kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Дулатов "Оян, ?аза?!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:        М.Дулатов (1885-1935) «Оян, ?аза?!» жина?ында?ы ?ле?дер. Саба?ты? ма?саты: М.Дулатовты? ?мірі мен шы?армалыры туралы білімдерін тере?дету; т?рбиелік м?ні- ?лтын с?йе білген а?ын хал?ы ?шін, хал?ыны? бостанды?ы ?шін жанын пида етті; дамытушылы?- М.Дулатов шы?армаларында?ы озы? идея, демократиялы? ба?ыт?а м?н беріп, а?ын ?ле?деріні? та?ырыбын ?з беттерінше аша білуге ынталандыру.

Саба?ты? т?рі: Ж?йеге келтіру саба?ы.К?рнекілігі: М.Дулатов шы?армалыры, о?улы?, хрестоматия, тірек сызба, «Оян, ?аза?!» жина?ында?ы ?ле?дерден ?зінді жазыл?ан плакаттар.?діс- т?сілі: Де?гейлік тапсырмалар, с?ра?- жауап, ?ле?дер жина?ы туралы баяндау, о?ыту, талдау, саба?ты ?орытып, ба?алау.

М??алім  ой ?оз?ау ма?сатында де?гейлік тапсырмалар береді.Топтар?а с?ра? ?ойып, шапша?ды?, жылдамды?, білімділік ?имылдарын ба?ылауды ма?сат етеді.          Ірі ?о?ам ?айраткерлері, ?аза?ты? зиялы о?ы?андары туралы тарихи естелік кестені толтыру тапсырылады,ойтол?ау жаздыру,?ле?дерді? идеялы? ба?ытын ашып, ж?йеге келтіру сек?лді тапсырмалар ар?ала о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеті дамытылады.І де?гей тапсырмалар с?ра?тар, ІІ де?гейде ірі ?о?ам ?айраткерлері, ?аза?ты? зиялы о?ы?андары туралы тарихи естелік кестені толтыру тапсырылады.        ІІІ де?гей  бойынша хал?ыны? келешек ?мірі ?шін к?ресіп, сол еліні? бас бостанды?ы мен жа?а ?мірдегі м?дениетін, білімін, ?ылымын армандап ?ткен а?алар аманаты туралы ойтол?ау жаздыру болып саналады. Міржа?ып шы?армалары ар?ылы   «Оян, ?аза?!» жина?ына енген  ?ле?дерді? идеялы? ба?ытын ашып, ж?йеге келтіру ар?ылы

    ?аза? хал?ыны? ?зін- ?зі билеген, мы?ыра?ан т?рт т?лік малын айда?ан к?шпелі ?мірін елестете отырып, ол кезді жа?тамай, керісінше сол кезді? кейбір к?ле?ке жа?тарын сынайды.

«Таршылы? халіміз ха?ында аз мінажат» ?ле?інде, халы?ты? соншама жал?аулы?ына к?йзеледі.

      «?нермен хасыл бол?ан н?рселер» ?ле?інде а?ын прогресс, ?ркениет жолмен ілгерлеп кеткен елдерді? с?ні дем?дениетті ?мірлеріне ?ызы?тыра, со?ан жетуге ша?ырады.

         «Т?ртіпті медресе жо? б?л ?аза?та» деген ?ле?інде, 4-5 жыл о?ыса да хат жаза алмай, шы?атын молда о?уын сынап, жа?а о?у ж?йесі ?нерлі болу?а ы?палды дейді

 Та?ырыпты баяндап ашу барысында, ?ле?дерінен ?зінділер айт?ызып отыру ма?саттал?ан.

  С?ра? –жауаппен саба?ты ?орытындылау. ?аза? жерлеріне ?оныстану туралы патша ?кіметіні? жарлы?ы ?ашан шы?ты? Міржа?ып «?аза?» газетін шы?ару?а араласты ма? Кіммен бірге ж?мыс істейді деген с?ра?тар ар?ылы саба??а ?ортыныды жасалады.  Жауаптарын, білімдерін бекітіп,ба?алау.?йге тапсырма ретінде ?ле?дерін жаттау.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Дулатов "Оян, ?аза?!" »

Ақтөбе облысы

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мамбеталина Дина Агалбаевна

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов (1885-1935) «Оян, қазақ!» жинағындағы өлеңдер

Сабақтың мақсаты: білімділік- М.Дулатовтың өмірі мен шығармалыры туралы білімдерін тереңдету; тәрбиелік мәні- ұлтын сүйе білген ақын халқы үшін, халқының бостандығы үшін жанын пида етті; дамытушылық- М.Дулатов шығармаларындағы озық идея, демократиялық бағытқа мән беріп, ақын өлеңдерінің тақырыбын өз беттерінше аша білуге ынталандыру.

Сабақтың түрі: Жүйеге келтіру сабағы.

Көрнекілігі: М.Дулатов шығармалыры, оқулық, хрестоматия, тірек сызба, «Оян, қазақ!» жинағындағы өлеңдерден үзінді жазылған плакаттар.

Әдіс- тәсілі: Деңгейлік тапсырмалар, сұрақ- жауап, өлеңдер жинағы туралы баяндау, оқыту, талдау, сабақты қорытып, бағалау.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру барысы

ә) Ой қозғау мақсатында деңгейлік тапсырмалар

Топтарға сұрақ қойып, шапшаңдық, жылдамдық, білімділік қимылдарын бақылау.

І деңгей

1- топ. 1. М.Дулатовтың туған жері және жылы. (Торғай обл.1885 жылы)

2. Ақынның білім алу кезеңдері.(Ауыл молдасы, 2 жылдан кейін Мұқан Тоқтабайұлынан орысша білім алады, 1897 жылы орыс-қазақ училищесінде, бітірген соң мұғалімдік курста оқиды, 1902 ж мұғалім )

3. 1-ші буржуазиялық төңкеріс кезінде Міржақып қайда болды? (1905 ж Қарқаралыда Ахаңмен бірге

патша өкіметіне хат жазады)

4. 1905 ж «Қазақ конституциялық- демократиялық партиясы» қай қалада, қандай съезде құрылды? Міржақып бұған қатысты ма? (Қатысты, Орал қаласында болды)

5.Міржақып Петербургке неге, қашан барды? (1906 ж делегет болып барды)

6. Петербургте қандай газет шығару ұйғарылды және оған ақынның қандай өлеңі басылды? («Серке» газеті, «Жастарға» өлеңі).

7. А.Байтұрсынов қандай газет ұйымдастырды, қайда, қашан? (Орынборда, 1913 ж «Қазақ» газеті)

8. А.Байтұрсыновтың қазақ балаларына сауат ашатын қандай ғылыми жұмысы болды, қалай аталады және қашан шықты?(Әліппе жазды «Оқу құралы» деп аталады. 1912 ж Орынборда, 1925 ж дейін 7 рет басылды)

2-топ

1. «Оян, қазақ!» жинағы 1- рет қайда, қашан басылды? (1909 ж Уфада)

2. 1910 ж Қазақ қаласында қандай шығармасы басылды? («Бақытсыз Жамал»)

3. 1911 ж Семейде Міржақыпты полиция неге тұтқындады?( «Оян, қазақ!» жинағы үшін патша )

4. «Оян, қазақ!» 2-ші рет қашан басылды? (1911 жОрынборда)

5. А.Байтұрсыновтың «Әліпбиі» қашан жазылды?

6. «Тіл құралы» еңбегі қай жылдары басылып, қай жылға дейін өңделіп қолданылды? (1914- 1916 ж үш кітап болып, 1928ж дейін 6-7 рет басылды. Қазақ тілінің фонетикасы, грамматикалық құрылымы туралы ғылыми жұмыстың басы).

7. Міржақып қашан жәрдем қорын ұйымдастырды? (1916 ж патшаның маусым жарлығынан қайта жазалауынан қашқан, босқын, аштыққа ұрынған қазақтарға тарихта тұңғыш рет қор ұйымдастырды).

8. Ірі қайраткер ақын қайда, қашан дүние салды және сүйегі туған жерге қашан әкелінді?

(1926 ж тұтқындалып Ақтеңіз Балтық каналы бойындағы Соловки деген лагерьде, қатты аурудан

1933 ж көз жұмды, туған жерге 1993 ж ғана сүйегі әкелініп, аруланып қойылды).

ІІ деңгей

Ірі қоғам қайраткерлері, қазақтың зиялы оқығандары туралы тарихи естелік кестені толтыру тапсырылады.

ІІІ деңгей

Халқының келешек өмірі үшін күресіп, сол елінің бас бостандығы мен жаңа өмірдегі мәдениетін, білімін, ғылымын армандап өткен ағалар аманаты туралы ойтолғау жаздыру.

б) Міржақып шығармалары, «Оян, қазақ!» жинағына енген өлеңдердің идеялық бағытын ашып, жүйеге келтіру.

Тақтаға ілінген плакаттағы жазылған бір шумақ өлеңді оқып, көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты... кітаптың беташары болған осы бір шумақтың өзі ақынның идеялық мақсатын, рухани басты нысанасын ашып тұрғандай, «Оян!» сөзі кім- кімді де елеңдетпей қоймайды. Тіпті татар, башқұрт оқығандары да назарларын салған еді. Ал патша цензурасы бұл кітаптың революциялық рухына төзе алмай, оны жоюды мақсат етті. Бірақ патша қаhарына қарамастан халық бұл кітапты көзінің қарашығындай сақтайды. Мысалы, «Қазақ» газетінде 1917 ж жазылған хабарда фельдшер Жұмағали Тілеулин үйінен «Оян, қазақ!» кітабының мың данасы табылғанын айтады. Қазақты оятамын деп, ақын маса болып ызыңдаған А.Байтұрсыновқа қосылады. Сөз басында «Осыдан 15 жыл бұрынғымен салыстырғанда нашарлап кеттік, ендігі (келешекте) аз ғана жылда неміз қалады» деп қынжылады. Жинақтағы «Қазақ халқының бұрынғы hәм бүгінгі халі» деген алғашқы өлеңінде қазақ елінің әлеуметтік хал- ахуалын сипаттап, халық тағдырын ойлау, оған қызмет ету- әрбір оқыған азаматтың парызы екеніне назар аудартады.

Бұл күнде бұларды ойлап қайғыда жүр,

Бар болған данышпандар парасатты .

Оқыған пайда берер жастарымыз,

Әр істен болса мәгер мағлұматы.

Қазақ халқының өзін- өзі билеген, мыңыраған төрт түлік малын айдаған көшпелі өмірін елестете отырып, ол кезді жақтамай, керісінше сол кездің кейбір көлеңке жақтарын сынайды.

Сол кезде біздің қазақ ала болған

Көлденең дұшпандары және болған

Күштілер нашарларын шауып алып

Бұрынғыдай болмаған, пәле болған,- дейді, немесе

Ел шауып, кісі өлтірсе батыр деген,

Батыры пақырлардың хақын жеген,

Біз мұндай бұл уақытта болар ма едік,

Істесе халық пайдасын ғақылменен,- деп, бір-бірін шауып, мал қуысып, барымталап, жер дау мен жесірдауынан аса алмаған ел билеген хандар мен бай- болыс, билердің ісіне налиды. Осының салдарынан 1723 ж Әбілқайыр ханның ресей патшасының қол астына кіріп, пана тауып, тіршілік етеміз деген үміттің де ақталмағанын, патшаның отарлау саясатының әділетсіздігін, халықты аяздай қарып, жер суынан,

жайлы қонысынан айырылғанына қабырғасы қайысады. «Қазақ жерлері» өлеңінде:

Кір жуып, кіндік кескен, қайран жерлер,

Мұжыққа, қош, аман бол барасың да.

Қалдың ғой көшесінің арасында,

Орман –тоғай кетті ғой, ағашың да

Ойласам, мұның бәрін, қияли боп,

Қападан ішім оттай жанасың да... –дейді ақын.

«Таршылық халіміз хақында аз мінажат» өлеңінде, халықтың соншама жалқаулығына күйзеледі.

Аз емеспіз- алты миллион халықпыз,

Әлхамдулла, надандыққа қарықпыз,

Жайымыз жоқ, одан басқа мақтанар,

Сахарада дикарь болып қалыппыз.

«Өнермен хасыл болған нәрселер» өлеңінде ақын прогресс, өркениет жолмен ілгерлеп кеткен елдердің сәні демәдениетті өмірлеріне қызықтыра, соған жетуге шақырады.

«Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта» деген өлеңінде, 4-5 жыл оқыса да хат жаза алмай, шығатын молда оқуын сынап, жаңа оқу жүйесі өнерлі болуға ықпалды дейді.

«Қазақ халқына діни бір уағыз» өлеңінде әр болыстан бір медресе ашып, онда екі молда педагогика жолымен бірі мұсылманша, бірі орысша білім берсе, сонда қазақ жастары дұрыс білім алып, ілгерілер еді деген пікірін көрсетеді.

«Насихат гумумия» (ғұмұмия-жалпы) өлеңі ұзақ, 7 бөліктен тұратын өлең. Бұл өлеңінде ақын жеке өлеңдерінде айтылатын өсиет, насихаттары, ойлары бір жерге тоғысып жинақталған. Соңғы бөлігінде өзінің аты- жөні, руы, шыққан жері, 25 жасында жазғаны айтылады.

«Насихат гумумияда» сонымен бірге өнердің қажеттігін, қайырсыз байлықтың құр талас тудыратынын, бай болсаң, сол байлығыңды өнер-ғылым жолына сал, халқыңа пайда тигіз, жас жігіттер уақыттарын бос жібермей, ғылымның шарбатымен сусындасын деген ұлағатты өсиет айтады. Жаңа мәдениетті үйренуге тырыссаң, орысша да газет- журнал оқы, айналадан хабардар бол деп жаңа бағытты сілтейді.

в) Тақырыпты баяндап ашу барысында, өлеңдерінен үзінділер айтқызып отыру.

Сұрақ –жауаппен сабақты қорытындылау. Қазақ жерлеріне қоныстану туралы патша үкіметінің жарлығы қашан шықты? Міржақып «Қазақ» газетін шығаруға араласты ма? Кіммен бірге жұмыс істейді. Жауаптарын, білімдерін бекітіп,бағалау.

Үйге: «оян, қазақ!» жинақтан өлеңдерін мәнелеп оқу, өмірбаяны туралы мәліметтер жинақтау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
М.Дулатов "Оян, ?аза?!"

Автор: Мамбеталина Дина Агалбаевна

Дата: 13.01.2015

Номер свидетельства: 154472


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства