оқығанда, Абайдың көз алдына кімнің жүзі келді?

  4. Татьянаның хатын кім көшіріп, оқып шықты?

5. Татьянаның әнін кім қайталады?



-Сонымен,осы үзіндіде біз Абайдың ең бақытты кезеңімен таныстық.Бұл еңбек, өнер іздеу мезгілі.Ұлы Абай ұлы Пушкинді сүйсіне оқып, Татьянаны қазақ тілінде сөйлетті.Қалай ойлайсыңдар, бұл үзіндіде Абайдың қандай қасиеттері суреттелген?

сезімталдық даналық

Абайдың қасиеттері

еңбекқорлық адалдық



III.Рефлексиялық-бағалау блогы.

1.Тестілеу.

1.Мұхтардың дүниеге келген күні.

а) 25қазан ә) 30қаңтар б) 28қыркүйек в) 11наурыз

2. Мұхтардың немере ағасы кім?

а) Абай ә) Қасымбек б) Ораз в) Дәркенбай

3. Абай дүниеден өткенде Мұхтар неше жаста болды?

а) он үште ә) тоғызда б) сегізде в) жетіде

4.Тұңғыш жарық көрген туындысын көрсет?

а) «Адамдық негізі-әйел» ә) «Түнгі сарын»

б) «Абай жолы» в) «Қараш-қараш оқиғасы»

5. Жазушының пьесасын белгіле.

а) «Қилы заман» ә) «Қазақ әйелі»

б) «Абай» в) «Үйлену»

6. «Еңлік-Кебек» жеке кітап болып қайда жарық көрді?

а) Орынборда ә) Омбыда б) Ташкентте в) Семейде

7.Мұхтардың Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер ұлы кім?

а)Оспан ә)Әбіш б)Мұрат в)Тұрар

8.Мұхтардың анасының есімі кім?

а)Зере ә)Ұлпан б) Нұржамал в)Райхан

9.Бөжей қай туындының кейіпкері?

а.Қаракөз ә. Абай жолы б.Жетім в.Бүркітші

10. Жазушы спорттың қандай түрімен шұғылданды?

а. Теннис ә.Футбол б.Баскетбол в.Күрес

2.Ой толғау.

-Сендер кім туралы «ел намысын қуған, еңсесі биік» адам деп айтасыңдар?

3.Бағалау.

4. Үй жұмысы:2бөлігін оқу , сұрақтарға жауап беру (1-5),мәтін бойынша сұрақ құру.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
М. Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді «Татьянаның қырдағы әні»

Автор: Қабиева Айбарша Нурымжанқызы

Дата: 20.05.2018

Номер свидетельства: 470243


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства