Қонақ күтудің де жазылмаған, бірақ дәстүр болып қалыптасқан заң бар. Үй иесі қонақты сыйлап, сый-құрметін көрсеткеннен кейін, ұйықтар алдында отбасының бір мүшесі өз өнерін ортаға салады, өлеңін айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан «қонақкәде» сұрайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока,презентация для урока»
ҚОНАҚ КҮТУ ДӘСТҮРІ
• Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз. • Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес. • Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
• Қонағыңның алтынын алма, батасын ал.
Қонақжайлылыққа байланысты ырым-тыйымдар: • Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мерекелерде сыйлы қонаққа тай, қой, түйе, өгіз сойылады. «Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады» деп ырымдайды.
• Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге ілесіп кетеді» деп ырымдалады.
заң - закон
сый-құрмет – почет и уважение
қисса - поэма
ырым - примета
дәстүр – традиция (обычай)
баулу – приучать, воспитывать
Қонақ күтудің жазылмаған заңы
Қонақ күтудің де жазылмаған, бірақ дәстүр болып қалыптасқан заң бар. Үй иесі қонақты сыйлап, сый-құрметін көрсеткеннен кейін, ұйықтар алдында отбасының бір мүшесі өз өнерін ортаға салады, өлеңін айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан «қонақкәде» сұрайды.
Қонақкәде – қонақтың өлең, жыр, қисса, ертегі, терме, толғау айтып беріп немесе күй шертіп, өз өнерімен үй иелеріне құрмет көрсететін дәстүрі.
Үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегі, аңыз-әңгіме естіп өскен баланың да жастайынан сөз өнеріне бейім, өнерлі болып өсуіне әсер еткен. Бұл дәстүрдің жастарды сөз қадірін білуге, шешендікке, ән мен жырға баулып өсіруде өзіндік орны бар.