Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по литературы,для урока и презентация»
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы:
М. Жұмабаев «Бесік жыры»
2А сынып
Мұғалімі:Шопанбекова Г.Ж.
Қайырлы күн, достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі сәрсенбі күн
Сәттілікке толсын!
Үй тапсырмасы
1. Ф. Оңғарсынова «Әже» /жаттау/
Бұл кім?
«Бала, бала, бала!» деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Ы. Алтынсарин.
Ана -бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен ғажайып жан.
,,,
”
”
5
Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайынан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры.
Бос бесікті тербетпе. Бесікті бір қолмен көтерме. Бесікті ашық қалдырма.
Бесікті теппе.
«Сәби дүниеге келгенде жасалатын тойлар»
Шілдехана – сәби дүниеге келген күні, кейде бір күннен соң өткізіледі. Көпшілік ән салып, көңіл көтеріп, кетерінде «Сәбидің бауы берік болсын» деген жақсы тілектер айтып, үйлеріне қайтады.
Келесі той – бесік тойы. Әдетте сәбидің кіндігі түскен соң, жеті – сегіз күннен кейін салынады.
Атасы Жұмабай қажы
Әкесі Бекен, анасы Гүлсім.
1893-1938жж
Ақын, педагог.
Араб, парсы, түрік, орыс тілін жақсы меңгерген.
Бесік жыры тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. М.Жұмабаев айтқандай бесік жырын айту әр ананың алдындағы қасиетті парызы. Бесік жырын тыңдап өскен бала ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін алады. Бесік баланы тіл көзден сақтайды, бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу, қол –аяғы түзу ширақ болады. Бесік жыры дәстүрлі бесік жыры және суырып салма бесік жыры деп екі топқа бөлінеді. Дәстүрлі бесік жыры-әуені мен сөзі сол қалпында айтылады. Суырып салма бесік жыры әркімнің қалауынша шығарылады.
Бесік жырын мазмұнына қарай уату жыры, ұйықтату жыры деп екіге бөліп қарастыруға болады.
Әлди, әлди, ақ бөпем,Ақ бесікте жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,Жілік шағып берейінБайқұтанның құйрығынЖіпке тағып берейін,Арғымыққа мінгізіп,Хан қызын алып берейін.Тапыл басып жүргенде,Тілің шығып сөйлерде,Ақсарбас, сойып қуаныпӨміріңді тілейін!
Көзімнің ағы қарасы,Жүрегімнің панасы,Уайым, қайғы ойлатпас,Көңілімнің санасы.Айналайын шырағым,Көлге біткен құрағым,Маңдайдағы жұлдызым,Суда жүрген құндызым.Әлди-әлди балам-ай,Айналсын сенен анаң-ай.Әлдилеп сені сүйгендеАнаңның көңлі болар жай .
Әнші Жазира Байырбекова
Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»
Күнім, айым,
Еркетайым,
Бөлейін енді.
Тыста дауыл,
Жатқан ауыл,
Ұйқың да келді.
Жұмсақ бесік,
Жылы төсек.
Жата ғой, қозым.
Әлди бөпем,
Әлди бөпем,
Ұйықта, жұм көзің.
Құлыншақтар,
Қозы, лақтар –
Бәрі-ақ ұйқыда.
Сен – жұлдызым,
Сен – көз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға.
Терме диктант.
Өлеңнен балаға арналған жылы сөздерді теріп жазу.
Терме диктант.
Күнім, айым, қозым, бөпем, жұлдызым, көз нұрым.
Топтық жұмыс
І топ. «Мағжан» пікірлер ағашын толтырады
ІІ топ . Суретпен жұмыс.
ІІІ топ. Ана мен бала туралы мақал- мәтелдер айту.
Қорытынды
“Ыстық орындық” стратегиясы
1-топ:
1) «Бесік жыры» өлеңінің авторы кім?
2) Бесіктің баланың денсаулығына қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
2-топ:
1)«Бесік жыры» кімдерге арналған?
2) Бесік жыры не үшін айтылады?
3-топ:
1) Балаға ең жақын кім?
2)Ана баласын қалай еркелетеді?
Үйге тапсырма .
«Бесік жыры» өлеңін жаттау.
Басқа мәтіндегі бесік жырларын тауып келу.
Бағалау.
Өте ризамын- «5»
Ризамын – «4»
Сендерге шамалы сәттілік жетпей қалды, өздеріңді келесі сабақтарда жақсы көрсететіндеріңе сенімдімін-«3»