Просмотр содержимого документа
««Кірме сөздер, көнерген сөздер, жаңа сөздер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш. Мақал – сөздің мәйегі»»
«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ
«Қаржы академиясы» АҚ колледжі
«Кірме сөздер, көнерген сөздер, жаңа сөздер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш. Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбына
«Қазақ тілі» пәнінен
ашық сабақтың талдамасы
Астана - 2016
Пән: «Қазақ тілі»
Топ: 1Қ-116
Дәрісхана: 416
Оқытушы: Махмет Алтайгүл
Өткізу уақыты:
Сабақ тақырыбы: Кірме сөздер, көнерген сөздер, жаңа сөздер. Ертегі, жұмбақ. жаңылтпаш. Мақал – сөздің мәйегі.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: топпен жұмыс, мағынаны тану, кубизм стратегиясы, топтастыру, шығармашылық жұмыс, жеке тапсырмалар.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Ауыз әдебиетінің қайнар көзі болып табылатын ертегі, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдермен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына, маңыздылығына тоқталу;
Дамытушылық Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмыстар арқылы ой-танымдарын, өзіндік пікір-көзқарастарын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетінің жауһарлары арқылы оқушыларды ата-бабаларының қалдырған мол мұрасын бағалауға, оқуға, құрметтеуге шақыра отырып, ел мұрасын жоғалтпай сақтап, дамытуға үлес қосуға үйрету;
Сабақ жабдықтары: проектор, слайдтар, тірек сызбалар, үлестірмелі материалдар, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
а) кезекшімен сұхбат
ә) сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
2. Үй тапсырмасын сұрау (20 минут)
2.1. Ой түрткі
2.2. Мағынаны тану (әр топ өз аттарын қорғайды)
І «Шешендер» кенті
ІІ. «Тапқырлар» кенті
2.3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
2.4. Түйін (Топтастыру)
І «Шешендер» кенті
Сөздіктің түрлері
ІІ «Тапқырлар» кенті
Сөз түрлері
3. Жаңа сабақ (45 минут)
3.1. Ой қозғау
3.2. Зертте (Кубизм стратегисы)
І «Шешендер» кенті
Көнерген сөз
Жаңа сөз
Кірме сөз
ІІ «Тапқырлар» кенті
Ертегі
Жұмбақ
Жаңылтпаш
Мақал-мәтел
3.3. Суретте
3.4. Қолдан
3.5. Қорға, өз пікірің
3.6. Талда
3.7. Салыстыр (венн диаграммасы)
4. Жаңа сабақты бекіту (8 минут)
4.1. Топтастыру
4.2 Түйін
5. Оқушыларды бағалау (2 минут)
6. Үй тапсырмасын беру (2 минут)
Ашық сабақ жоспары
Пән: «Қазақ тілі»
Топ: 1Қ-116
Дәрісхана: 410
Оқытушы: Махмет Алтайгүл
Өткізу уақыты: 21.10.2016 ж.
Сабақ тақырыбы: Кірме сөздер, көнерген сөздер, жаңа сөздер. Ертегі, жұмбақ. жаңылтпаш. Мақал – сөздің мәйегі.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: шығармашылық жұмыс, мағынаны тану, кубизм стратегиясы сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу, топтық жұмыс әдіс- тәсілдерін қолдану, жеке тапсырмалар
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Ауыз әдебиетінің қайнар көзі болып табылатын ертегі, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдермен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына, маңыздылығына тоқталу.
Дамытушылық: Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмыстар арқылы ой-танымдарын, өзіндік пікір-көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетінің жауһарлары арқылы оқушыларды ата-бабаларының қалдырған мол мұрасын бағалауға, оқуға, құрметтеуге шақыра отырып, ел мұрасын жоғалтпай сақтап, дамытуға үлес қосуға үйрету
Сабақ жабдықтары: проектор, слайдтар, тірек сызбалар, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
1.1 кезекшімен сұхбат
1.2 сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
Бүгін күнделікті сабақтан қарағанда ерекше сабақ болмақ. Мінеки, біздерде қонақтар отыр. Үйімізге қонақ келсе не істейміз? Барымызды салып, қонақты күтіп шығарып саламыз емес пе?! Бізде солай, өз білімімізді көрсетіп, мемлекеттік тіл - қазақ тілін жақсы білетіндігімізді дәлелдеп, қуантып шығарып салайық! Ендеше, бүгінгі сабақтағы біздің басты мақсатымыз қандай болмақ?! Ол - бір-бірімізбен сайыса отырып, білімділігімізді, алғырлығымызды болашақты сеніп тапсыруға болатын буын ұрпақ екендігімізді дәлелдеу.
Ендеше, үй тапсырмасын сұрамас бұрын, сарапшыларды тағайындап алайық. Сарапшымыз сендерге әр кезеңдегі тапсырмаға баға беріп отырады. ( 2 оқушыны сарапшы қылып тағайындау)
Сабақтың «Алтын Ережесімен» таныстыру
2. Үй тапсырмасын сұрау (20 минут)
2.1. Ой түрткі (шығыс нақылы)
Мәнерлеп оқып беру
Мағынасын ашқызу
Өз пікірлерін тыңдау
Түйін
2.2 Мағынаны тану (әр топ өз аттарын қорғайды)
І «Шешендер» кенті
Біз, «Шешендер» кенті тіл құдіретіне, сөз құдіретіне нәр берген, ділмарлар мен ойшылдардың кентіміз. Әр сөзімізді салмақтап, саралап сөйлейміз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай ғана түйінін айтуға тырысамыз. Сөз құдіретіне бас иеміз. Ата-бабамыз бір ауыз сөзбен қалың жауды тоқтатқан, бір ауыз сөзбен тентегін түзеген. Тілдің құдіреті қуатты күш екенін ту еткен елміз.
ІІ. «Тапқырлар» кенті
Біз де, «Ауыз әдебиеті» хандығының керегесінің кеңеюіне өзіміздің тапқырлығымызбен, алғырлығымызбен үлес қосудамыз. Ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтарды ойлап тауып, ұрпақ тәрбиесіне үлкен үлес қосқан, тапқырлықты, зеректікті ту еткен елміз.
2.3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
Деңгейлік тапсырмалар арқылы тіл құдіреті, сөздіктің түрлері тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
Бұқар жыраудың сөз құдіреті туралы айтқан сөзі
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан,
Қиынды көргенім жоқ. – деп Бұқар жырау жырлағандай сөз саптау, сөз сөйлеу өте қиын. Сондықтан сөз өнері – аса қиын өнер.
Сөз төрт топқа бөлінеді. Біріншісі - білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөздер. Екіншісі – білуге де, айтуға да қажетті сөздер. Үшіншісі – білуге қажеті жоқ, айтуға болатын сөздер. Төртіншісі – білуге керек бірақ айтуға қажетсіз сөздер - деген екен түрік елдерінің ғалымы Қайқабус. Яғни сөзді орынды айта білу, қолдана білу үлкен өнер.
Бал қаймақтай тәтті сөз,
Қара тастай қатты сөз.
Абай айтқан ақын сөз,
Бауыржандай батыл сөз.
Боксер қолды шымыр сөз,
Есек мінез қыңыр сөз.
Саршұнақтай шақар сөз,
Қарақшыдай қатал сөз.
Өз анаңдай жұмсақ сөз,
Тыным таппас бір сәт сөз...
2.4. Түйін (Топтастыру)
І «Шешендер» кенті
ІІ «Тапқырлар» кенті
3. Жаңа сабақ
3.1. Ой қозғау
3.2 Зертте (кубизм стартегиясы)
Шешендер кенті
Кірме сөздер
Жаңа сөздер
Көнерген сөздер
ІІ «Тапқырлар» кенті
Ертегі
Жұмбақ
Жаңылтпаш
Мақал-мәтел
Сөз құдіретінің бірі – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзге сыйғызған мақал-мәтелдер. Мәтел – белгілі бір ойға ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Басты белгілері:
Көбіне бір бөлімді болады.
Ой, ишара, тұспал түрінде айтылады.
Көбіне эмоциялық мағына басым болады.
Өнер алды қызыл тіл.
Бал тамған тілден у да тамар.
Мақал – өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.