kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Ма?атаев "Фантазия"

Нажмите, чтобы узнать подробности

М. Ма?атаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына ?арасты ?арасаз ауданында д?ниеге келген. А?ынны? балалы? ша?ы ?лы Отан со?ысына т?спа – т?с келді. М??а?али 10 жасынан бастап со?ыс?а кеткен ?кесін са?ынып ?ле?дер жаз?ан. М??а?али ?шін ?ле? жазуды? арты? ба?ыт болма?ан. Ол ?ле? болып ?мір с?реді, ?ле? боп ?мірден ?тті.
1964 жылы «Ильич» атты т???ыш поэмалар жина?ы жары? к?реді, «?арлы?аш келді? бе?», «Дари?а ж?рек», «А??улар ?йы?та?анда»,
«?мір - дастан», «?мір - ?зен», «Со??ы ж?рек» ?ле?дер жина?тары шы??ан. «?ош махаббат» пьессасыны? авторы У. Унтменні? ?ле?дерін
В. Шекспирді? сонеттерін, Дантені? «??дыретті» комедиясын аудар?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Ма?атаев "Фантазия" »

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі.
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға сезіммен өлең өрген жыр пырағы - Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату. Мұқағали өлеңі арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі қиял - ғажайып ертегілердің қазіргі таңда шындықпен байланысын көрсету.
б) Тәрбиелік: оқушыларды поэзияны сүйе отырып, өз халқының әдебиеттегі бай мұрасын құрметтеуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Ақынның салған фантазиясын,
талғамын шыңдау, оқушыларды өмірге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
В) Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, ізденушілік қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, іздендіру.
Көрнекілігі: кітап көрмесі,, интербелсенді тақта, ақынның өмір жолын бейнелейтін слайд, флипчарт.

Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, түгелсіңдер ме? Кезекші кім?
- Қане, енді, тақтаға назар аударайық.
1 - слайд
2 - слайд.
Слайд арқылы тренинг жүргізу.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

3 - слайд. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Еліміздің болашағы - білімді ұрпақ қолында»деген қанатты сөзін бүгінгі сабағымызда басшылыққа аламыз.
Үй тапсырмасын сұрау: Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ» деп аталатын өлеңі.
- Ендеше, өлеңді мәнерлеп оқиық.
(Күй «Жұмыр қылыш» жай орындалып тұрады)
Оқушылар 2 шумақтан кезектесе оқығаннан кейін.
- Балалар, жақсы, үйде дайындалғандарың көрініп тұр. Енді ActivWord арқылы білімдеріңді сынап көрейік
1. Қуандық Шаңғытбаев кім?
2. Сабалақ кім?
3. Абылай қай жылдары өмір сүрген?
4. Қ. Шаңғытбаевтың қандай шығармалары бар?
5. Абылай кім?
Қорытындысы тақтадан көрсетіледі.
Мұқағали Мақатаевтың « Ойхой қазақ даласы не көрмедің» өлеңі компьютерден тыңдалады.
Слайд « Қазақ даласы» көрсетіледі.
4 - слайд. « Менің елім - Қазақстан». «Қазақстан - баршамыздың отанымыз. Қазақ жері - Абылай сынды батыр бабалармызбен қоса, арқалы ақындардан да кенде емес»- деп жаңа сабақпен байланыстыру.
- Ендеше сезіммен өлең өрген жыр пырағы - Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен танысу мақсатында жаңа сабағымызды бастаймыз.

Флипчарт арқылы
Сабағымыздың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі.
Дәптерлеріңді ашып, жазып қойыңдар.
Интербелсенді тақтадан Мұқағалидің суретін көрсету. (Компьютерден М. Мақатаев портреті көрініп, «Менің анкетам» өлеңін оқимын.)
Менің анкетам
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Мекен жайың?
- Мекен жайым - жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.- дейді ақын өзі туралы.
Балалар, жекелеген оқушыларға алдын - ала тапсырмалар берілген болатын. Ендеше, Құндызды тыңдайық.
Құндыз.
Ақын күнделігінен
14 ақпан 1976 жыл
«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар - жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.»
Жақсы. Енді, Аягөзді тыңдайық.
Аягөз: Мұқағали Мақатаевтың өмір жолын зерттеу кезінде біз былай кесте арқылы жинақтадық.

Уақыт Оқиға
1931 жыл 9 ақпан Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.
1941жыл Әкесі Сүлеймен өзі сұранып соғысқа аттанады. Мұқағали 10жасынан бастап, соғысқа кеткен әкесіне арнап өлеңдер жаза бастаған.
1948 жыл Тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық газетінде басылды.
Өмір өткелдері Ерте есейген балалық
Ауылдық кеңес хатшысы
Қызыл отаудың меңгерушісі
Комсомол қызметкері
Жеті жылдықмектептің мұғалімі
1954 - 62 жылдар Қазақ радиосында диктор және педагогикалық қызмет атқарған.
1962 жыл Алматы қаласына көшіп келеді.
1962 - 72 жылдар «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1972 - 73 жылдар Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.
1976 жыл 5 наурыз Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.
1985 жылдан бері Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.

Аққу не айтар екен?
Шығармалары

Жылдары Шығармалары
1962 жыл «Аппасионата»
1964 жыл «Ильич»
1966 жыл «Армысыңдар, достар»
1968 жыл «Қарлығашым, келдің бе»
1970 жыл «Мавр»
1972 жыл «Дариға - жүрек»
1974 жыл «Аққулар ұйықтағанда»
1975 жыл «Шуағым менің»
1976 жыл «Өмір дастан»
1978 жыл «Өмір - өзен»
1981 жыл «Бәсіре»
1982 жыл «Соғады жүрек» (таңдамалы 2 томдық)
1984 жыл «Шолпан»
1988 жыл «Қош махаббат»
1989 жыл «Жырлайды жүрек»
2001 жыл Ақынның «Аманат» жинағы Мемлекеттік сыйлық иеленді

Ақын өмірі жайлы тағы кім не біледі?
М. Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауданында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа – тұс келді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудың артық бақыт болмаған. Ол өлең болып өмір сүреді, өлең боп өмірден өтті.
1964 жылы «Ильич» атты тұңғыш поэмалар жинағы жарық көреді, «Қарлығаш келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда»,
«Өмір - дастан», «Өмір - өзен», «Соңғы жүрек» өлеңдер жинақтары шыққан. «Қош махаббат» пьессасының авторы У. Унтменнің өлеңдерін
В. Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдыретті» комедиясын аударған.
Флипчарт

Ал енді, балалар, осы өлеңдерінің ішінде Мұқағали ағамыздың бүгінгі танысайық деп отырған өлеңі «Фантазия». Қалай ойлайсыңдар, фантазия деген не?
Ертегі Қиял
Фантазия
Арман
Сиқыр
Мұғалім: Ал енді осы «Фантазия» өлеңінің мәтінімен танысайық (кітаппен жұмыс)

Мен оқимын.
Оқушылар оқиды.
Өздеріне таныс және таныс емес сөздердің астын сызып қойыңдар («Түртіп алу» стратегиясы)
Флипчарт
Таныс емес сөздер тақтада:
Өлеңдегі түсінігі қиын сөздердің мағынасын анықтау (Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс)
Фантазия – ой елестете білуге қабілеттілік, қиял
Ақиқат – шындық, шын, айқын бар болмыс
Ғалам – бүкіл жер жүзі, әлем
Ғаламат – таң қаларлық, ғажайып
Ғұлама – араб тілінде ғалым деген мағынаны береді
Жай – найзағай, жасыл
Қат – қабат деген мағынаны беретін сөз
Қиял – фантастикалық ой, арман
Галилео Галилей – ХҮІ - ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Италияның атақты ғалымы
Николай Каперник – ХҮІ ғасырда өмір сүрген поляктың ұлы ғалым.
Балалар, жеті қат жер, жеті қат аспан, қиял, ертегі, ғаламаттар деген сөздерді қай тақырыптарды өткенде жиі қолдандық?
Оқушы: Ертегілерді өткенде.

Мұғалім: Ертегілердің қандай түрлері бар?
Оқушы:
1. Хайуанаттар туралы ертегілер.
2. Қиял ғажайып ертегілер.
3. Шыншыл ертегілер.

Мұғалім: Осының ішінде бізге жақыны қайсы, қандай ертегілерді ұнатасыңдар?
Оқушы: Қиял – ғажайып ертегілері.
Мұғалім: Қиял ғажайып ертегілер дегеніміз не?
Оқушы: Қиял - ғажайып ертегілерде ержүрек батыр адамдардың басынан кешкен сан қилы, сан алуан ерлік оқиғалары баяндалады.
Мұғалім: Енді өлең мен ертегі арасындағы байланысты ашып көрейік.
Флипчарт
Жеті қат жерін мына төңкерілген,
Жеті қат аспанымен көмкерілген,- деп ақын неге санмен өлеңді бастайды?
Оқушы: Өйткені жеті саны – киелі сан
Мұғалім: Ертегі оқиғаларында қандай сандар кездеседі?
Біздің қазақ халқында қандай сырға толы сандарды киелі деп санаймыз?
Оқушы: 3, 7, 9, 40 т. б атайды.
Жеті атаны атап беріңдерші?
Ғаламаттар туылған ертегіден
Бұл жолдан ертегімен қандай байланыс көріп тұрмыз?
Қиялдан жер бетіне сыя алмаған
Ойлап - ойлап отырып кілемімен
Аспанға ұшудан да ұялмаған

3. Қай ертегіде аспан шаһарына саяхат кешкен?
Қиялдап, менің дана байғұс бабам,
Алайда, атқа мініп, Айға ұшпаған
Бабамның қиялымен қанаттанып,
Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.
Мұғалім: Ақынның осы жолдары қазіргі таңдағы шыңдыққа жанаса ма?
Оқушы: Иә, қазір ертеде ата – бабаларымыз қиялдаған кілеммен ұшу, айға қонып, жайды ұстағаны, қазіргі таңда ұшақ, тік ұшақ, ғарыш кемелері алмастырып отыр.
Мұғалім: Ал ендеше, балалар, ата – бабаларымыздың қиялынан туған оқиғалармен бүгінгі шыңдықтың байланысы бар ма екен?
Оқушы: Байланысы бар. Ертегідегі қиял бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр.
Мұғалім: Ендеше ақын ағамыздың айтқысы келгені де осы.
Келесі талдау жұмыстары:
Өлең құрылысына талдау. 3 балаға кеспе қағаздар беріледі. Олар орнында отырып талдап, тақтаға жазады.

Келесі талдау жұмыстары:
1. Өлең құрылысына талдау.
4 3 4
Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған// а
4 3 4
Ертегіден/ ғұлама/ дана туған// а
3 4 4
Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен// б
3 4 4
Адамның/ қиялында/ жаратылған// а
Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.
Өлең талданғанша көзге арналған жаттығуларға кезек берейік.
«Гүл шоғыры», «Балықтар»
Флипчарт арқылы тексеру.
Қазір енді өлең құрастырайық. Дәптерлеріңе қарап, жаңа сөздерді қолдануларыңа болады.
Бес жолды тұжырым
1 зат есім
2 сын есім
3етістік
4 сөзді сөйлем
Синоним

Позия минуты.
Кім ақынның өлеңдерін оқиды? Мүмкін, біздің қонақтар оқитын шығар? Қазіргі кезде Мұқағали әндерін халық сүйіп тыңдайды. Музыка пәнінің мұғалімі, бүгінгі қаламызға танымал болған әнші - Алтынбек ағаларыңнан бір ән сұрайық.
Осынау әсем әннен соң, кезекті тағы да естеліктерге берейік.
Құндыз:
Мұғалім: Бұл өлеңге Светлана Әбдіхалықова деген апамыз ән жазып, әнді қазақтың Ақ Баяны атанған Мәдина Ералиева тұңғыш рет сахнаға алып шығады. Біреуі – ақиық ақын. Екіншісі – ақынның досы, біртуар сазгер. Үшіншісі – асқақ үнді әнші. Осы ән арқылы халық үшеуін де ұмытпай, есіне алып жүреді.
Мұқағали ақынның дауысымен. « Есіңе мені алғайсың» өлеңі оқылады.
Сабақты қорытындылау: Шығармашылық жұмыс «Мұқағали ағаға хат» («Есіңе мені алғайсың» әні ойналып тұрады).
Бүгінгі күн - наурыздың 5 - жұлдызы - Мұқағали ақынның мәңгілік ғұмырға аттанған күні. Біздің халықта «Өлі риза болмай, тірі байымайды»- деген сөз бар. Біз бүгін Мұқағали ағаны еске түсірдік, ақынның аруағы бір аунап түскен шығар. Орнымыздан тұрып бір сәт еске алайық.
- «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали мәңгі тірі, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.
- Қанеки, бүгінгі сабақта нені білдіңдер, не білгілерің келеді, Инцерт әдісі бойынша кестені толтырып шығыңдар.
Білемін
Не білгім келеді?
Үйренерім

Алдарыңдағы жүрекшелерге жақсы тілектер жазып, қонақтарға сыйлаңдар.
Слайд. Сабақтың соңы. Қазақстанның гүлденуі. Міне, бүгін біз еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қостық.
Үйге тапсырма:
Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі. Өлеңді жаттап келу.
Музыка. Есіңе мені алғайсың. МР - 3 ( Музыка), слайд « Мұқағали»



Сынып: 9

Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты:

а)білімділік:  оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру, шығармаларының тілін, мазмұнын түсіндіру;

 

ә) дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін, қабылдау, қабылдағанды түйсіну, есте ұзақ сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету,  өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылық дарындарын ұштау;

б)тәрбиелік: : өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу,шығарма мәтіндерін арқау ете отырып,рухани-адамгершілік бағытында тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,  ББҮ, мағынаны тану, қызығушылықты ояту, 

                             ойтолғаныс, шығарманы талдау, 5 жолды өлең, топтастыру, 

                             түсініктеме күнделігі, іздену, шығармашылық тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: жұлдызшалар, суреттер, үнтаспа, кітап жинақтары,

                                          буклет

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі

Сабақтың формасы: жұптық, жекелей

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

Ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

-         Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

         Амандасып алайық

          Бір жадырап қалайық! – деп бүгінгі сабағымызды бастағалы отырмын. Қош келіпсіздер қымбатты ұстаздар!

Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. «Абай» ауылы, «Ыбырай ауылы», топ басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау. «Нақ сұрақ, дәл жауап»

Тақтада жұлдызшалар ілініп тұрады, оқушылар кезекпен шығып жауап береді.

(1917-1956 жылғы қазақ әдебиеті бойынша)

1.20-жылдардағы қазақ поэзиясында революцияшыл бағыттың топ бастаушысы    

   кім болды? (С.Сейфуллин)

2. Мырқымбай атты кедей өмірін суреттеген қай ақын? (Б.Майлин)

3. С.Мұқановтың мемуарлық романы? («Өмір мектебі»)

4.С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау» романының екінші аталуы? («Ботагөз»)

5. Ғ.Мұстафиннің «Шығнақ» повесінде тарыдан мол өнім жинап, рекорд жасаған

   адам кім? (Шығанақ Берсиев)

6. С.Мұқановтың қазақтың атақты зерттеуші-ғалымы туралы жазған шығармасы?   

   («Шоқан Уәлиханов» пьесасы)

ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

-Қазағым,қақтықпа.қамалма! 
 Ел болар қамыйды амалда! 
 Кетті түн, ағып таң, шығып күн 
Сал малды, сал жанды аянба! –деп  қазағына ұран айтқан

Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығына зер салғалы отырмыз.

Дәптерімізге бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қояйық.

 

Проблемалық сұрақ.

-         Жүсіпбек Аймауытұлы туралы не білеміз?

ББҮ әдісі бойынша алғашқы екі торкөзді толтырады.

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

 

Мағынаны тану.

-         «Артымда қыруар елім бар,

Өлсе де денем, мен өлмен» - деп Жүсіпбек ақынымыз айтып өткендей

Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ақын, прозаик, драматург, әнші, журналист-публицист, сазгер, ғалым, психолог ретінде танылады. Жүсіпбек 1889 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту» қазіргі Жүсіпбек аймауыт ауылында туып, өсті. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндібай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер болған. Содан  1931 жылы дүниеден озды.

Жүсіпбек жастайынан арабша хат танып, оқып үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

 Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

 Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.

 Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

 Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Жүсіпбектің қолынан тастамайтын 3 домбырасы болыпты. Ақынның сазгер де болғанын білеміз. Бізге жеткен 10 шақты әндерінің көбі қазіргі уақытта халық әні болып орындалып жүр. Мысалы: «Екі жирен», «Шәмші-хамар », «Балқурай» т.б.

(Слайд арқылы таныстыру)

1.     «Ойтолғаныс». Ақын шығармаларына тоқталу.

-         Бұрын-соңды оқыған ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?  («Әнші»)

Ендеше «Әнші» әңгімесін есімізге түсірейік.

«Абай» ауылы шығарманың композициялық құрылысына тоқталсын.

1.     Басталуы: әншімен алғашқы таныстық

2.     Оқиғаның байланысуы: ән құдіреті

3.     Оқиғаның дамуы: наурыздағы сауық той

4.     Оқиғаның шиеленісуі: Ақтамақ хикаясы

5.     Оқиғаның шарықтау шегі: Өлімді жеңген өнер құдіреті.

           «Ыбырай» ауылы шығарманың кешенді мазмұндық талдау жасасын.

 

Авторы

 Жүсіпбек Аймауытов

Тақырыбы:

Әншілік өнер

Идеясы

Әншілік өнерді құрметтеу, дәріптеу

Жанр түрі

Прозалық, әңгіме түрінде

Бөлімдер саны

3

 

-Осы шығармадағы әншінің прототипі кім? (Әміре Қашаубаев)

-Қай жерде болған әлемдік концертке қатысты? (Парижде)

 

Осы сияқты Жүсіпбектің шоқтығы биік шығармасы «Ақбілек» романы

 болып табылады. Бұл роман – өзінің сюжеттік композициялық құрылымымен де, бейнелі, кестелі сөз өрнегімен де қазақ әдебиетінің асыл мұраларының қатарына жатады (слайд арқылы көрсету) .

 

2.Шығармашылық жұмыс.

-         Ән тыңдау (оқушылардан әуеннен алған әсерін сұрау)

-         5 жолды өлең





 

«Абай ауылы»                                                   «Ыбырай» ауылы

1.Зат есім-     әнші                                                 ұршық

2. Сын есім-   асқақ, танымал, дарынды         қатты, зуылдақ, зырылдақ

З. Етістік- шырқайды, орындайды, әуендетеді  айналады, қозғалады, зырылдайды

4. Сөйлем- Әнші әнді шырқай жөнелді.            Ұршық зуылдап жүгіре жөнелді.

5. Зат есім- адамзат                                                       құрал

-           

3.«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...»

-         Ақын өлеңдерін оқушылардың жатқа оқуы (идеясын ашу).

-         Тілдік талдау, әдеби талдау, өлең құрылысына талдау(жазбаша).

Бекіту. Топтастыру стратегиясы бойынша.

Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларының атын жазып шығайық.





 

                                                                          













































 

 

-ББҮ әдісі бойынша соңғы торкөзге жазғанымызды оқып шығайық.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы

Аты-жөні

Үй тапсырма

Сұрақ-жауап

ББҮ

Шығ.талдау

5 жолды өлең

Өлең талдау

Топтастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма.

- Оқулықтың 241-243 бетін оқу.

- Түсініктеме күнделігін толтыру.

 

Мәтіннен қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазу.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазу(нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

 

 

 

 

Мұғалім сөзі:  Айшықты ой

       

                         

«Жүсіпбек Аймауытов – бүкіл бітім, табиғатымен, бар икем – қабілетімен, алған мамандығымен, істеген қызметімен негізінен ұстаз адам»  Т.Қожакеев                          

Үлкен де сіз,

           Кіші де сіз.

           Барша жанды құрметтеп

            Бас иеміз біз - дей отырып Жүсіпбек Аймауытұлына арналған сабағымды қорытындылаймын. Келіп қатысқандарыңызға рахмет.



Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың көрнекті жазушысы
Мақсаты:
1. Білімділік - Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру. Жазушының әдеби мұрасын негізгі ерекшеліктерін ұғындыру.
2. Дамытушылық - Оқушылардың қазақ зиялыларының өмірі мен шығармаларымен жете танысып, ізденімпаз, шығармашыл болуға, сөз өнерін қадір - қасиетімен танысуға білімдерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік - Оқушыларды көркем әдебиетті оқуға, адамгершілік - рухани дүние танымын байыта білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, әдеби танымдық.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Жазушы өмірі жайлы слайд, сызба - кесте,
Сабақтың әдістері: Оқу, әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, салыстыру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білімді жан - жақты тексеру.
- Қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар жазушылар кімдер?
- М. Дулатовтың қандай танымал шығармасы бар?
-«Көкшетау» поэмасының авторы кім?
- Көкшетау поэмасындағы халық аңыздарды ата?
- М. Жұмабаевтың поэмаларын ата?
-«Қойлыбайдың қобызы»поэмасының тақырыбы не?
- С. Торайғыровтың «Қамар сұлу»романының тақырыбы мен идеясы.
- 1916ж Ұлт - азаттық көтеріліс жырларын ата?
XX ғасырдың басында алмасқан қоғамдық құрылыстар жіктелген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол қоғамның аласапыран шындығын әдебиет әлемінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің бірі – Жүсіпбек Аймауытов еді. Бүгінгі сабағымыз қаламгердің шығармашылығы жайлы болмақ. (оқушыларға үй тапсырмасы ретінде өмір жолын оқып келу тапсырылған)
1. Ой шақыру. Жүсіпбек – жазушы, ақын, сыншы, драматург, аудармашы, публицист.
1. Жүсіпбектің туып - өскен жері? (Павлодар облысының, Баянауыл ауданы)
2. Жүсіпбектің ата - тегі кімдер?
3. Жүсіпбектің ауыл молдасынан ескіше оқыды?
(Жүніс қожа, Шәймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан деген кісіден сабақ алады.)
4. Баянауылда оқыған жылдары?(1907ж)
5. Екі классты орыс - қазақ мектебінде қай қалада, қай жылы оқиды?(Кереку, 1911ж.)
6. Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқыған жылдары?(1914 - 1919ж) Қ. Сатбаев - пен, М. Әуезовпен танысып бірге оқиды.
Семинарияда оқыған жылдары «Абай»атты журнал шығарып, «Сарыарқа» газетімен қызметтес болды.
Семинарияны бітірген соң (1919 - 1920ж) Семей губерниялық Атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, «Кедей таңы»атты газетінің редакторы болып жұмыс істейді. 1921ж. «Қазақ тілі»газетінің редакторы, 1922ж. Мұғалімдік қызметке ауысқан.
Пьесалары туралы түсінік
Жүсіпбектің сан саналы шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі - оның драматургиясы. Ол қазақ әдебиетінде төңкеріс қарсаңында ғана туа бастаған осы жанрдың да негізін салушылардың қатарында аталады. Сонымен қатар Жүсіпбек - қазақтың ұлттық театр өнерінің де бастауында тұрған адам.
1916ж. Алғаш 5перделі пьесам (Нұрғали Құлжанов ұнатпаған соң) жарыққа шықпады, оған 1916 - 1917ж. Туған пьесалары.
«Қанапия - Шәрбану»1916 - 1917ж. Пьесалар.
«Қанапия - Шәрбану»пьесалары 1926. Кітап болып басылып шыққан.
«Салиқа қыз»(1922),»Ел қорғаны»(1926ж), «Шернияз»(1926ж), «Мансапқорлар»(1922ж), «Рәбиға»(1926ж), «Қанапия - Шәрбану»(1925ж)
Ж. Аймауытов пьесалары идеялық бағыт - бағдары жағынан да, көркемдік ізденістері тұрғысында жиырмасыншы жылдар әдебиетіндегі жаңа құбылыс болып табылады. Ол жаңаның жеңісін, ескінің күйреуін суреттей отырып, өз дәуірінің жаңа адамдарын ашты, қазақ ауылындағы әлеуметтік тартыстың сырын шынайы бейнелейді.
1топ. Жүсіпбек – ақын
2 топ. Жүсіпбек – прозашы
3топ. Жүсіпбек - драматург тақырыбында слайд жоба қорғайды (3 - 5мин)
Ой толғау «Жүсіпбектің әдеби мұралары – ұлттық құндылығымыз»
Сабақты қорытындылау: Жазушы Жүсіпбек өз еліне көп еңбек сіңірген. Аудармашы есебінде Жүсіпбек орыстың және дүние жүзілік классикалық әдебиеттің туындыларын қазақ тілінде сөйлеткен. Н. В. Гоголдің «Ревизорын», А. С. Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң серісін», Ф. Дюшеннің «Дәмелі», С. Чуйковтың «Тау еліндегі оқиға»сияқты туындыларды аударған.
Жас ұрпақты жаңа рухта, адамгершілікке, жақсы мінез – құлыққа тәрбиелеуде «Тәрбиешіге көмек», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты педагогикалық еңбектерін мен ғылыми зерттеулері мәні зор болған. Жүсіпбектің әдеби мұрасы қазақ әдебиетінің тарихи қорынан ерекше орын алатыны сөзсіз
Үйге тапсырма: «Ақбілек романы - реалистік роман» оқып, талдап келу





Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Суреткер жазушы Ж. Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан – жақты білім беру үшін, жазушының азаматтық биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін танып – білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ауыз – екі сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, оқуға деген ынтасын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды елін, жерін сүйе білуге баулу. Адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Жазушы өмірін үлгі ету. Әдебиетті сүюге баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрсіз, пікір қорғау (зерттеу сабағы).
Сабақтың әдісі: Ой шақыру, әңгіме – лекция, оқушы хабарламасы, түсіндірмелі әдіс, өз бетінше зерттеу.
Сабақтың таным белгілерін арттыру: Жеке және топтық форма (ФОПД)
Сабақтың көрнекіліктері: Жазушы өмірі туралы буклет, ғалымдардың естеліктері, сын зерттеу мақалалары. Жазушының шығармалары кітаптар көрмесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың құралдарының бар - жоғын қадағалау.
ә) Кезекші арқылы сыныпты түгендеу.
б) Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
в) Бүгінгі күнді тақтаға жазу.

Үй тапсырмасын тексеру
Балалар үйге С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына байланысты реферат, газет беттерінен мақалалар тауып келуге берген болатынмын. Қане кім дайын? Балалардың рефераттарынан кішкене мазмұнын сұраймын.

Жаңа сабақ:
- Балалар біз жаңа сабақты бастамас бұрын маған мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Ж Жүсіпбек Аймауытов туралы не білесіңдер?
2. Қандай шығармаларымен таныссыңдар?

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақ әдебиеті алыптарының бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Оның қазақ әдебиетінің жанр жағынан дамытудағы еңбегі орасан зор. Ол – ақын, прозашы, публицист, сыншы, театр режисеры, аудармашы педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті. Қазақ әдебиетін проза, драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын жазуға қатысқан.
Осындай әдебиетіміздің, театрдың, ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді.
Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана – 1988 жылдан бастап Ж. Аймауытовтың өмірі мен еңбектері және мақалалары жарық көре бастады.

1. Ғылыми – педагогикалық мұрасы
Ғылыми - педагогикалық мұрасы

Тәрбие жетекші
Психология
Жан жүйесі және өнер таңдау
Комплексті оқыту жолдары

2. Поэзиялық туындылары

Сарыарқаның сәлемі
Ах - ха - хау
Көшу
Тұңғиық түпсіз астында
Ұршығым
Жәмила
Әскер марсельезасы
Нұр күйі поэмасы

3. Драмалық жанры

Ескі тәртіппен бала оқыту
Рабиға
Мансапқорлар
Сылаң қыз
Шернияз
Қанапия мен Шәрбану
Ел қорғаны

4. Прозалық жанрлары
1. Романдары: «Қартқожа»1626;«Ақбілек» 1927 - 1928
4. Хикаяттары: « Күнекейдің жазығы» 1928
5. Сын мақалалары: Абайдан соңғы ақындар 1918; Мағжанның ақындығы 1923; Аударма туралы; Сұңқар жыры
6. Әңгімелері: «Бетім – ау, құдай ғой»; Елес 1924; Өмір деген осы ма?; Мысыққа ойын, тышқанға өлім 1923; Әнші 1925; Боранды болжағыш әулие; Көшпелі Көжебай 1925.

Сабақты қорыту:
- Міне балалар, өздерің жазушы туралы естеліктер мен пікірлерден мысалдар келтіре отырып, оның адамгершілік қасиеттерін, еңбектерін, туған жерге деген сүйіспеншілігін танып білдіңдер. Ендеше, Жүсіпбек әлемі телегей теңіздей екен. Оның нағыз сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі екенін білдіңдер. Оның мол мұрасы – келер ұрпақ үшін мол қазына, асыл мұра. Оның өмірі ұрпаққа өнеге. Енді мына сызба схеманы толтырайық:

Жүсіпбек Аймауытов кім?

Ақын
Жазушы
Драматург
Публицист
Аудармашы
Домбырашы
Ұстаз - ағартушы
Ғалым
Психолог
Актер

Үй тапсырмасын беру.
(42 - 53 беттер) Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаяны мен Әнші әңгімесін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап береміз.
Бағалау.
Оқушыларды бағалаймын (2 - 3 минут)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
М.Ма?атаев "Фантазия"

Автор: Танатарова Жупар Тилеповна

Дата: 02.11.2015

Номер свидетельства: 247002


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства