kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ: ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазушылар. Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» жинақтары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ 

колледж оқытушыларына арналған 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ: ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазушылар. Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» жинақтары.»

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Күні 23.02.2016ж

Топ Пар-15-9

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазушылар. Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» жинақтары.

Сабақтың мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен студенттерді таныстыру, «Қырық мысал», «Маса»жинағының мазмұны туралы түсінік беру..

2. Студенттердің сұрақ қоя білулерін, оқығанды жеткізе білуге, тілдік қорларын дамытуға бейімдеу.

3. А.Байтұрсыновтың шығармаларын оқыта адамгершілікке, қарапайымдылыққа,өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу.

Әдісі: әңгімелеу, аудару,баяндау,түсіндіру, сұрақ-жауап

Түрі: аралас

Типі: жаңа білім беру

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, халықтық педагогикамен байланыстыру.

Көрнекілігі: А.Байтұрсыновтың портреті, шығармалары,презентация.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа назарларын аударту. Мақсатын айту.

ІІ. Үй жұмысын сұрау: «Ыстық орындық» әдісі.

  • Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

  • Шәкәрім Құдайбердиевтің қандай шығармасын өттік?

- Қазір сіздер үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі бойынша айтып шығасыздар.

-Сосын сендерге басқа студенттер үй жұмысы бойынша сұрақ қояды. Егер жауап бере алмасаң, орындықта күйіп кетесіңдер. /2 студент шығару/

 Шығармашылық  диктант

Шәкәрім  ... (1858) жылы  ШҚО, Абай  ауданы,  Шыңғыстауының  етегінде  дүниеге  келген.  ... (5)  жасында  оқуға  барып,  ... (7)  жасында  жетім  қалады.  Әкесі  Құдайберді  ... (1866)  жылы  ... (37) жасында  дүниеден  озады. 10  жасында ... (домбыра) , ... (гармонь)  музыкалық  аспаптарында  ойнауды  үйренеді. ...  (25) жасында  болыс  болып  сайланады. Халық  Шәкәрімді  «екінші    ... (Абай)»   деп  таныған.  Ақын  ...  (1905)  жылы  Меккеге  қажылыққа  барған. 

Шәкәрім  ақын  1931  жылы  (73) жасында  жазықсыз  оққа  ұшқан. 

Бағалау критерийясы 11-9жауап-« 5»

8-7 жауап -« 4»

6-5 жауап -« 3»

4-3 жауап -« 2»

Бағалап кету.

-Жақсы студенттер, сіздер үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер.

Қортындылап айтсақ, сіздер Шәкәрім Құдайбердиевтің «Еңлік-Кебек» дастанының ерекшелігін байқадыңыздар. Ш.Құдайбердиев –қазақ мәдениеті мен ғылымының көгінде өзінің жарқын жұлдызын қалдырған биік тұлға.

-Ш. Құдайберді ұлы қай жылы қай жерде дүниеге келген?
1)1858жылы  24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. 1931 жылы 2 қазанда ГПУ жендеттері қолынан қаза табады.

ХХІ ғасыр-білім мен ғылымның ғасыры. Біліммен мықты қаруланған адам ғана кез келген қиындықтарды жеңіп шығады. Елбасымыз айтқандай : «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман » демекші, өздеріңіз тарих және әдебиеттен білетіндей, сол білімді насихаттаған ақын жазуышалырымыздың бірі – Ахмет Байтұрсынов.

ІІІ. Жаңа сабақ:

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы.

Мұғалімнің сөзі:

Қазақ халқының атақты ақыны, дарынды журналисі, қазақ тіл білімінің атасы - А.Байтұрсынов 1873 ж. Торғай облысында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Ахмет Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Ағартушылық жол А.Байтұрсынұлын әдебиетке алып келеді. Ол өлең жазып, аудармамен айналысады. И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де қазақ өміріне лайықталған мысалдар жазады. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал»деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

А.Байтұрсынұлы қазақ әндерін зерттеуші А.Затаевичке бірнеше әндер жаздырған композитор, домбыра, скрипка тартқан, пианинода ойнаған, күреске де түсіп палуан атанған ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы.


Сөздікпен танысу.

Тіл білімі-языкознание,

тіл білімінің атасы-радоначальник языкознания,

беделді-авторитетный,

ағартушылық жол-просветительный путь,

мысалшы-баснописец,

іргесін қалаушы- основатель,

айып-обвинение,

мақтанышы-гордость,

жер аударылады-был сослан

мысал-басня.

Ахмет Байтұрсынов өлең жазумен ғана айналысқан жок. Сонымен қатар И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де қазақ өміріне лайықталған мысалдар жазады.

Сонымен есімізге түсірейік: Мысал (басня) дегеніміз не?

Мысал дегеніміз - шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі. Көбіне, аң, хайуанат, жәндік туралы жазылады. Сол арқылы адам бойындағы мін, кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.

Ба́сня — стихотворное или прозаическое литературное произведение нравоучительного, сатирического характера. В конце или в начале басни содержится краткое нравоучительное заключение — так называемая мораль. Действующими лицами обычно выступают животные, растения, вещи. В басне высмеиваются пороки людей.

Творческую деятельность А. Байтурсынов начал как баснописец. В своих стихотворениях он выражал нужды и чаяния казахского народа, его мечту о светлом будущем, обличал лицемерие чиновничьего аппарата, призывал к свету знаний, культуре. В произведениях «Сорок басен» (1909), «Маса» (1911), «Комар» (1911) высмеиваются такие людские пороки и недостатки, как праздность, лень, тщеславие, невежество.


Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы

Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда  1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Сұрақ: -Маса жинағының мақсаты не? Цель идея этого сборника какова?

-Ақын маса жинағы арқылы не айтқысы келді?

Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

“Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.


«Масаның» негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын өлеңдері жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес. Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, қалып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді. Оның өлеңдерінің тақырып қойылысынан, өрнектелуінен, ой жүйелеу мәнерлерінен Абай, Ыбырай үлгілеріне жақындық, үйлесімдік, үндестік байқалады. Солар сияқты А. Байтұрсынов та айнала қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды.

Оригинальные стихи в сборниках "Сорок ба­сен" и "Комар" Байтурсынова в основном посвя­щены вопросам культуры, науки, просвещения, прогресса. В них он выступает как продолжатель просветительских, демократических, гуманисти­ческих традиций и взглядов своих предшественни­ков Ш.Уалиханова, Ы.Алтынсарина, А.Кунанбаева. В стихотворениях "Состояние казаха", "Тра­диция казаха", "Письмо другу", "Положения", "Собранное-выбранное" и др., автор всматривает­ся в явления и события окружающей жизни, на­ходит много негативных явлений таких, как без­действие, беспечность, медлительность, самоуспо­коение, невежество, произвол властьимущих, уг­нетение и бесправие народа и т.д. Его настроение выражено во многих печальных строках: "увели­чилось небо", "ночь", "сгустившиеся над нами тучи", "боль в душе", "бедствие", "тело, окутан­ное пожаром", "раздирающие распри" и другие -таких поэтических компонентов немало в стихах, посвященных описанию состояния казахского об­щества в первые десятилетия нового века.



Ахмет Байтұрсынов «Маса» жанағына енген мысалдарының бірін оқиық.

Ақын халық тағдырына жаны ашып, халықты ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салғаны байқалады.

Бекіту

  • Сонымен бүгін қандай тақырыппен таныстық ?

  • Ендеше «Толықтыру тесті» арқылы алған білімді қорытындылайық.

Толықтыру тесті 1 Бекіту.

  1. ­­­­­­­­­­­________________­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­-қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашы, мысалшы, саясаткер.

  2. Ол өлең жазып, аудармамен айналысады.

  3. 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

  4. 1922 - 25ж Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы болды.

  5. 1937ж қазан айында А. Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынады.


Бағалау критерийясы 5 жауап-« 5»

4 жауап -« 4»

3 жауап -« 3»

2 жауап -« 2»

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма: Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағынан бір мысалын жаттап келу. Хронологиялық кестені толықтыру.









Хронологиялық кесте.
1882 - 84жылдары ауыл мектебінде оқыды
1890ж. Торғайдағы екі кластық, орыс - қазақ училищесін бітірді.
1895ж Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген




Хронологиялық кесте.
1882 - 84жылдары ауыл мектебінде оқыды
1890ж. Торғайдағы екі кластық, орыс - қазақ училищесін бітірді.
1895ж Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген
1895 - 1909ж Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс - қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады
1909ж патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910ж. жер аударылады
1913ж Орынборда «Қазақ»газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.
1918 - 19ж Алашорда қатарында болады.
1922 - 25ж Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары
1925 - 29ж Халық ағарту институтында және ҚазПИ - де оқытушы болды.
1929ж маусымда қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.
М. Горькийдің зайыбы Пешкованың қолдаухатымен Ахметті босатады. Сол кезде, ол жанұясымен Алматыға қайта оралады.
1937ж қазан айында А. Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынады, екі айдан соң «халық жауы»деп атылды.














ІV. Ауызекі сөйлеу. Білімнің, оқудың пайдасы туралы парталастарыңмен сұхбат құрыңдар. Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін не істеу керек?

Нақыл сөздер.

Күш – білімде. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Тапсырма:1.А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кесте толтырып, оны жауаптарын пайдаланыңдар:


Маңызды оқиғалар

Жылдар

Шығармалары





2.Жоғарыда берілген мәтіннен «Қандай» деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар, олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар. Кім сауатты оқушы екен?

Қандай?

Сөз тіркесі

Сөйлем




3. Сөздікте берілген сөздердің қолдану аясын анықтаңдар. Мысалы:

Тіл білімі- қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі. Тіл білімі тіл заңдарын зерттейді. Қазақ тіл білімінің атасы- А.Байтұрсынұлы.

4. «Балаларды оқуға шақыру» өлең түйіні берілген жолдарды табыңдар, мағынасын ашуға тырысыңдар.

- Ақын өлеңі кімдерге арналған?

ІV. Қорытындылау.Ақын өлеңін хрестоматияда берілген Ыбырай аталарыңның «Кел,балалар, оқылық!» өлеңімен салыстырыңдар. Қандай ұқсастық таптыңдар?

«Балаларды оқуға шақыру»

«Кел, балалар оқылық!»




V. Үйге тапсырма: 1.123-бет, жаттау. 2.Сұрақтарға жауап беру.

3. Өнер-білім, оқу туралы мақалдарды дәптерлеріңе жазып келіңдер, естеріңе сақтаңдар.

І. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.











Қазақ халқының атақты ақыны, дарынды журналисі, қазақ тіл білімінің атасы - А.Байтұрсынов 1873 ж. Торғай облысында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Ахмет Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Ағартушылық жол А.Байтұрсынұлын әдебиетке алып келеді. Ол өлең жазып, аудармамен айналысады. И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де қазақ өміріне лайықталған мысалдар жазады. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал»деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

А.Байтұрсынұлы қазақ әндерін зерттеуші А.Затаевичке бірнеше әндер жаздырған композитор, домбыра, скрипка тартқан, пианинода ойнаған, күреске де түсіп палуан атанған ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы.








Қазақ халқының атақты ақыны, дарынды журналисі, қазақ тіл білімінің атасы - А.Байтұрсынов 1873 ж. Торғай облысында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Ахмет Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Ағартушылық жол А.Байтұрсынұлын әдебиетке алып келеді. Ол өлең жазып, аудармамен айналысады. И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де қазақ өміріне лайықталған мысалдар жазады. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал»деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

А.Байтұрсынұлы қазақ әндерін зерттеуші А.Затаевичке бірнеше әндер жаздырған композитор, домбыра, скрипка тартқан, пианинода ойнаған, күреске де түсіп палуан атанған ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы.







Қазақ халқының атақты ақыны, дарынды журналисі, қазақ тіл білімінің атасы - А.Байтұрсынов 1873 ж. Торғай облысында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Ахмет Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Ағартушылық жол А.Байтұрсынұлын әдебиетке алып келеді. Ол өлең жазып, аудармамен айналысады. И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де қазақ өміріне лайықталған мысалдар жазады. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал»деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

А.Байтұрсынұлы қазақ әндерін зерттеуші А.Затаевичке бірнеше әндер жаздырған композитор, домбыра, скрипка тартқан, пианинода ойнаған, күреске де түсіп палуан атанған ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы.




Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.


Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?







Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.


Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?







Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.


Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?







Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.


Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Дайрабаева Айнагуль Тлеубековна

Дата: 18.01.2017

Номер свидетельства: 380765


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства