Сәбит Мұқанов «Мұхтар Әуезов өзінің алғашқы әңгімелерімен –ақ қазақ прозасын еуропалық дәрежеге жеткізді» дейді. Сол замандағы қорғансыздар, кедейлер тағдыры, әділетсіздік, жауыздық, ел ішіндегі барымта, күндестік секілді сахара өмірінің шындық көрінісін көрсету, әділет, шындық іздеу, сол жолдағы адасу, кек қайтару сияқты Бақтығұлдың жанталасқан іс-әрекеті, психологиялық күй-жайлары- әңгіменің негізгі өзегі.
Кәнеки, балалар, енді әңгіме сюжетін тездетіп еске түсіріп жіберейік.
Бөлімі
Тақырыбы
Оқиғалар
І
Тектіғұлдың арманы.
Ауруға әкелген ауыр тағдырлар.
Бауыр қайғысы.
ІІ
Інісінің кегін қууы.
Сәлменнің жылқысын ұрлауға аттануы.
Биені ұрлауы.
ІІІ
Қуғыншылар.
Биені сойып алуы.
Қуғыншылардың соңына түсуі.
IY
Батыр-аңғал.
Арқарды атып алуы.
Бәйбішеге тартқан сый.
Жарасбайға сый.
Y
Адасу.
Жарасбайдың Бақтығұлды адал жолдан тайдыруы.
Жиілеген барымта.
YI
Сатқындық.
«Болыс болдым, мінеки.»
Сатқындық.
Билер кесімі.
YII
Қуғында.
1.Қашып құтылуы.
2. Қуғын.
YIII
Қайтқан кек.
Қараш-Қараш туында.
Жарасбайдың өлтірілуі.
Дәл осы кейіпкерлер тағдырластарды жазушының қай шығармаларынан кездестірдік.
Әңгіме кейіпкерлерінің адами қасиеттерін іс-әрекеттері арқылы сараптайық.
Реті
Кейіпкерлер
Іс-әрекеттер
Адами қасиеттер
1.
Тектіғұл
Бай малының соңында жүріп, қара дауыл суықта ауруға ұшырады.
Кескен теректей құласа да, кегін ойлап кетті.
Намысын өзінің өмірінен жоғары қойған.
2
Бақтығұл
Тектіғұлдың жайын ойлап күйзелуі
Кек қайтару жолында
Сәтсіз ұрлық
Арқарды атып алуы
Жарасбайдан пана іздеуі
Барымташы
Билер кесімі
Қашқын
Қараш-Қараш асуы
Жарасбайды өлтіру
Бауырмал
Намысшыл
Кекшіл
Қайратты
Мерген
Айла-тәсілі жетілген
3
Сәлмен.
Тектіғұлды жауынды далада мал соңына салуы
Жазықсыз соққыға жықтыруы
Із шалып, ұрланған биені іздеп келуі
Бақтығұлды аяусыз соққыға жығуы.
Мейірімсіз
Малды адамнан артық көреді.
Қаныпезер, қатыгез
4.
Жарасбай
Бақтығұды пайдалануы
Болыстыққа таласуы
Қаладағы сыбайластары
Жазықсыз жала жабуы
Барымтаға жұмсауы
Өзі қазған орға түсуі
Есебі күшті
Саясатқа бейім
Айлакер
Қанағатсыз
«Көп асқанға-мың тосқан»
Венн диаграммасын толтыру
Бақтығұл, Тектіғұл және Сәлмен, Жарасбай бейнелерін салыстырып, айырмашылықтарын саралаңдар.