kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қ.Нұрмашев "Ата- баба дәстүрі" атты шығармасындағы ырым -тыйым сөздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл өте жақсы мақала.Өтек кереемет қой. Біздің мқалада ырым- тыйым сөздер кеңінен қолданылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қ.Нұрмашев "Ата- баба дәстүрі" атты шығармасындағы ырым -тыйым сөздер»

Иүгінеки Ахмед[өңдеу]

Ахмет ИүгінекиЮгнаки Адиб Ахмет ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақынхакімойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында арабпарсы тілін меңгерген білімді адам болған.

Өмірбаяны[өңдеу]

Ахмет Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-ФарабиМахмуд Қашқари, жылы БаласағұниҚожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.

Мұралары[өңдеу]

Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), жылы Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, қаласының Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.

Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөзТіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкінішмұнда этик. нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды.

Ахмед Иүгінеки гуманизмі[өңдеу]

Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни, зұлымдық зұлымдықты тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды хош көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді. Бірақ дүниемен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған “Мың досың болсын мейлі, біреуі де адал емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады” немесе “Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде сақталып, айтылып келеді.[1]

Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастары[өңдеу]

Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады. Саяси ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке ғылым және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде осы ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Саясат туралы тереңдетілген білімді берудегі тарихи процесінің логикалы-түсініктік көзқарастары көрініс табады. Саясат пен билік, мемлекет пен саяси жүйе, саяси теориялардың тарихы туралы теориялық білімнің пайда болуы мен дамуының тарихы қамтылады. Сондықтан саяси ілімдер тарихының пәнінен тыс түрлі ойшылдар мен саяси қайраткерлердің пікірлері мен ұстанымдары жеке теориялар деңгейінде дами түседі. Саяси ілімдердің өткені мен қазіргісін саясаттанулық талдаудың жалпы жиынтығында ол ерекше орынға ие. Саяси ойдың қазіргі ілімдері мен теорияларының дамуына ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектері айтарлықтай ықпал етті. әл-Кинди, әл-Бируни, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ибн Сина, О. Хайям, Низами, Ә. Науаи сынды осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің саяси көзқарастары саяси ілімдер тарихында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы мақаламызда Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған «Ақиқат сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие. Сөз басында айтарымыз, А. Йүгінеки билік үшін күрескен, халықты басқаруға ұмтылған, оларға үстемдік жүргізгісі келген саясаткер емес. Ол өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Бұл арабшадан аударғанда «тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші» деген мағынаны береді. Сонымен қатар, ол Йүгінекидің лақап аты ретінде де қолданылған. Түркістан шаҺарының күнбатыс бүйірінде көне Йүгінек (Югнек) қыстағында туып өскен, өзінің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хакоик») дастанымен даңқы жайылған Ахмед Йүгінеки (Югнеки) ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына көптен таныс. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Ахмед Йүгінеки есімі энциклопедиялар мен әдебиет тарихы кітаптарында да тұрақты аталады. Зерттеушілер Ахмед Йүгінекидің туған, өлген жылдарын дәл басып айта алмайды. Ақын жөнінде мағлұмат тым аз сақталған. А. Йүгінекидің өмір кешкен заманын ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасырдың басы деген тұжырым шындыққа жақын болса керек. Ғасырлар тереңінен еміс-еміс жеткен деректер Ахмедтің көзі көрмейтін зағип болғанын, өзінің зерек, зерделілігінің арқасында ғана ізденіп, білім жиғанын, түркі тілдерін, араб тілін меңгергенін, өз кезінің ең білімдар адамдарының бірі болғанын мәлімдейді. Ал ақынның көлемі бес жүз жолдан артық «Ақиқат сыйы» дастанының көшірме нұсқалары Стамбұл, Анкара, Самарқан кітапханаларында сақталған. Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады. Сондықтан, Ахмед Йүгінекидің әлеуметтік көзқарастарындағы ең басты және негізгі орын әлемді жаратушы Алла тағалаға арналады. Ол адамзаттың ақиқатқа жету жолында осы қоғамды жаратушы Алла деп тануын және барлық әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде есептейді. Бұл ерекшелік Ахмед Йүгінеки заманында өмір сүрген ойшылдар М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Ахмед Ясауи еңбектерінде Дидактикалық сипаттағы өлеңнің бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл сөздерден басталады. Екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде кеңестер берсе, үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы сөз болады. Дастан жомарттықты, қарапайымдылықты, сыпайылықты, өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен дөрекілікті айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс қасиеттерін жою жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді («Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал», т.т.). Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақалдар-мәтелдерге толы. «Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті болуы насихатталды. Өмір туралы, атамекен, туған елдің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тұстары, қатерлері мен мүмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бүгінгі күнге дейін жеткендігі көңілімізді қуантады. «Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», - деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Осыдан «Ақиқат сыйында» айтылатын лидерлік феноменіне қызығушылығымыз туындайды. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау шығарманы оқу барысынан кейін орын алады. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі. Жалпы қазіргі әлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мәселесі ретінде саяси лидерлікті түсіну болып табылады. Саясат өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері, идеалдары, білімдері, тәжірибесі, құндылықтары, эмоциялары мен мәдениеті бар субъектілер мен объектілерден құралады. Сонымен бірге, лидерліктің саяси салада саяси басқару негізінде түсінілетіні белгілі. Саяси лидерліктің мәселесі нақты саяси шарттар мен бостандықтар қалыптасқанда ғана айқындала түседі. Қазіргі оқырман А. Йүгінекидің осы көзқарасы арқылы сол кезеңдегі басшылар үшін қажет ұстаным екенін айқындап, оның қазіргі күндегі негізгі биліктік ұғымдарға жат еместігін




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қ.Нұрмашев "Ата- баба дәстүрі" атты шығармасындағы ырым -тыйым сөздер

Автор: Қонар Нұрболат Уктемұлы

Дата: 17.01.2017

Номер свидетельства: 380421


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства