Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тәлім-тәрбиесін, өз сабағымда қолдану. Дамытушылық: Оқушыларға ұлттық тәрбие туралы түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, шығармашылығын, санасын, патриоттық сезімін дамыту. Тәрбиелігі: Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлері, ырым-тиымдары арқылы өз елін сүюге, құрметтеуге, өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Үй тапсырмасы: 1. Үйге қандай тапсырма берілді? Оқушы жауабы: 2. «Халық күйлері» деп қандай күйлерді шертеміз. Оқушы жауабы: 3. «Қаражорға» күйі қандай көңіл-күйде орындалады. Оқушы жауабы: 4. Темпі Қандай ? Оқушы жауабы: 5. Кілт белгісі бар ма? Оқушы жауабы: 6. Енді қыздар туралы қандай мақалдар білесің? Оқушы жауабы: Қыз өссе, елдің көркі Гүл өссе, жердің көркі Қыз үйдің сәні, гүл жердің сәні деген мағынаны білдіреді. Қыздың жиған жүгіндей. Яғни ол қыздың ұқыпты, тәрбиелі ұстағанын айтады. Мысалы: Қыз қосылса теңімен жыламайды. Көздің жасын көл қылып бұламайды Жаңа сабақ : Халық күйі неше буынға бөлінеді Халық күйлері ұрпақтан - ұрпаққа жеткенімен, шығарған күйшілердің аты - жөні ұмыт болуынан халық күйі деп аталған. күйшілер домбыраға құдірет бітіріп, неше түрлі дыбыс шығара білген. Халық күйлері халықтың тұрмыс - салт көріністерін адамның тағдырын, жалпы өмірдегі болмысты суреттеп баяндайтын күй. Халық күйлері ғасырдан - ғасырға ұласа беретін тұтас музыкалық тұлға. Музыка өнерінің ең бай саласы – күй өмірі. Ел арасына көп тараған халық күйлерінің бірі «Кеңес» күйіне тоқталайық. Ерте заманда ел ішіндегі елең етер оқиғаларды данагөй қарттарымыз ақылымен, сабырмен кеңесіп шешіп отырған. Алыс жолға жол сілтеп, бата беріп шығарып салатын болған. Осындай көріністі көрген күйші қарттарға риза болып бір күй ойнапты. Бұл күйдің бір сырында жәй екпінде ойналғанына қарап атын «Кеңес» деп қойсақ деген екен. Күйді үнтаспадан тыңдау.
І. Күйдің ойналуын тәсілін түсіндіру. ІІ. Орташа екпінде орындалады. ІІІ. Қағысы: П П І П V П