Данный урок разработан по программе Кембриджа. Урок по казахской литературе предназначен для одинадцатого класса с казахским языком обучения. Тема урока М.?уезов ??гімелеріндегі ?ор?ансыздар та?дыры. Цель урока - это расширить данные о жизни и творчестве Мухтара Ауезова, а также расмотреть его рассказы. Воспитывать учащихся к человечности, доброжелательности. Вид урока - комбинированный. На уроке используются плакаты, стикеры, кюи, таблицы, раздаточные материалы. Также на уроке можно использовать диаграмму Венна. На этом уроке учащиеся оценивают друг друга.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділігі: М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұматтарын кеңейту; әңгіме мазмұнына талдау жасай отырып, жазушы идеясын ұғындыруға ықпал ету.
Дамытушылығы: оқушылардың жеке тұлға ретіндегі өзіндік пікірлерін айта білу қабілетін, тілін, ой өрістерін дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелігі: оқушыларды қайырымдылыққа, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге, жанашырлық, мейірімділік сезімдерінің дами түсуіне ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың ресурстары: маркер, постер, сергіту сәттерінің жазбалары, бағалау парақтары, сызба-кестелер..
Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезовтің өмір жолы шығармашылығы туралы кесте, терме, күйлер жазылған үнтаспалар: халық күйі «Қоңыр», Ж.Кәрменов «Ойламаңдар жігіттер» термесі, адамгершілік, қайырымдылық туралы халық термелері.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу – 1 минут.
Оқушылардың назарын жинақтап, сабаққа аудару мақсатымен сергіту сәтін өткізу.
Топқа бөлу. Оқушылар 1-ден 3-ке дейін саналып, 3 топқа бөлінеді. – 1 минут.
Өткен тақырыпты қайталау. «Қарама-қарсы шабуыл» әдісін қолдану. Топтар өткен сабақта танысқан тақырып бойынша сұрақтар дайындайды. Ойлануға – 1 минут. Сұрақ алмасуға – 6 минут.
1-топпен 2-топ бір-біріне сұрақтарын қояды. 2-топпен 3-топ бір-біріне сұрақтарын қояды, 3-топпен 1-топ бір-біріне сұрақтарын қояды.
«Қоңыр» күйінің әуенімен қайырымдылық, қорғансыздық туралы өлең оқу.
«Қорғансыздық» ұғымы туралы ой қозғау.
Сабақ тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіру.
ІІ. Жаңа тақырыппен танысу кезеңі.
М. Әуезовтің өмір жолы мен қызметі, шығармашылығы туралы баяндату.
Оқушыларға алынған үш әңгіменің қысқаша мазмұны беріледі.
Үш әңгіме бойынша сызба-кесте толтыру.
Әңгіменің құрылысы, негізгі оқиғалары
Кейіпкер тағдыры
Үш әңгімедегі қорғансыздарға Венн диаграммасын толтыру.
Егер сен жазушы болсаң, басқаша қалай аяқтаған болар едің?
Жазушының шығармадағы қайғы, зарды білдіру үшін қолданған психологиялық параллелизмдерін, пейзаж суреттеулерін тапқызып оқыту.
Ерекше әсер еткен сөйлемдерді тауып оқыту.
Шығарманы өмірмен байланыстыра отырып талдау сұрақтары:
Бүгінгі заманның Ғазиза, Қасымдары, Мақсұттың шешесіндей қарттары бар ма?
Ғазиза мен тағдырлас қыздар туралы ойларың қандай?
Бейбіт заманның Қасымдары неге көп?
Қарттар үйінде, өмірде Мақсұттың шешесінің кебін кигендер көп, себебі неліктен деп ойлайсыңдар?
Неге адамдар арасында мейірім, сыйластық, адамгершілік қасиеттер төмен болып барады?
Құран сөзі (Қайырымдылық, жетім-жесірге көмек туралы)
Елбасы жолдауы (халықты әлеуметтік қорғау туралы)
Ж.Кәрменов «Ойламаңдар жігіттер» термесі.
РАФТ әдісімен ой қорыту.
Кейіпкерге хат.
Жетім көрсең жебей жүр,
Жесір көрсең, желей жүр ..(ой толғау).
Р-роль
А-аудитория
Ф-форма
Т-тақырып
Ғазиза
Бүгінгі қыздар
Хат
Ар, намыс
Қасым
Бүгінгі жастарға
Ой толғау
Тастанды балалар
Оқушы
Мақсұт
Оқушы
Адамдарға
Үндеу
Адамгершілік, мейірім туралы
Жастарға
Хат
Ана алдындағы парыз
Қорғансыздар:
Қасым, Ғазиза,
Мақсұттың анасы
Жауыздық, қатыгездік туралы
«Галлереяны шарлау» әдісі арқылы бағалау. Әр топ басқа топтардың жасаған жұмыстарымен танысып, критерийлерге сай бағалайды. Қойған бағасын стикерлерге жазып жабыстырып кетеді – 5 минут.
Бағалау парағын толтыру. 1 минут
Оқушының аты-жөні:
Өз бағам
1-ші оқушы қойған баға
2-ші оқушы қойған баға
3-ші оқушы қойған баға
Мұғалімнің бағасы
Қорытынды баға
Үйге тапсырма: Әңгіме мазмұны негізінде кейіпкерлерге мінездеме жазып келу.