Просмотр содержимого документа
«"К?ксерек" ??гімесі. (?орытынды саба?)»
Ашық сабақ.
М.Әуезов
«Көксерек» әңгімесі
(қорытынды сабақ)
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесін қорытындылау
Сабақтың мақсаты: б) М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін дүниежүзілік классик жазушыларының шығармаларымен байланыстыра оқу.
т) Оқушыларды адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу; әрбір қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу.
д)оқушыға өз пікірін қорғай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: сот сабағы
Сабақтың әдісі: Сұхбаттасу, дәлелдеу
Көрнекілігі: жазушы портреті, нақыл сөздері.
Сабақтың барысы:
I. Абай минуты.
II. Кіріспе.
Балалар! Біз М. Әуезовтің көркем де ғажайып «Көксерек» повесімен оқып таныстық. Тағы бір мезет осы повесть туралы ойланып, көз алдымыздан өткізейікші. 1. «Көксерек» повесінің жазылу тарихы.
2. Табырып дегеніміз не?
3. Әңгіменің идеясы не болды?
4. Тақырып дегеніміз не?
5. Әңгіме туралы не айтасыздар?
Әдебиет теориясынан өткенді еске түсірдік.
Оқушылар алдын ала сот кеңесіне , адвокаттар алқасына, прокурорлар алқасына, айыпкер , сарапшылар болып бөлінген.
Сабақтың барысы:
I. Айыпкер алынады.
II.Сот келеді.
Сот төрағасы: Сот процесі ашық деп жарияласын!
Жүргізуші
Қаралаушы топ:
«Қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды. Осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.
Ақтаушылар тобы:
Ол қасқырдың мінезі, өзіне тән табиғи қасиеті екенін айтады. Сондықтан да Көксеректі жазалау орынсыз дегенді айтады.
Айыпталушы Көксерек сөз алады.
Қаралаушыларға қорытынды сөз.
Ақтаушыларға қорытынды сөз беріледі.
Енді сарапшы топ мүшелеріне сөз берейік.
Жүргізушіге сөз беріліп, сот кеңесі үкім шығарады.
Мұғалім сөзі: Ендеше қорытындылайтын болсақ жылы ұясын бұзып , соқтыққан адамдардың әрекетіне қасқырдың қарсылық білдіруі заңды. Жазушы адамдар мен қасқырдың қарама – қарсы әрекеттері арқылы адамдық пен айуандықтың арақатынасын береді.
Ұлылар үндестігі бөліміне сөз беріледі.
Мұғалім сөзі: Енді заңғар жазушымыздың әдебиеттегі орнын анықтап, оқушыларға сөз кезегін берейік.
Кесте бойынша сөз.
Мұғалім сөзі: Енді қиялдамасақ қызыл тіл сөйлемейді дегендей ойымызды жинақтай келе, еркін жауаптарға көзқарасымызды білдірейік.
1. Қасқырды қолға уйретуге бола ма?
2. Оқиғаны сіз қалай аяқтаған болар едіңіз?
3. Қасқырды түгел құртып тастауға бола ма?
«Көксерек – табиғаттың тағы перзенті» деген тұжырым жасадың, ендеше тағылығын дәлелдейтін жерлерін тауып оқиықшы.
Сонымен оқушылар Бала Құрмаштың өліміне кім айыпты?
а) Құрмаштың өзі.
ә) қасқыр
б) адамдар
Енді осыдан қандай пікір шығарамыз:
Қ.И. Сатпаевтың өсиет сөзімен қорытындылау.
Үй жұмысы: «Адамның ең асыл қасиеті - жақсылығы» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру.