Просмотр содержимого документа
«М.Әуезов « Абай жолы » роман-эпопеясы. Абай тұлғасы»
11 «А» класс Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов « Абай жолы » роман-эпопеясы. Абай тұлғасы
Міндеті: тақырыпты меңгерту
Смарт мақсат: «Абай жолы» романының жалпы мазмұнын біліп, оның жазылу тарихын, роман-эпопея екенін біліп кету. Және басты кейіпкер Абай тұлғасын романнан жан-жақты білу.
2.Топқа бөліну. Түсті таңдау арқылы. «Тұлға» тобы. Қызыл түс – тасыған күшті білдіреді. Албырт, белсенді жандар. «Ақын» тобы. Жасыл – Үйлесімділікті, тыныштықты жаны қалайтындар. «Ойшыл» тобы. Сары – еркіндікті қалайтындар, арманы биік, қиялшыл жандар. «Қайраткер» тобы. Көк – қарапайым, сезімтал жандар.
Үй тапсырмасы
Сұрақ-жауап
Топтарға тапсырма
1. Ұлылар мекені (Мұхтардың туған жері, өскен ортасы...)
2. Ұлылар сабақтастығы (Мұхтар мен Абай)
3. Зерделі зергер (Мұхтардың 20 жылдық білім алуы)
4. Рухани қазына (Шығармалары)
Мұхтар Әуезовтың шығармашылығымен әрмен қарай танысамыз.
Тұсаукесер. Ой қозғау
Сұрақ-жауап
1. Роман дегеніміз?
2. Эпопея дегеніміз?
3. Типтік бейне
4. «Абай жолы» романын тарихи шығарма деуге негіз бар ма?
Ендеше бүгін «Абай жолы» роман-эпопеясымен таныс болайық.
«Абай жолы» туралы француз жазушысы
Луи Арагон: «Әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» десе, орыс жазушысы Константин Федин «Ұлт туралы толық та, тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді...М.Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып қазақ болып кеткен тәріздімін» деген екен.
Аудиожазба. Роман туралы автордың өз сөзіне құлақ түрейік.
Мағынаны тану
І.Топпен жұмыс. «Абай жолы» роман-эпопеясы
1. М.Әуезовтің Абай жөнінде тарихи роман жазуына түрткі болған жағдайлар қандай?
2. «Абай жолы» роман-эпопеясының басылымдары
3. «Абай жолының» эпопеялық сипаты
4. «Абай жолы» роман-эпопеясы неліктен «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы» (Қ.Сәтбаев) деп бағалады?
ІІ.Топпен жұмыс. Атаның ұлы емес, адамның ұлымын (Абай бейнесі)
1. Абай тұлғасы
2. Ақын (Шығармашылық жұмыс)
3. Ойшыл (Шығармашылық жұмыс)
4. Қоғам қайраткері
Бекіту «Менің сөзім» Әр топтан бір оқушы шығып қорытынды сөз айтады.
Рефлексия «Бес саусақ» Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызыңыз. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойыңызды білдіріңіз
Бас бармақ– мен үшін маңызды және қызықты болды ......
Балан үйрек (сұқ саусақ) – мен бүгін түсіндім ..........
Ортан терек (ортаншы саусақ) – мен үшін қиын болды .......
Шылдыр шүмек (төртінші саусақ) – менің бағам ....... себебі...
Кішкене бөбек (кішкентай саусақ) – менің білгім келеді ......
Сабақты қорытындылау
Камерун жазушысы Бенджамин Матип: «Мен қазақтар жайлы бұрын ешнәрсе естіп-білген емес едім. Ал қазір мен оларды білемін, тіпті өте жақсы білемін, өйткені жуырда ағылшын тілінде М.Әуезовтің керемет кітабын оқыдым. Мен тамаша адам – қазақ халқының ақыны Абаймен таныстым... Солармен бірге тіпті Сіздің дархан даланың тұнық ауасымен тыныстаған секілдімін. Шынында да, қазақ дегеніңіз ғаламат сұлу халық екен ғой!» деген екен. Ендеше, Сіздерге, Ұлы даланың ұлы перзенті болуды тілеймін.