Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахскому языку Таза б?ла?»
I. Сабақ үлгісі
«Таза бұлақ»
«Киіз үй»
Дамытуға арналған жаттығулар үлгісі.
Дидактикалық ойындар.
Деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтарда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың қазақ халқының тұрмысымен мәдениетіне қызығушылығы артып, қажеттіліктері туындады. Жоғарғы сынып оқушыларының осы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзімнің «Қазақы тәрбие тәрбие арқауы» атты авторлық бағдарламамды ұсындым.
Мемлекеттік тілді оқыту А. Затаевичтің сөзімен айтқанда «Азиядағы Ұлы көшпенді халықтың» тарихымен қайталанбас өзіндік мәдениетімен, әдебиетімен, жақсы қасиетімен, әдет-ғұрпымен таныстырумен ұштастырылса ұлты басқа балалардың қазақ тілі сабағына ынта ықыласын арттырады, қызықтырады. Осыған байланысты авторлық бағдарламаға қазақ халқының салт- дәстүрлері, әдет-ғұрып, тұрмыс- қалпына байланысты тақырыптар енгіздім. Мақсатым осы тақырыптар төңірегінде кең мәліметтер бере отырып, қазақы тәрбие тиімділігін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қолдану, халықтық педагогиканың қадір- қасиетін түсіндіре отырып, халықтың салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, өнерін рухани қазына деп тануға дағдыландыру.
Қолданбалы курс бағдарламарына қойылатын талаптарды ескере отырып авторлық бағдарламада берілген материалдарды оқушылардың қажеттілігіне қарай қосымша әдебиеттерден іріктедім. Бағдарлама бойынша жұмыс жоғарғы оқу орындарындағы зертеуге ұқсас, бірақ ол кішірек ауқымды қамтиды. Сабақтарды дәріс түрінде емес, әрбір оқушымен кеңесе отырып, тапсырма орындатып, пікір алысу түрінде өткіземін. Яғни бұл жерде, мұғалім дәріскерден сұхбаттасушыға, кеңес берушіге, ал сабақ талқылауға, пікірсайысқа, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, тапсырмаларды еркін орындауға арналады.
Бағдарлама сабақтары бойынша мына жұмыстарды жоспарладым:
Аталған тапсырмаларды орындауда мынандай жұмыс түрлерін қолданамын.
топтық жұмыс
жеке жұмыс
жұптық жұмыс
ұжымдық жұмыс
Оқу жоспарының вариативті компоненті ретіндегі қолданбалы курстарға жоғарғы сыныптағы бағдарлы оқытуды қамтамасыз етуі тиіс деп айтылып жүргеніндей, оқыту тәжірибесінде олардың мектептің оқу жоспарымдағы орны, әдістемелік ерекшеліктері, оларды жүзеге асыру технологиялары да енді ғана қолға алынып жатқанына байланысты бағдарламаға арнап әдістемелік нұсқау хат және оқушының жұмыс дәптерін жазып дайындадым.
Бағдарламаның зертеушілік сипаты оқушылардың өз бетінше білім ала білуіне игерген білімін жаңа жағдайда қолдана алуларына шығармашалақ іс әрекет тәжірибесімен мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзыреттіліктерімен қарулануына себептесін болуға бағытталды.
Сабақтың тақырыбы:«Таза бұлақ».
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәнін дәріптеу, әңгіменің мәнін арқау етіп мәтіндегі адамның жағымды қасиеттерін білдіретін сөздерді меңгерту.
2. Дамытушылық: СТО технологиясының элементтері арқылы өз пікірін айтуға, талдауға, дәлелдеуге, ойын жүйелеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Балаларды адам бойында кездесетін жағымсыз қасиеттерден алшақтату, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу, топта бірлесе жұмыс істеуге. өзгелердің ойын, пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақ зиялыларының портреттері;
Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатын хабарлау арқылы психологиялық дайындық.
II. Бағдарламаға сәйкес меңгеруге тиісті нормативтерді негізге ала отырып, өткенді қайталау мақсатында тапсырмалар жүйесін орындату.
1. Терме диктант.
Тапсырма: Қыстырма сөздерді теріп жаз.
2. Ойын: «Ол кім? Бұл не?»
3. Ойын: «Домино» Мәтін құрастыру, Мәтінге ат қою.
Мәтін Абай Құнанбаевтің балалық шағы туралы.
III. Кластер. Диагностика арқылы білімін жинақтау.
Қазақ халқының зиялы адамдары
Абай
«Кел, балалар, оқылық» ақын Ыбырай педагог - ағартушы
«Өзен», «Өнер білім бар жұрттар»
«Атымтай»
«Бақша ағашы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Талаптың пайдасы».
IV. Ыбырай Алтынсарин осы әңгіме тақырыбы не?
- Бала тәрбиесі, адамгершілік, қайырымдылқ, еңбексүйгіштік, адалдық, ақылдылық т.б.
V. «Таза бұлақ» әңгімесін оқимыз.
Жаңа сөздермен танысу:
Ақы дәметпейді - не требует платы
Міндет етпе - не обязывай
Мұратына жету - достичь цели.
Оқушыларды жетон үлестіру арқылы 3 топқа бөлу.
VI. Ізденіс тенденциясы 12 минут.
Мәтінді бөліктерге бөліп, өз беттерінше топта меңгеруге беру. (Оқу, аударып, мәнін түсіну). Тапсырма: Екі түрлі жазба күнделігін толтыру: Топтық жұмыс.
1- топ
Бірінші жолаушының сөзі
Пікір.
«Сен де, адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма. Сонда сен де мұратыңа жетесің.»
2- топ
Екінші жолаушының сөзі
Пікір.
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе.»
3- топ
Үшінші жолаушының сөзі
Пікір.
«Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта.»
VII. «Тұсау кесер». Топтардың орындаған тапсырмаларын тыңдай отырып жіберілген кемшіліктерге түзету айту, жеткіліксіз жеріне ақпарат беру. Мұғалім тарапынан.
VIII. Мәтін арқылы автор бізді қандай болуға шақырады? Пікірлесу. Ұжымда.
IX. «Даймонд». Жаңа тақырыпты бекіту.Топтық жұмыс.