Тақырыбы | 9-сынып. Қазақ әдебиеті. |
Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» –мәңгілік махаббат жыры (қорытынды сабақ) |
Мақсаты | 1.Тақырыпты терең талдау, идеясын жан – жақты айқындау. 2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортағ а салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастыру. 3. Әдептілікті, әсемдікті, махаббат, достық сезімдерін бағалай білуге тәрбиелеу. |
Жалпы мақсат | 1. Жыр кейіпкерлерінің жақсы қасиеттерінен үлгі ала отырып ұлттық рухты бойларына сіңіру, салт – дәстүрлерді қастерлей білуге баулу. 2. Сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру |
Күтілетін нәтиже | -Оқушылар жыр кейіпкерлері, оның ішінде Жібек, Төлеген бейнелері арқылы адамгершілікті, достық пен махаббатты, салт-дәстүрлерімізді, туған жерді сүюді үйренеді. -Өзіндік пікірлерін ортаға салуға дағдыланады, талдай білу дағдылары қалыптасады. |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Миға шабуыл,» Ассоциация, Кім шапшаң, Миға шабуыл, ой толғау, Блум таксаномиясы т.б. |
Ресурстар | Флипчарт, маркерлер, тақырыптық суреттер, интерактивті тақта, стикерлер, ноутбук, аудиожазба т.б. |
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг 2 минут | «Өзін-өзі сендіру формуласы» тренингін өткізу: - Мен толығымен өзімді бақылаймын. Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын және мен оларды жеке өсуімнің мүмкіндіктері деп қабылдаймын; - Менің өзіме деген сенімділігім күн сайын артуда; - Менің өз мақсаттарыма қол жеткізуге жағдайым бар және мен қол жеткіземін; - Мен өзімді бақытты, дені сау және сәтті оқушы ретінде елестетемін; - Мен өзімді қалай елестетсем, сондай боламын; - Мен сабырлымын және өзіме өзім сенімдімін. 2.Төрт топқа суыру арқылы «Мәңгі махаббат», «Ақ тілек», «Түпкі ниет», «Ізгі көмек» деген аттар қойылады. | -Түрлі түсті қағаздарды алып сол бойынша топ құрып орындарына отырады. -Сыныптағы сабаққа ынтасы төмен, белсенді қатыспайтын оқушылардың бірі бүгінгі сабақта ұпай сандарын есептеп отыру, топ жауаптарының дұрыс-бұрыстығын жариялап отыру үшін сарапшы болып сайланады. -Әр топқа осы сабақтағы бағалау ерекшеліктері туралы түсінік беріледі. -Әр топқа қызыл, жасыл, сары түсті кеспе қағаздар таратылады. -Оқушылар әр кезеңдегі тапсырмаларды орындап болған соң, өздеріне тиісті бағаларын алып отырады. -Топ басшыларына бағалау кестесі беріледі, ол әр кезең сайын өз тобын-дағы оқушыларды бағалап отырады. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Ой қозғау | Жаңа тақырыпқа бастау | Топ аттарының неліктен олай қойылғандығына назар аудартады. | Топтар жыр мазмұнына байланысты өз топтарының аттарына түсінік береді. |
Білім | «Миға шабуыл» «Жыр туралы білгенім» | Жыр мазмұны бойынша әр топқа 3 сұрақтан қойылады. | Әр топ жеке- жеке жауап береді, әр дұрыс жауап мадақтау смайликтерімен бір ұпай болып бағаланады. |
Түсіну | | -Жыр неге «Қыз Жібек» деп аталған,өзге лиро –эпостық жырлар сияқты қос ғашық неге қатар аталмайды? | 1.Топта талқылайды,талдайды, қорғайды, жауап береді. 2.Қыз Жібектің сипатын топ болып хормен жатқа оқиды. |
Қолдану | | Төрт топқа жыр ішінен өз топтарының аттарына сәйкес келетін кейіпкерлерді тауып жазу тапсырылады. «Біз кейіпкерлерден не үйрендік?» | Әр топ постерде өз кейіпкерлерінің бойынан үлгі ретінде алған немесе жиренген қасиеттерді атап жазады. |
Талдау Жұптық жұмыс | Сұрақ-жауап арқылы әр жұпты диалогқа түсіру. | Әр жұпқа жеке талдау сұрақтары беріледі. -Қалай ойлайсыңдар, Төлегеннің неге жолы болмады, Қыз Жібектің алғашқы махаббаты неге сәтсіз болды? -Төлегеннің әкесін тыңдамай кетуі дұрыс па? -Батаның адам өміріне әсері бар ма? - Жібектің Сансызбайға қосылуы дұрыс па? | Әр жұп сыни тұрғыдан өз ойларын ортаға сала отырып, нақты дәлелдермен жауап береді. |
Жинақтау | Тақырыпты жинақтау Постермен тақырыпты жинақтау, қорғау | Халық әні «Әгугай» жіберіледі. Ән аяқталғанша «Қыз Жібек» -мәңгілік махаббат жыры» тақырыбында тақырыпты жинақтау. Постер арқылы тақырыптарын қорғату. | Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды. |
Рефлексия | | «Махаббат мәңгілік болу үшін бізде қандай қасиеттер болуы қажет?» сұрағы бойынша қорытынды тапсырмаға түсінік беріледі. | Тақтада ілінген үлкен жүрекке оқушылар өздері қажет деп тапқан қасиеттерді стикерге жазып апарып іледі. |
Бағалау | | Өзін-өзі бағалау | Топтар жинаған смайликтерінің санына қарай бағаланады. |
Үйге тапсырма | | «Өмір махаббаттан құралған» ойтолғау жазу. | Бір –біріне қол соғып қошемет көрсету. |