Қазақ тілі мұғалімі:Мулдашева Р.С. Ақтөбе қаласы № 20 мектеп-лицейі
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстан жері |
Мақсаты: | Оқушыларды жаңа сөздерді дұрыс айтуға,сөйлемдерді дұрыс пайдалана білуге, тақырып төңірегінде сөйлей білуге үйрету. Сөздік қорын молайту,тыңдап түсіну,сөйлеу, жазу әрекеттерін дамыту.Өз еліне, туған жеріне,сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижесі | Оқушылар бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығады; Оқушылар өзін және сыныптастарын бағалай алады;
|
Дереккөздер : | Интерактивті тақта, постер, стикер, маркерлер, суреттер, конверттер |
Әдіс- тәсілдер | Түсіндіру, әңгімелеу , сұрақ- жауап, сыни ойлау, топтық жұмыстар, |
Іс- әрекеттер кезеңі | Ресурстар | Сабақтың мазмұны |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Жүрекше | Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу. Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында «Жүректің жылуы»психологиялық тренингін өткізу | Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жүрек ұсына отырып тілектер білдіреді. |
Топқа бөлу | Мозаика суреттері | Қазақстанның көрнекті ескерткіштер бойынша оқушыларды топқа бөлу,тақырыпты және мақсаттарды анықтау | Мозаиканы құрастырып топқа бөлінеді |
Қызығушылығын ояту | Қазақстан туралы видеоролик | Қазақстан туралы видеоролик көрсету, «миға шабуыл» жасауға ұсынады | Видеокөріністі қарағаннан кейін «миға шабуыл» арқылы өз білімдерін ортаға салады |
Топпен жұмыс «Қабырға газеті» «Галереяға саяхат» | Постер, маркер, фломастер,стикерлер | тапсырма: Менің Отаным- Қазақстан қабырға газетін дайындаудың қадамдары: 1-топтарда тақырып бойынша білгендерін қағазга түсіру; 2-қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді; 3- мұғалім белгі берісімен топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, газеттерді қарайды, сараптайды, талдайды және стикер арқылы өз пікірін немесе сұрағын жапсырып кетеді.4-галерея саяхат аяқталған соң, топтар өз қабырға газеттеріне жазылған кластастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды | Өз бетінше ,кейін топпен бірге отырып жұмыс жасайды. Қабырға газетін дайындап,өз әсерлерін , пікірлерін тақырыпты қалай түсінгенін сипаттайды. Дайын жұмыстарын сараптайды, қорытынды жасайды, бір- бірін бағалайды. |
Сергіту сәті «Ән шашу» жұпқа бөлу | Қима қағаздар | қима қағаздарда жазылған әндердің сөздері бойынша топқа бөліну, әнді айтып беру | Карточкаларда берілген әннің сөздерін қосып , өлеңді айтып беру. |
«Конверттегі сұрақтар» | Конверттер | Бүгінгі сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру | Бір-біріне сұрақ қояды,жауап береді |
Рефлексия | Кері байланыс экраны | Сабақта не ұнады? Қандай сұрақтарын бар? Не ұнамады? | | Стикерге жазып, оқиды, плакатқа жабыстырады |
Бағалау | | «екі жұлдыз, бір ұсыныс» | Сыныптастарының көрсеткен белсенділігін, білім деңгейін бағалайды. |
Үйге тапсырма | | «Менің Казақстаным» таныстырылым | |