Көрнекілігі: құран кітап, Абай, Шәкәрім шығармаларынан үзінділер
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Діни әңгімелерді қайталау. Ойтолғауларын оқыту.
ІІІ Жаңа сабақ
Құран- мұсылмандардың тұңғыш классикалық әдебиеті. Ұлттық әдебиетімізде Құран Кәрім хикаяттары, пайғамбар мен сахабалар, халифалардың өмірі мен Ислам шариғаты негіздерінің көрініс табуы – рухани мәдениетіміздің өркендеу тарихында, әдебиеттің көркемдік дамуында өзіндік маңызға ие. Қазақ әдебиетіндегі діни мәселені сөз ету ұлттық сөз өнеріміздің көне дәуірлерден бүгінге дейін үзілмей, жалғасып келе жатқан қазақ-араб мәдени қарым-қатынасы дәстүрінің ғылыми-теориялық тұрғыда кеңеюіне, өркендеуіне жол ашады. Ислам діні орнағаннан кейінгі әдебиетте Алланың хақ екендігі, Мұхаммед пайғамбар мен Құран Кәрімде аттары аталған жиырма сегіз пайғамбар мен сахабалар өмірі көркем әдебиетке арқау болды. Құран Кәрім – қазақ және араб халықтарының рухани ықпалдасуының негізгі қайнар көзі.Қазақтың ақын-жазушыларының көбісі сөздерін «Алла» деп бастап, арқау, өзек еткен. Солардың бірі Ыбырайдың «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегі, Абайдың қарасөздері, Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» еңбектері
Абай қарасөздерінен үзінділерді үнтаспадан тыңдату.(талдату)
Сұрақ-жауап:
Құран кітапты неге қасиетті кітап санаймыз?
Бұл кітап пәни өмірге қалай келіп еді?
Нанның құдіреті артық па, әлде Құран кітаптың ба?
Нан мен Құран кітап туралы аңызды естігендерің бар ма? (аңыз айтылады)
Енді мына кестедегі ақындарымыздың сөздерін өздеріңіз жалғастырып көріңіздер.
Абай
Алланың өзi де рас, сөзi де рас.
Ыбырай
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық.
.
Шәкәрім
«Мұсылмандық шарты» еңбегінен:
«Алла тағаланың баласы жоқ және бір Алладан басқа Алла жоқ, егерде басқа бір Алла болса әрқайсысы өзінің жаратқан нәрсесімен кетер еді де бірін-бірі жеңер еді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Көрнекілігі: құран кітап , Абай, Шәкәрім шығармаларынан үзінділер
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Діни әңгімелерді қайталау. Ойтолғауларын оқыту.
ІІІ Жаңа сабақ
Құран- мұсылмандардың тұңғыш классикалық әдебиеті. Ұлттық әдебиетімізде Құран Кәрім хикаяттары, пайғамбар мен сахабалар, халифалардың өмірі мен Ислам шариғаты негіздерінің көрініс табуы – рухани мәдениетіміздің өркендеу тарихында, әдебиеттің көркемдік дамуында өзіндік маңызға ие. Қазақ әдебиетіндегі діни мәселені сөз ету ұлттық сөз өнеріміздің көне дәуірлерден бүгінге дейін үзілмей, жалғасып келе жатқан қазақ-араб мәдени қарым-қатынасы дәстүрінің ғылыми-теориялық тұрғыда кеңеюіне, өркендеуіне жол ашады. Ислам діні орнағаннан кейінгі әдебиетте Алланың хақ екендігі, Мұхаммед пайғамбар мен Құран Кәрімде аттары аталған жиырма сегіз пайғамбар мен сахабалар өмірі көркем әдебиетке арқау болды. Құран Кәрім – қазақ және араб халықтарының рухани ықпалдасуының негізгі қайнар көзі.Қазақтың ақын-жазушыларының көбісі сөздерін «Алла» деп бастап, арқау, өзек еткен. Солардың бірі Ыбырайдың «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегі, Абайдың қарасөздері, Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» еңбектері
Абай қарасөздерінен үзінділерді үнтаспадан тыңдату.(талдату)
Сұрақ-жауап:
Құран кітапты неге қасиетті кітап санаймыз?
Бұл кітап пәни өмірге қалай келіп еді?
Нанның құдіреті артық па, әлде Құран кітаптың ба?
Нан мен Құран кітап туралы аңызды естігендерің бар ма? (аңыз айтылады)
Енді мына кестедегі ақындарымыздың сөздерін өздеріңіз жалғастырып көріңіздер.
Абай
Алланың өзi де рас, сөзi де рас...
Ыбырай
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық...
.
Шәкәрім
«Мұсылмандық шарты» еңбегінен:
«Алла тағаланың баласы жоқ және бір Алладан басқа Алла жоқ, егерде басқа бір Алла болса әрқайсысы өзінің жаратқан нәрсесімен кетер еді де бірін-бірі жеңер еді...
IV. Бекіту
М.Дулатов өлеңіне құрылымдық талдау.
Қазақ жүр мұсылмандық жаласында,
Сайрандап сахараның даласында.
Файда деп күндіз-түні дамылы жоқ,
Ғибадат қылмай Хаққа шамасында
Дегенмен «мен мұсылман» іс бітпейді,
Бұл күнде жұрттың көбі дін күтпейді.
V.Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
1.Балалар бүгінгі сабақтан қандай ой қорыттыңыздар?
2.Құран классикалық әдебиетке жатады ма?
VI.Үйге тапсырма
Дін туралы өлең, нақыл сөз, мақал-мәтелдер жинастырып келу.