Просмотр содержимого документа
«?аза? ?дебиеті п?ні. 9 сынып. М.Ж?мабаев. Мен жастар?а сенемін.»
М.Жұмабаев поэзиясы
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ-ұлтым үшін өлгенім.
(Мағжан)
Сабақтың тақырыбы: «Туған жер», «Мен жастарға сенемін»
Сабақтың мақсаты: білімділік - Мағжан Жұмабаетың өмір жолы мен шығармашылығын айта отырып, Мағжан Жұмабаев туралы тың деректер, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін таныту; дамытушылық - өлеңді теориялық талдауға машықтандыру,шығармашылық жұмысқа үйрету; тәрбиелік - жастарды анасын, елін, халқын,туған жерін қастерлеуге,отанын сүюге,болашаққа ұмтылуға тәрбиелеу.
Cабақтың әдісі: Өз бетінше зерттеу, талдау, мәнерлеп оқу,көркемдеп оқу,бейнелеу.
Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың « сөзі Қазақ жазушыларынан , әрине Абайды сүйемін. Бұдан соң Мағжанды сүйемін.Европалығын жарқыраған әшекейін сүйемін… Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәндә,өте сенімсіз деп білнмін».
Осы пікір төңірегінде оқушылардың ойын тыңдау.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
II.Жаңа сабақ: « Туған жер»,« Мен жастарға сенемін » Өлеңдерді мәнерлеп оқыту, мағынасын ашу.
III.Өлеңді құрылысына қарай талдау.
«Адам баласы -Алла добы» - деген рас,
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кім біледі, мен де шетке кетермін,
Туған жерім сені тастап басым жас.
Оқушылар өздері құрылысына қарай талдайды. Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
IV.Ой толғаныс:
Екі түрлі түсініктеме күнделік тарату.
Өлеңнің әсер еткен жері
Өлең жайлы пікірім
№1.«Туған жер»
№2 .Мен жастарға сенемін»
V. Тест сұрақтары:
1.Мағжан Жұмабаевтың өмір сүрген жылдарын көрсет.
P) 1885-1935 C) 1894-1938ж. T)1893-1938
2. Мен жастарға сенемін өлеңінің тақырыбы.
У) Сенімділік Ұ) Табиғат О)Әлеуметтік
3.Мағжанның киноға түскен поэмасы
Б) Қорқыт Ғ) Батыр Баян Д )Жүсіп
4. Мағжанға терең баға берген жазушы
С) Ғабит Е) Ғабиден А )Мұхтар
5.Батыр Баян поэмасындағы хан есімі
Ж )Тәуке хан Н) Абылай хан Х)Жәңгір хан
6.Мағжан тұңғыш өлеңдер жинаған қай қалада шығарды
О )Орынборда Б)Омдыда Ж)Қазанда
7.Өлеңдер жинағы кімнің баспасынан шықты
Е) Кәрімов К)Кемеров П)Қасымов
8.Мағжан Сәкен Сейфуллинмен қай қалада бірге оқыды
А )Семей И)Торғай Р )Омбы
1
2
3
4
5
6
7
8
Т
У
Ғ
А
Н
Ж
Е
Р
VI. Мағжан Жұмабаев туралы тың деректер:
«Мағжан рухы кезген- Магадан»
Бейне көрініс көрсету.
VII.Үй тапсырмасы. Шығармашылық жұмыс
«Мағжан және мен сүйетін туған жер»
Хат Өлең Ойтолғау
Тірек сөздер:туған жер, Отан ана, Тәуелсіз елімізге 24 жыл, Қазақстан, Елбасы, Егеменді елдің ұланымын.