kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Маrатаев «Омiр сyрейiк алмасып»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: М.Ма?атаев «?мір с?рейік алмасып»

Саба?ты? ма?саты:

1) ?аза? хал?ыны? е? дарынды, тамаша а?ындарыны? бірі – М??а?али Ма?атаевты? кім екендігін т?сіндіре отырып, оны? ?мірімен ж?не шы?армашылы?ымен таныстыру ар?ылы о?ушыларды? ?дебиет п?ніне деген с?йіспеншіліктері мен ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

Саба?ты? ?дістері:

1) М?нерлеп о?у, талдау, с?ра?-жауап, іздендіру, «?арлы кесек», «?ткен саба? бойынша диалог», «Ойлан, бірік, б?ліс», «С?йлейтін ?абыр?алар», «?рмекшіні? торы» ойындары о?ушыларды? ойлау ж?не тілдік ?абілеттерін, ?арым-?атынасты? біліктілігін дамыту?а м?мкіндік тудыру;

2) Топ?а б?лу ар?ылы о?ушыларды ?аза?ша с?йлей білуге, бірігіп ж?мыс  жасау?а да?дыландыру, жа?дай жасау;

3) ?аламгерді? ?мірін о?ушылар?а ?лгі ету. «?мір с?рейік алмасып» ?ле?і ар?ылы ?лтжандылы? сезімін оятып, таби?атты, елді с?юге, салт-д?ст?рді ??рметтеуге ой салу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Маrатаев «Омiр сyрейiк алмасып» »

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып»

Сабақтың мақсаты:

1) Қазақ халқының ең дарынды, тамаша ақындарының бірі – Мұқағали Мақатаевтың кім екендігін түсіндіре отырып, оның өмірімен және шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылардың әдебиет пәніне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру.


Сабақтың әдістері:

1) Мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру, «Қарлы кесек», «Өткен сабақ бойынша диалог», «Ойлан, бірік, бөліс», «Сөйлейтін қабырғалар», «Өрмекшінің торы» ойындары оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым-қатынастық біліктілігін дамытуға мүмкіндік тудыру;

2) Топқа бөлу арқылы оқушыларды қазақша сөйлей білуге, бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру, жағдай жасау;

3) Қаламгердің өмірін оқушыларға үлгі ету. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, табиғатты, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге ой салу.


Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақынның портреті, аудиозапись, плакаттар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Қарлы кесек», «Өткен сабақ бойынша диалог»,

«Ойлан, бірік, бөліс», «Сөйлейтін қабырғалар», «Өрмекшінің торы».

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- амандасу;

- кезекшінің жауабын тыңдау;

- оқушыларды түгендеу;

ІІ. Тілдік ортаға бейімдейтін сұрақтарға жауап алу:

- Балалар, қазір қай сабақ?

- Қазір қазақ әдебиеті сабағы.

- Қазақ әдебиеті сабағы сендерге нешінші сабақ?

- Қазақ әдебиеті сабағы...сабақ.

- Қазақ әдебиеті сабағында біз не істейміз?

- Сабақта оқимыз, аударамыз, мазмұндаймыз...т.с.с.

- Балалар, тақтаға қараңыздар. Бұл кім?

-

Тақтада Мұқағали Мақатаевтың портреті

Даналық сөздер жазылған.


Мұқағали Мақатаев - біздің замандағы ғажайып ақындарының бірі.

(Ә. Тәжібаев)

Мұқағали Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, өлең халық

басты жанашыры болған суреткер. Ол-ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.


IІІ Жаңа сабақ:

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі (түсіндіру арқылы):

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда үлкеннің де, кішінің де сүйікті ақынына айналған, Қазақстанның халық жазушысы, «Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Мақатаев туралы сөйлеспекпіз. Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Нарынкөл ауданында дүниеге келді. Ол «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға-жүрек» жинақтары арқылы әдебиетке қосылған талант екенін танытты. Ақын тау мен даласын, ұлы Отанын, адамзаттың асыл бесігі-жұмыр жерді сүйеді, қадірлейді. Мақатаев өлеңдерінде адамдар бойындағы асыл қасиеттерді барынша дәріптеумен бірге, өмірде іске енжарлық, бойкүйездік, даңғойлықты қатты сынады. Оның жүрекке жылы, сезімге әсерлі, кімге де болса тіке айтатын өткір әрі сұлу жалын атқан жырларын оқушы қауым сүйіп оқиды. 2011 жылы ақиық ақынның 80- жылдығы елімізде кең тойланды.

ә) Тақырыпқа ену («Өмір сүрейік алмасып» өлеңін үнтаспадан тыңдау).


ІV. Оқулықпен жұмыс:

1. Ақын туралы мәліметпен танысу

2. Сұрақтар құрастырып, бір-бірлеріне сұрақ қою (жұппен жұмыс)

1. Өлеңді игерту бағыты.

А) өзім мәнерлеп оқимын;

ә) оқушылар әр шумағын жеке-жеке оқиды;

б) әр шумағын оқушыларға оқыта отырып, өлеңнен не тусінгендерін айтқызу; әнерлеп оқу).

Мұғалім: Балалар, М.Мақатаев өлеңінің қандай ерекшелігін байқадыңдар? Жауапты әдебиет теориясынан іздеп көрейік.

2. Теориялық бағыт. (түсіндіру)

Параллелизм (грек: «қатар жүру») - екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Әдебиет қаһармандарының бастарында болатын күйініш, әр түрлі психологиялық өзгерістерді суреттегенде, оған табиғатта, не жануарларда болатын әр түрлі құбылыстар қатарласа, жарыса жүреді. Сол қатарластыру арқылы адамның басындағы сезім дүниесін суреттеу психологиялық параллелизм әдісі болып табылады.

V. Тақырып бойынша топтық жұмыс

«Ойлан, бірік, бөліс» ойыны бойынша оқушыларды екі топқа бөлемін. Ойлан-оқушылар ойланады, бірік-бастарын біріктіріп өзара ақылдасады, бөліс-екі топ өзіне берілген тапсырманы бір-біріне түсіндіреді.

VІ.Сергіту сәті. Оқушыларды «Сөйлейтін қабырғалар» ойынымен таныстырып, ойнату. Бұл ойын бойынша оқушылар тақтадағы ілініп тұрған мәтінді тез-тез оқиды, сөйтіп орнына келіп оқығандарын қағазға түсіреді.


VІІ. Қорытындылау:

а) бағалау: «Өрмекшінің торы» ойыны арқылы оқушылар өзін-өздерін бағалайды.

ә) үй тапсырмасы:

1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып, мазмұндау.

2. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңінің жаттау;




А.Пушкин атындағы

41 көпсалалы гимназияның

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Мұраталиева Айнура Сайлаубаевна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М.Маrатаев «Омiр сyрейiк алмасып»

Автор: Мураталиева Айнура Сайлаубаевна

Дата: 30.05.2015

Номер свидетельства: 216340


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства