kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??гілік ?мірді а?са?ан ?ор?ыт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты о?ушылар?а сегізінші ?асырда Сырдария ?зеніні? бойында т?ркі хал?ыны? ата?ты а?ыны, ?обыз деген музыкалы? аспапты ал?аш жаса?ан, ел есінде са?талып ?ал?ан талай тамаша к?йлерді шы?ар?ан к?йші, м??гілік ?мірді а?са?ан ?ор?ыт туралы т?сінік беру болды.

Саба?та о?ушылар?а ?ор?ыт жырларында т?ркі хал?ыны? жау?а ?арсы к?ресі, ел ?ор?а?ан батырларды? ерліктері мен істері ?ор?ыт бабаны? желмаясына мініп, адамдар?а ба?ытты ?мір с?ретін, еш?ашан ?лім болмайтын жерлерді іздегені туралы айтылды.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??гілік ?мірді а?са?ан ?ор?ыт »

Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт.

«Өшпес өмір кілті өнерде»

(Қорқыт)


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері Қорқыт туралы жан-жақты мәлімет беру. Тарихи деректермен қатар халық арасында кеңіне таралған Қорқыт ата туралы аңыздар нұсқалары жөнінде түсінік беру. Әлем әдебиетіндегі «Өмір мен өлім күресі» тақырыбындағы шығармалар кейіпкерлері мен Қорқыт арасындағы ұқсастыққа тоқталу.

2.Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін, еске сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушылардың қазақ тарихы мен ауыз әдебиетіне, өнеріне қызығушылығын арттыру, олардың бойында оптимизм, табандылық, өмірсүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, оқу, аудару, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата портреті, тірек сызба, қосымша материалдар, үн таспаға жазылған Қорқыт күйлері.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Жаңа сабақты түсіндіру

1.Үн таспадан Қорқыт күйін оқушыларға тыңдату. Күйді тыңдап болған соң, балалармен күйден алған әсері туралы әңгімелесу:

- Какие чувства вызывают у вас это мелодия?

- Чувства грусти, тоски.....

2.Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.

Мұғалім: - Бүгінгі сабағымыз осы тамаша күйді шығарған Қорқыт атаға арналады. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт ата 7-8 ғасырларда өмір сүрген атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыт атаның ақындығының дәлелі – Қорқыт ата кітабы. Оның екі нұсқасы сақталған: Дрезден және Ватикан. Дрезден нұсқасы -12 жырдан, Ватикан нұсқасы- 6 жырдан тұрады.

Оның теңдесі жоқ күйші – композитор болғандығын халық жадында сақталған. «Қорқыт», «Қорқыт сарыны», «Ұшардың ұлуы», «Башпай» күйлері дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші- бақсылар, ақын-жырауларын бастар алдында, алдымен Қорқыт атаның есімін ауызға алуды шарт деп білген.

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы асқан ата.

Таң қалып жұрт бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.

Халық қобызды да жырға қосқан.


Халық ауыз әдебиетінен қобыз туралы үзіндіні 1 оқушы оқиды.

Оны келесі оқушы жалғастырады.

Халық арасында Қорқыт туралы аңыздар кеңінен тараған. Олар: «Қорқыттың өлімнен қашуы», «Қорқыт және қырық қыз», «Қорқыт пен ажал», «Қорқыттың Әзірейілмен алысуы». Бүгінгі сабағымызда солардың бірі – халық аңызы Қорқытқа тоқталамыз.

Сабақтың негізгі сөздерімен таныстыру: өмір, мәңгі өмір, өлім-ажал, өнер, көр.

III.Мәтінмен жұмыс (халық аңызы «Қорқыт»).

1.Мұғалім мәнерлеп оқиды.

2.Оқушылар түпнұсқа мен аударманы салыстырады.

3.Мәтін бойынша сұрақ-жауап негізінде сөйлесу.


Сұрақтары:

1.Қорқыт ата кім?

2.Ол қандай адам болған?

3.Қорқыт ата қандай өмірді аңсайды?

4.Қорқытты қандай ой мазалайды? (Не туралы көп ойланады?)

5.Ол бірінші рет қандай түс көреді? Түсінде не көреді?

6.Ол өлімнен қашып құтылмасын біліп, қайда оралады?

7.Екінші рет қандай түс көреді?

8.Қорқыт өлімнен осы жолы қашып құтылды ма?

9.Ол мәңгілік өмірді неден тапты?

10.Қорқыт өлгенімен, оның ісі өлді ме?

Мәтінмен жұмысты тапсырмалар орындау арқылы жалғастырамыз.

4.Деңгейлік тапсырмалар.

Кестені толтыр, сол бойынша Қорқыт ата туралы әңгімеле.


Қорқыт ата кім?

Туған жері

Қай ғасырда өмір сүрген?

Кітабы

«Қорқыт ата» кітабының неше нұсқасы бар?

Қорқыттың күйлері

Қорқыт

танушылар

Қорқыт ескерткішінің авторы кім?











Қорқыт туралы шағын әңгіме құрастыр.

Мәтіннің мазмұнын айтып бер.

5.Тапсырмалардың орындалуын тексеру.

6.Әлем әдебиетіндегі «Өмір мен өлім күресі» тақырыбына жазылған шығармаларға тоқталу.

- Какие вы еще знаете произведения на тему «Вечной борьбы жизни и смерти?»

Балалар ежелгі дүние тарихынан өткен «Гильгамеш» поэмасындағы Гильгамеш пен орыс әдебиетінен өткен Арион образдарын Қорқытпен салыстырады.

7.- Сонымен, балалар Қорқыт ата қандай қорытындыға келді?

(Оқушылардың назарын сабақтың эпиграфына аударамыз).

  • Өшпес өмір кілті өнерде деген қорытындыға келді.

  • Дұрыс. Қорқыт мәңгі өмірді өнерінен тауып, артынан өшпес із қалдырды. Өмірінің

соңында шығарған «Башпай» күйі – өмірмен қоштасу емес, өмір жырын шерту. Қорқыттың өшпес өмірді аңсап, тағдырға, өлімге қарсы тұруы өз қара басының қамы емес- бүкіл адамзаттың қамы. Қорқыттың жасампаздығы осында.

8.Үнтаспадан «Башпай» күйін тыңдату.

9.Сабақты қорытындылау.

10.Үй тапсырмасы. Сурет салып келу,сол сурет бойынша әңгімелеу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
М??гілік ?мірді а?са?ан ?ор?ыт

Автор: Аймагамбетова Дайра Рамазановна

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164684


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства