Саба?ты? та?ырыбы: Тіл біліміні? салаларын ?айталау
Саба?ты? ма?саты:
1)білімділік: ?аза? тіл біліміні? салалары бойынша ал?ан теориялы? білімдерін практика т?р?ысынан бекіту; о?ушыларды біры??ай ?лтты? тестілеуіне дайындау.
2)дамытушылы?:о?ушыларды? тез ойлау,есту,к?ру да?дыларын жетілдіру; логикалы? ж?йесін ?алыптастыру; тапсырмалар,
с?ра?тар, тест ар?ылы ?з білімдерін ба?алау?а жатты?тыру;білімге
ынтасын дамыту;
3)т?рбиелік: о?ушыларды? ой - а?ылын ?штастырып, жан-жа?ты
білім алуын ?амтамсыз ету; ?ш?ырлы??а, ізденімпазды??а да?ды-
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока "Тіл біліміні? салаларын ?айталау"»
Сабақтың тақырыбы: Тіл білімінің салаларын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1)білімділік: қазақ тіл білімінің салалары бойынша алған теориялық білімдерін практика тұрғысынан бекіту; оқушыларды бірыңғай ұлттық тестілеуіне дайындау.
2)дамытушылық:оқушылардың тез ойлау,есту,көру дағдыларын жетілдіру; логикалық жүйесін қалыптастыру; тапсырмалар,
сұрақтар, тест арқылы өз білімдерін бағалауға жаттықтыру;білімге
ынтасын дамыту;
3)тәрбиелік: оқушылардың ой - ақылын ұштастырып, жан-жақты
білім алуын қамтамсыз ету; ұшқырлыққа, ізденімпаздыққа дағды-
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Тіл білімінің салаларын қайталау»
Сабағымыздың мақсаты: қазақ тіл білімінің салалары бойынша алған теориялық білімдерін практика тұрғысынан бекіту.
II.Кіріспе.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің тапсырмалары Мемлекеттік
стандарт негізінде жасалған, жалпы білім беретін бағдарлама-
сына сай келесі бағыттағы тапсырмалардан тұрады.
Лексика саласы бойынша сұрақтар;
Фонетика саласы бойынша сұрақтар;
Сөзжасам саласы бойынша сұрақтар;
Морфология саласы бойынша сұрақтар;
Синтаксис саласы бойынша сұрақтар;
Әдебиет әлеміндегі «жыр алыбы» деген лауазымға ие болған адам-Жамбыл Жабаев. Тіпті осы сөз құлағымызға сініп кеткелі қашан?
«Өзі өлсе де,сөзі өлмейді» демекші Жамбыл мектеп оқушысына
үлкен тәрбие екені даусыз. Қазақта Абай біреу, Жамбыл жалғыз.
1-оқушы: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл:
«Менің тамырларым –туған халқым, менің бұтақтарым-жырларым, менің жапырақтарым –ұлдарым мен қыздарым.
Мен –бар болғаны жүз жылдық терекпін, қартайғанда тапқан жарық күнімді, халқымның бақытын, ұлдарым мен қыздарым-
ның бақытын жырлаймын. Қазақ жерінің ұлдары мен қыздары нағыз керемет істер істейді»,-деп өзінің бүкіл ғұмырын халқы-
ның бақытын жырлауға арналған.
-Отанға,халыққа деген сүйіспеншілік, бір сөзбен айтқанда, ынтымақ, бірлік-Жамбыл шығармаларының негізгі арқауы.
Одағым десем ойыма
Шалқыған шалқар көл түсер.
Көкжиегі – бал-құрақ.
Көк орай шалғын жер түсер.
Көркі көгал нуындай,
Кіршіксіз көлдің суындай,
Одақ боп өскен ел түсер. (1-том.13-бет.)
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!»
деген жырын арнады.
11-сыныптың әр оқушысы фонетика саласы бойынша дауысты,дауыссыз дыбыстардың жіктелуін жатқа білуге тиісті;буын түрлерін айыра білуге,үндестік заңының ерекшелік-
теріне көңіл бөлу керек.
I.Фонетика.
Фонетикалық талдау жасау. «Ақбөкен» сөзіне «Н.А.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы»
бойынша талдау жасау.
II. Үндестік заңына бағынатын/бағынбайтын сөздерді анықтау:
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнады.
Ленинградтық өренім
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін.
Өркеш-өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған.
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Туған ел туралы
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Ел іші-алтын бесік.
Халық –сыншы.
Ырыс алды –ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Отан отан да ыстық.
Өз елің –алтын бесік.
Отан – елдің анасы,
Ел –ердің анасы.
Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
Оқу, білім туралы
Оқу инемен құдық қазғандай.
Оқи берсең, көзің ашылады.
Отыра берсең, ұйқы басынады.
Кітап тілсіз мұғалім.
Өмір үлкен мектеп.
Ақыл азбайды ,
Білім тозбайды.
Күш-білімде.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Білімдіден шыққан сөз-
Талаптыға болсын кез
Өнер алды –қызыл тіл.
Оқы да біл, ойна да күл.
1.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғанын білдіретін түрін қарсылықты салалас дейді.
2.Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтасты мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейді.
3.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берелген істің,оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін түрін кезектес салалас дейді.
4.Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтасты шарты бағыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейді.
5.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін түрін себеп-салдар салалас дейді.
6.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас,
ыңғайлас мәнде қарым- қатынаста болуын ыңғайлас салалас
дейді.
7. Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын
білдіретін сабақтасты қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейді.