Тақырыбы: М.Мақатаев « Үш бақытым »
Мақсаты
Оқушыларға өлеңді оқыту, әңгімелеу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу.
-Психологиялық дайындық.
-Оқушы зейінін аудару.
«Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне жылы тілек айтқызып, өткен сабақтағы өлең жолдарын қолдану арқылы топқа бөлемін.
Бір шумақ өлеңмен сабақты бастату.
Хормен:
Қорықпайық, саспайық
Жаман әдетті тастайық.
Зейін қойып,қанекей
Сабағымызды бастайық.
Білу
Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы оқушыларды ынталандыру.
-Үйге қандай тапсырма беріліп еді?
-Үй тапсырмасын бекіту.
Түсіну және қолдану
Экранға зер салайық, суретті көрсету арқылы М. Мақатаев жайлы мағлұмат алу. Өлеңді түсініп оқу.
-Балалар, өлең не туралы?
-Оны жазған кім?
-Ол туралы бұрын естідіңдер ме?
- Автор үш бақытқа нені теңеген?
-Неге тілін,халқын, Отанын деп ойлайсыздар?
Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді оқыту.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы өлеңді өз сөздерімен әңгімелету.
-Өлең қалай басталады ?
-Әрі қарай өлең қалай өрбиді ?
-Әрі қарай не айтасыңдар ?
-Ол не жайлы?
-Немен аяқталады?
-Өлеңнің мақсаты не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар ойы мен пікірін, жауабын толықтыру
Сергіту сәті
Қорытынды
-Сонымен, ақынның үш бақыты не екен?
-Халық, Тіл, Отан сөздерінің синонимін тауып көрейік.
-Халық дегеніміз- Қазақстанда тұратын адамдар.
-Елімізде 16 мил. Халық тұрады.
-130- дай ұлт өкілдері тұрады.
-Тіл дегеніміз адамдардың бір- бірімен қарым- қатынас құралы.
-Қазақстанда 130- дай тіл бар.
-ҚР- ның Мемлекеттік тілі- қазақ тілі.
-Отан ол- әр адамның туып өскен жері.
-Отан ол- сенің отбасың.
Бағалау
Оқушыларды бағалау.
-«Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқу