kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ал?аман – Мамыр» поэмасында?ы кейіпкерлер та?дыры мен поэманы? к?ркемдік ерекшелігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

а) Білімділік: Ш?к?рімні? озы? туындысыны? идеялы? мазм?нын ??ындыру, кейіпкерлер іс — ?рекетіне о?ушылар ар?ылы ба?а бергізу. Поэманы? негізгі кейіпкерлері, ?ай?ылы ая?талуы, сол кездегі за?дылы??а ?арсы келмеу. М?тінге с?йене отырып на?ты д?лелдер ар?ылы аны?тау.

?) Т?рбиелік: Поэма кейіпкерлеріні? жа?сы мінез ??лы?тарын ?лгі ете отырып, адамгершілік-ке, досты??а, мейірбандылы??а баулу.Поэманы? композициялы? сюжетін дамуын жанарлы? сипатын, к?ркемдігін талдауды с?ра? - тапсырмалар ?сыну ар?ылы о?ушыларды ?з бетімен ж?мыс істеуге да?дыландыру. Ойын ж?йелі хабарлай білуіне жіті к??іл б?лу.

б) Дамытушылы?: о?ушыны эстетикалы? сезімге ша?ыру, сауатты да ?деби тілде с?йлеуге ?алыптастыру, ?з бетімен ж?мыс жасау?а, белсенді болу?а ?йрету. ?лтымызды? ?лы адамда-рыны? еліне еткен е?бегін ба?алай білуге т?рбиелеу. А?ынны? ?ндері, ?ле?дері ар?ылы ?нерді т?сінуге, с?йсінуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Шы?армашылы? саба?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ал?аман – Мамыр» поэмасында?ы кейіпкерлер та?дыры мен поэманы? к?ркемдік ерекшелігі»

Пәні:Қазақ әдебиеті Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы: «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер тағдыры мен поэманың көркемдік ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Шәкәрімнің озық туындысының идеялық мазмұнын ұғындыру, кейіпкерлер іс — әрекетіне оқушылар арқылы баға бергізу. Поэманың негізгі кейіпкерлері, қайғылы аяқталуы, сол кездегі заңдылыққа қарсы келмеу. Мәтінге сүйене отырып нақты дәлелдер арқылы анықтау.

ә) Тәрбиелік: Поэма кейіпкерлерінің жақсы мінез құлықтарын үлгі ете отырып, адамгершілік-ке, достыққа, мейірбандылыққа баулу.Поэманың композициялық сюжетін дамуын жанарлық сипатын, көркемдігін талдауды сұрақ - тапсырмалар ұсыну арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ойын жүйелі хабарлай білуіне жіті көңіл бөлу.

б) Дамытушылық: оқушыны эстетикалық сезімге шақыру, сауатты да әдеби тілде сөйлеуге қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасауға, белсенді болуға үйрету. Ұлтымыздың ұлы адамда-рының еліне еткен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Ақынның әндері, өлеңдері арқылы өнерді түсінуге, сүйсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ

Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ- жауап, пікірталас, мәтіндік талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, тірек – сызбалар, бағалау парақшасы, плакаттар

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сынып оқушыларын түгендеу, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың болуын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар, алдыңғы сабақтарда поэма мазмұнымен толықтай таныстыңдар, жалпы оқиға желісін білесіңдер. Шәкәрімді екінші Абайымыз десек те болады. Екеуі де өмір сүрген тұстарында кезеңнің ащы шындығын шығармаларында көрсете білді, сөз өнерінің шыңына көтерілді. Шәкәрімнің сондай шығармаларының бірі – «Қалқаман – Мамыр» дастаны. Ақын бұл поэманы «тарихи хикая» деп атаған. Жанрлық жағынан қарағанда, лиро-эпостық дастан.Бұл 1723 жылы жоңғарлар шабуылы басталып, ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған кез. Бұл біздің Орта жүз қазағы Сырдария бойында жүргенде болған анық іс. "Қалқаман-Мамыр” – өте күрделі шығарма. Күрделі болатыны, ең алдымен туынды арқауы аңызға айналып кеткен, ХVІІІ ғасырда қазақ жерінде өткен нақты оқиғаға құрылған. Расында да, бір жағынан қазақ арасын¬дағы сол кездегі түсінік-танымға да баттастырып қара бояуды жаға салуға болмайды. Өйткені, жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі қазақ үшін халықтық генофондты таза сақтаудың сенімді жолы еді. Екінші жағынан, еш бұйрыққа көн¬бейтін махаббат құдіретіне бас имеу тағы да мүмкін емес. Екі жастың махаббат драмасына құрылған ғашықтық дастан. Енді дастандағы басты оқиғаларды талдауға кірісейік.

Алдыңғы сабақта үйге топтық тапсырма берілген болатын.Үйден поэманың мазмұнымен танысып келдіңдер.

І топ. Шығарманың мазмұндау жоспарын құрып, жоспар бойынша қысқаша баяндау.

1. Қалқаман мен Мамырдың аталары

2. Еркекшора Мамыр

3. Бастыңғы

4. Екі жастың шешімі

5. «Қалқаман мен Мамырдың дауындай» мақалы

6. Төркіндеп келген Мамырдың жайы

7. Қалқаманға шығарылған үкім

8. Елден кеткен Қалқаман

ІІ топ. Шығарманың композициялық құрылымын жасау, әдеби-теориялық ұғымдарды

дәлелдеу.

1. Пролог- алғы сөз.Тобықты руының таралуы.

2. Экспозиция- сюжеттің басталуы.Қалқаман мен Мамырдың бір-бірімен кездесуі.

3. Сюжеттік байланыс. Қалқаман мен Мамырдың бірін-бірі ұнатуы. Бастаңғы.

4. Оқиғаның дамуы. Мамырдың біреуге айттырылуы. Екі жастың серттесіп қашуы.

5. Кульминация – оқиғаның шарықтау шегі. Мамырдың өлімі. Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы.

6. Шығарманың аяқталуы. Оқиғаның шешімі. Қалқаманды оққа байлау. Қалқаманның елден кетуі. Жоңғар шабуылы.

7. Эпилог. Оқиғадан кейінгі жағдай.

(әр топ үй тапсырмасын плакатқа жазып, қысқаша баяндайды)

Үй тапсырмасын бекіту.

- Бұл шығарманың тақырыбы мен идеясы не болды?

- Тақырыбы: Кіршіксіз, адал махаббатты дәріптеу, қазақ халқының әлеуметтік болмысын суреттеу. Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық.

- Балалар, осы поэманың басты кейіпкерлері кімдер?

- Әнет баба, Көкенай, Қалқаман, Мамыр т.б.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

- Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - шығармадағы кейіпкерлер тағдыры мен поэманың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.

«Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер тағдыры мен поэманың көркемдік ерекшелігі

(Дәптерлеріңе бүгінгі күн жадысын, жаңа сабақтың тақырыбын жазыңдар)

Ой қозғау

- Кейіпкер дегеніміз не? (Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін негізгі тұлға)

- Мінездеме дегеніміз не? (шығарма кейіпкерінің мінез-құлқы, бойындағы қасиеті)

- Шығарма кейіпкерлерін мына кесте бойынша анықтайық.

Шығарма кейіпкерлері Кейіпкерлердің іс-әрекеті Кейіпкерлерге мінездеме

Қалқаман - Мамырды алып қашады

- Елінен кетеді Батыл, намысқой, сүйгеніне қосылуды армандаған жас

Мамыр - - Өзі өлсе де, Қалқаманның амандығын тілейді Ақылды, өз теңін іздеуші, сабырлы, сезімтал

Әнет баба - Ел бірлігін, тыныштығын ойлайды.

- Мамыр мен Қалқаманға жаны ашиды Мейірімді, әділдікті жақтаушы, данагөй қария

Көкенай -Мамырды өлтіреді

- Қалқаманды өлтір деп қиғылық салады Қатал, намысшыл, өз дәуірінің салт-дәстүрін берік ұстанушы

Қосымша түсінік. Әнет баба Кішікұлы (1628-1723) – ежелгі Шыңғыстау өңірінен шығып, қазақ мемлекетін құруға белсене қатысқан тұлғалардың бірі. Әнет баба – Әз Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, оның кеңесші болған, «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан атақты жеті бидің бірі. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын руы. Ол әділгімен, діндарлығымен аты шыққан. Ұлы бидің сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мазарына жерленген.

(«Қазақтың ұлттық энциклопедиясы»)

Топтық жұмыс.

І-топ. Поэма шумақтарын өлең құрылысына талдау.

(Жырдың алғашқы шумағы)

Өткен іс ойға күңгірт, көзге танық,-------------11 а

Көрмесе де білгенге бәрі қанық.-----------------11 а

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл, ------------11 б

Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.---------11 а



(Жырдың соңғы шумағы)

Хан Шыңғыс деген тауда тұрмыз біз де,-------11 а

Егер де іздесеңдер, сонан ізде.--------------------11 а

Тобықтыда Құнанбай қажы десе,-----------------11 б 11 буынды, 2 бунақты,

Басты кісі біледі Орта жүзде.----------------------11 а қара өлең ұйқасы

ІІ-топ. Жырдың поэтикалық тіліне талдау.

№ Жырдың поэтикалық тілі Жырдан үзінді мысал

1 Суреттеу. (оқиғаның болған жерін, кейіпкерлердің жеке басына тән ерек-шеліктерін, оларды қоршаған ортамен таныстыру - суреттеу) Өткен іс ойға күңгірт, көзге танық,

Көрмесе де білгенге бәрі қанық.

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл,

Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.

2 Баяндау. (оқиға желісін көркемдеп әңгімелеу - баяндау) Көкенайдың төркіндеп келген Мамырды атып өлтіруі, т.б.

3 Диалог. (кейіпкерлердің бір-бірімен сөйлесуі - диалог) Қалқаман мен Мамырдың сөйлесуі

4 Портрет.(кейіпкердің сырт тұлғасын, бет-әлпетін суреттеу - портрет) Мінездеу. Әнет бабаң –арғынның ел ағасы,

Әрі би, әрі молда, ғұламасы.

Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,

Сол кезде тоқсан беске келген жасы.

5 Теңеу. (заттың, құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу) Бабаңның нұр жүзі болды мұздай

Жылы жүрек өзіне жар тапқандай

Қалқаман мен Мамырдың дауындай

6 Эпитет (заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз) Салқын термен мөлдіреп нұрлы жүзі,

Жылы жүрек өзіне жар тапқандай

Пікірталас

- Поэманы талдауды пікірталаспен жалғастырайық.

1 – топ

Жақтаушы 2 – топ

Даттаушы

1. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс па?

Дәйектеме – Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс.

Аргумент – «Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар»

Абай.

Жауап: 1.Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс. Ол – адал махаббат иелері. Бірін – бірі шын сүйеді. Мамыр өлер алдында да Қалқаманға деген махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де, Қалқаманның тірі болуын армандады.

Жауап: 2. «Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар» Абай атамыз айтқандай, бір-біріне деген сезімдерін дәлелдеу үшін қосылды. Мен бұл әрекетті қолдаймын.

Жауап: 3. Поэмадағы үзінді келтірілгендей:

- Сүйген жарым, сүйенген жарым сенсің,

Не қылсаң да біле бер, мейлі өзің,- деген Мамырдың сөзінен кейін Қалқаман не істеу керек еді? Мамырға қосылуын мен құптаймын. Дәйектеме – Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс емес.

Аргумент – «Жеті атаға дейін қыз алысу – күнә»

Жауап: 1.Олар бірін – бір ұнатса да, сезімді ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар ата — салтын бұзды.

Жауап: 2. Ол кезде ата–салтын орындамай, бата бұзған адамдарды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс адамдардың балалары. Сондықтан олар жеті атаға дейін қыз алмау деген қағиданы бұзды.

Жауап: 3. Жырда:

- Қыз алаған жоқ жақыннан Тобықты әзір,

Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір,- деген Мамыр бұл істің немен тыңарын білді ғой. Сондықтан да сезімге берілмей, тоқтамға келу керек еді.Мен қосылуы дұрыс дегендерге қарсымын.

2. Көкенайдың әрекетін қалай бағалайсыңдар? Іс-әрекеті дұрыс па?

Дәйектеме – Көкенайдың әрекеті дұрыс.

Аргумент – «Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас» Мақал.

Жауап: 1.Ертеде кінәлі адамдарды айып-тайтын арнаулы заңдар болмаған. Ел билеушілер, әр рудың көсемдері, билері далалық сот жасаған, үкім шығарған. Көкенай — өз дәуірінің салт – дәстүрін берік ұстаған адам. Сондықтан жастарды жазалауы дұрыс.

Жауап: 2. Келешекте тағы да туысқан адамдар қосылып қоюы мүмкін ғой. Олай болуы әбден мүмкін. Сондықтан да болашақта жастарға сабақ болсын деп, Көкенай осындай қатыгездікке әдейі барған болар. Жырда Көкенайдың әрекетін басқа рулас адамдар тегіс жақтайды ғой. Мысалы,

Тобықты осы сөзге қақ бөлініп,

Болысты Мәмбетейге Қанжығалы,-дейді.

Жауап: 3. Бұл әрекетте Көкенай қатыгез-дік іс жасады, ол жасырын емес. Қазақта «Ел ағасыз болмас, Тон жағасыз болмас» деген мақал бар ғой. Көкенайдың бұл ісі елге сабақ болсын дегені де. Дәйектеме – Көкенайдың әрекеті дұрыс емес.

Аргумент – «Айырған екі ғашықты оңа ма екен?»

Жауап: 1.Көкенай — өз заманының қатыгез адамы. Бір – бірін ұнатқан екі жастың обалына қалды. Қалқаман мен Мамырды өлім жазасына кесетіндей ештеңе бүлдірген жоқ. Олардың жазығы – бір – бірін сүйгендігі.

Жауап: 2. Жырда Көкенай батыр деп аталады. Бірақ оның батырлығы туралы ешқандай эпизодта жоқ. Поэмадан кездестірмейміз. Мылтықсыз, қарусыз, тек аңға шыққаны ғана суреттеледі. Ол- ұлы махаббатты қорлаған жан.Мамырды аямай, қанын жүктеген Көкенай Мамырдың ақтық сөзінен соң өз әрекетін тоқтатты ма? Жоқ. Қатыгез Көкенай жазықсыз жасты өлтіріп алдым-ау деп ойлаған да жоқ. Көкенайдың іс-әрекеті дұрыс емес.

Жауап: 3. Көкенай – оқымаған, ескі салтты жақтаушы қараңғы адам. Екі ғашықты айырып, Қалқаманды өлтір деп қиғылық салғаннан не опа тапты? Бұл ісі кейінгі ұрпаққа үлгі болады дейсіңдер. Оның Мамырды атып өлтірген қатыгездігін көрген жастар қандай үлгі алмақ? Көкенайдың бұл әрекетіне мен үзілді-кесілді қарсымын.

3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па?

Дәйектеме – Қалқаманның елден кетуі дұрыс.

Аргумент – «Көзден кетсе,

Көңілден де кетеді»

Жауап: 1. Қалқаман қазақ халқының салт- дәстүрін бұзды. Біріншіден, Мамырдың атастырылып қойылған жерінің батасын бұзды. Екіншіден, өзімен жақын, туысқан адамның қызын алды. Содан ел бірлігі бұзылды, дау – жанжал күшейді. Сол себептен көзге күйік болмай, Қалқаман-ның елден кеткені дұрыс деп есептеймін.

Жауап: 2. Қалқаман өз туыстарынан көңілі қалды. Оның үстіне Мамырдың қайғысын ұмыта алмады. Көзбен көрмесем, ұмытам деп ойлады. «Көзден кетсе, Көңілден де кетеді» деген. Сондықтан елден кеткені дұрыс деп ойлаймын. Дәйектеме – Қалқаманның елден кетуі дұрыс емес.

Аргумент – «Бөтен елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол» Мақал.

Жауап: 1. Қалқаманның елден кетуі дұрыс емес. Туыстары да, Әнет бабасы да ол үшін қатты қинал-ды, оның Мамырмен бірге қалуының жағдайларын жасады. Оның өлімін қалаған – Мәмбетейлер. Сондықтан, жекпе – жекте аман қалған соң, елден кетпеуі керек еді.

Жауап: 2. Қалқаман елден безіп, өзінің осалдығын байқатты. Оны елден ешкім қуған жоқ. Ол тек Көкенайға өкпелеуі керек еді. Елде қалып, Көке-найға қарсы күш көрсетуі керек еді.

Жауап: 3. Мамырды шын сүйетінін дәлелдеп, оның есімін ардақтап өтуі керек еді. Бөтен елде бәрібір өз еліндей бола алмайды. «Бөтен елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» деген мақал да текке айтылмаған ғой. Сондықтан Қалқаманның елден кетуі дұрыс емес.

Жауап: 4. Қалқаман өзінің адал махаббат иесі екенін дәлелдеп, өзі үшін өліп кеткен Мамырға ұмытылмастай етіп сол елге ескерткіш мұнара орнатуы керек еді.Мысалы, тарихтан белгілі, Айша бибіге орнатқан Қарахан батыр сияқты. Сондықтан оның елден кеткені дұрыс емес деп есептеймін.

Мұғалімнің сөзі.

Иә, балалар, әрқайсысың өз пікірлеріңді дәлелдеп шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын. Ол заман — әйелді малға сатқан, бұғауда ұстаған заман. Шәкәрім екі жастың адал махаббатын көрсете отырып, өз заманының қатал заңына қарсы шығады.

Қазіргі ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, қазақтың «жеті атаға дейін қыз алыспау» деген ырымының түбінде бір мән жатыр. Оны биология пәндерін оқу арқылы білесіңдер. Сондықтан туыстық, жақындық дегеннің мән – мағынасына үңіліп жүріңдер.

Бүгінгі пікірталастан қалар түйін мынау:

Ата салтын аттауға да болмас,

Жүрек қалауын тастауға да болмас.

ІҮ. Ой толғаныс.

Менің шығармадан түйгенім...

(бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, өз ойларыңды түйіндеңдер)

Қорытынды сөз. «Кейінгілер сөзімді оқыр. Бірі ұнатар, бірі сынап күлер. Сонда менің зарланумен өткенімді түсінер. Дүниенің рахатына сенім жоқ екенін түсінгелі басымды тауға да, тасқа да ұрып, ғаделет іздеп алқынғанымды білер. Қайран қу дүние, барлық арманыма жеткізбесіңді білгем. Әттең! Тағы да әттең! Абай ағам секілденіп «қолымды кеш сермеппін». Ырду-дырдумен, ел ішінің ұсақ-түйегімен, ата жолы деп билікке араласып, алтын уақытымды босқа өткеріппін. Енді амал нешік. Менен кейінгілер қаулап өсіп кел жатқаны ғана көңілге медет. Мен жетпегенге солар жетеді деп үміттенем. Уақытым тарлығынан кейінгі жылдары ойыма келгеннің бәрін, нақ сол сәттегі көңіл-күймен қағаз бетіне түсіре бердім. Оным ала да, құла да шыққан болар. Менің бүгінгі жеткенім осы болды. Ақтығыма, қазағыма адалдығыма, оған жарқын күндер тілегеніме сеніңдер халқым» деп өкінішін де, күйінішін де, үмітін де ақтарыла айтады дана Шәкәрім.

V. Бағалау. Бағалау парақшалары бойынша бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

І-топ. Поэма мазмұны бойынша тест құрастыру. (10 сұрақ)

ІІ-топ. «Шынайы махаббаттың қос шынары» тақырыбында шығарма жазу.

Екі топқа да поэмадан үзінді жаттау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«?ал?аман – Мамыр» поэмасында?ы кейіпкерлер та?дыры мен поэманы? к?ркемдік ерекшелігі

Автор: Пирашова Галья Есенказиевна

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280570


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства