kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Мақатаев Үш бақытым

Нажмите, чтобы узнать подробности

 М.Мақатаев Үш бақытым

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Мақатаев Үш бақытым»

Пәннің аты:

әдебиеттік оқу

Уақыты:27.10.2016

Сынып:3 «А»

Мұғалім:

Алимова И.А.

Сабақтың атауы

М. Мақатаев. Үш бақытым.

Мақсаты


Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

А деңгейі : өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

В деңгейі : алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдыны қалыптастырады.

С деңгейі : оқу дағдылары қалыптасады.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, бейнебаян, «Сиқырлы кітаптар» мультфильмі.

Психологиялық ахуал

Тілек шеңберіне шақыру

Тілек шеңберінде оқушылар жақсы,ізгі тілектерін айтып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Қорықпайық, саспайық

Жаман әдетті тастайық.

Зейін қойып,қанекей

Сабағымызды бастайық.

Алтын ережені топбасшыларына оқыту

• *Ынтымақтастық

• *Бір-бірінің пікірін тыңдау

• *Уақытты үнемді пайдалану

• *Өз ойын еркін айту

Бұл сабағымыз ерекше қызықты болады деп ойлаймын.

Бағалау әдісі туралы түсінік беру.

Әр топтың топбасшылары топтағы мүшелерді ұпаймен бағалап отырады. Әрбір тапсырмаға белсене қатысқан оқушы 1 ұпаймен бағаланатын болады және де бағала парақшасына сендердің белсенділіктеріңді бағалап отырады. Тапсырмаларды орындау 1-2 ұпай, бағасы «3»,3-ұпай, бағасы «4», 4 -ұпай, бағасы «5» деген бағамен бағаланады.

Бағалау парақшасы:













Оқушылар шеңберде жиналып,жақсы тілектер айтып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мақалдарды оқи отырып топқа бөлінеді.

«Өнер алды-қызыл тіл»

«Отан-оттанда ыстық»

«Ел іші – алтын бесік»


Топ басшысын сайлайды.

Қызығушылықты

ояту





















Ой қозғау

Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы оқушыларды ынталандыру.

-Үйге қандай тапсырма беріліп еді?

-Үй тапсырмасын бекіту.

«Болжау» стратегиясы:

1. «Бостандық» сөзіне мағыналас сөз табу.

Үй тапсырмасын сұрау, тексеру,бағалау

Ш.Құдайбердіұлы туралы электронды оқулықтан тыңдалым

-Балалар сол бойымыздағы жаман қасиеттен арылайық.
Өмірдегі бағытың да, іс - қаракетің де өз бойыңа үңілуден болады. Әркімде ерекше көзге түсетін бір қасиет болады. Сол қасиет қастерленсе оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ , өзінің көздеген мақсатына жетеді. Талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар. Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін – отбасы, мектеп, жолдастары, ұжым. Ал негізінде бәріне ізденімпаз адамның өзі түрткі болуы керек.


Нағыз адамға тән қасиеттер.
1) Ұғымды, ойлы ететін зерде-зейінің.
2) Сені өрге сүйрейтін - өнер - өрісің.
3) Тек ілгері бастайтын – талабың.
4) Ешқашан алдамайтын- тапқырлығың.

5) Қиындықта саналатын – қайратың.
6) Бәрінен де күшті – білімің.

Осының барлығы бойымызда табылса,біз өмірде ең бақытты адам боламыз.

Ал балалар қалай ойлайсыңдар, бақыт деген не?



Ш.Құдайбердіұлы туралы электронды оқулықтан тыңдалым тыңдайды.

Жақсы, жаман туралы оқушылар өз ойларын ортаға салады


Жаңа сабақ

БАҚЫТ туралы өлең оқу

Минут сайын сезінем бақыт дәмін,

Қуанышқа толады уақыттырым.

Айналаның бәрінен бақыт көрем,

Арайланып тұрғанда атып таңым,

Күні-түні шүкір деп шаттанамын

Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!

көзім-шырақ, санам-сау, ғалам-ғажап,

Бұдан артық бола ма бақ бағалы?

Мағынаны тану:

Шеңбер бойынша жемісті табыста ойыны Балалар,сендерге үйге тапсырма ретінде айтқан болатын.Мұқағали Мақатаев атамыз туралы не біліп келдік?


Олай болса, біз қазір «Сиқырлы кітаптар» атты мультфильмінен Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі жайлы қызықты көріністі тамашалайық.











Оқушылар шеңбер бойына тұрып, Мұқағали Мақатаев атамыз туралы мәліметтер айтады.

Оқушылар «Сиқырлы кітаптар» атты мультфильмінен Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі жайлы қызықты көріністі тамашалайды.

Сергіту сәті

Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін тыңдап, бірге орындау

Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін тыңдап, бірге орындайды.

Ой толғаныс

1-тапсырма

Постермен жұмыс

І топ: Халық деген сөздің мағынасын

ашыңдар.

ІІ топ: Тіл туралы не білесіңдер?

ІІІ топ: Отан туралы не білесіңдер?

2-тапсырма

Шығармашылық жұмыс Жұптық жұмыс

Ұйқасын тап

Қыран құстай ...............,

Туған жер қамын ..............

Өскенде мен ...............,

Отанымды .............


1.Мұқағали Мақатаев қай жылы,қай жерде дүниеге келген?

Қайталанбас дарын иесі 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы қасиетті Қарасаз ауылында туған.

2. Мұқағали ақынның отбасы туралы не білесіздер?

Әкесінің аты-Сүлеймен,шешесі-Нағиман.Атасының аты-Мақатай,әжесі-Тиын,

әйелі-Лашын.

3. Мұқағали ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?

4. Ақынның үш бақыты не?Өлең қалай аталады?

1. Халқы 2. Тілі 3. Отаны

Бүгінгі сабағымыздағы үш бақытты үш тілде айтып үйренейік

Халық-народ-nation

Тіл-язык-language

Отан-Родина-Motherland

Білемін,

Керемет бір күн келеді!

Жайнайды жасыл бағым, гүлденеді.

Көремін, керемет бір күн кешемін!

Болашағым, сенімен бірге өсемін-

деп жырлаған Мұқағали ағамыз болашаққа сенді, өлеңінің өміршеңдігіне сенді. Олай болса оқушылар ақын ағамызға деген сырымызды,ойымызды, тілегімізді әр топ өзінше жеткізуге мүмкіндік беріледі.

Бүгінгі сабақтан өзіңе қандай өмірлік азық алдың?

Әрбір топтың құнды пікірі

Қорытынды ұпай сандарын анықтау


Оқушылар топта постермен жұмыс жасайды.Топ мүшелері қорғайды.


Шығармашылық жұмыс Жұптық жұмыс

Оқушылар жұптасып, өлеңнің ұйқасын тауып жазады.


Сұрақтарға жауап береді.








Әрбір топтың құнды пікірі

Тыңдалады.


Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

1. Әр оқушыны бағалау

2.Топты бағалау

Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді.Бәрекелді, балалар!

Бәріңе бестік баға бар.

Бақытты боп өсіңдер

Ел қадірін бағалар.


Топбасшы бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
М.Мақатаев Үш бақытым

Автор: Алимова Ильмира Абдуллаевна

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379208


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства