kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К.Ахметова қазағым менің 5-сынып.doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

ашық  сабақ қазағым меніңӘдебиеттің кемел классигі Қадыр  Мырза Әлидің : «Күләш Ахметова – көп ақынның бірі емес. Өз алдына  бөлектеу тұрған сегіз қырлы, бір сырлы тұңғиық ақын»  деген  жүрекжарды сөздері  бүгінгі сабағымыздың арқауы болғалы отырған  ақын апамыздың шығармашылығының алғы сөзі іспетті. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К.Ахметова қазағым менің 5-сынып.doc»

Сыныбы: 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: К. Ахметова «Қазағым менің»

Сабақтың мақсаты:

білімділік - ақын апамыздың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өлеңге арқау болған қазақ халқының шынайы тарихы мен өршіл рухын таныту;

дамытушылық - оқушының ой-өрісін, танымдылығы мен ынта-жігерін дамыту, сөздік қорын байытып, ой еркіндігіне баулу;

тәрбиелік – ақын өмірін үлгі ете отырып, ұлтын сүюге, тарихымызды дәріптеп, туған тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау, СКТ талдау, тест, өзін-өзі бағалау әдістері

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан картасы,интербелсенді тақта, слайдтар жиынтығы, оқулық, жұмыс дәптері, стикерлер, т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих, тіл, музыка

Сабақтың барысы:

1.ҰйымдастыруСәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, құрал-жабдықтарын түгендеу, назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақта үйге М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасынан «Махамбеттің монологы» атты үзінді берілген болатын.

Оқушылардың өтілген сабақтарды қаншалықты меңгергендігін білу үшін төмендегі тапсырманы береміз.

Баламалы тест ( «Иә», «Жоқ») 1- слайд

Қ/с

Сұрақтар

Жауап

1.

М. Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы 1966 ж. басылып шықты

Иә

Жоқ

2.

«Нарынқұм зауалы» өлеңі тарихи шындыққа арналған

Иә

Жоқ

3.

М. Шахановтың «Оюлар» атты өлеңі бар

Иә

Жоқ

4.

«Ай туып келеді», «Сенім патшалығы», «Төрт ана» - М.Шахановтікі

Иә

Жоқ

5.

Мұхтардың «Сырдария» өлеңі 1966 жылы жарық көрді

Иә

Жоқ

6.

Саяқбай – «Аңсау» шығармасының кейіпкері

Иә

Жоқ

7.

М.Шаханов 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Иә

Жоқ

8.

Ф.Оңғарсынованың «Бұлбұл» атты тұңғыш кітабы 1967 ж.жарық көрді

Иә

Жоқ

9.

Дүние жүзі қазақтарының 1-Құрылтайы 1992 ж. Тараз қаласында өткен

Иә

Жоқ

10.

Т. Молдағалиевтың «Студент дәптері» атты жыр жинағы бар.

Иә

Жоқ

Тест кілті 2-слайд

Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауап

Иә

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Жоқ

Иә

Иә

Жоқ

Иә

3.Жаңа тақырыпты меңгерту

1.Қызығушылықты ояту.Ой қозғау.

Оқушыларға слайдпен( 3-слайд) суреттерді көрсету арқылы, бұл құндылықтардың қай халыққа ғана тән екенін сұрап, жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып аламыз (Экраннан қазақтың қасиетті қара домбырасы, киелі киіз үйі, дәмді қымызы мен қазы – қартасы, бағалы бұйымдары - қамшысы мен бесігінің суреттері көрсетіледі)

Бүгінгі сабақтың қазақ халқы туралы болатынын оқушы өзі тауып алады

Оқушылардың назарын тақтаға аударып, дәптерге күннің жады мен жаңа тақырыпты жазамыз. 4-слайд

Әдебиеттің кемел классигі Қадыр Мырза Әлидің : «Күләш Ахметова – көп ақынның бірі емес. Өз алдына бөлектеу тұрған сегіз қырлы, бір сырлы тұңғиық ақын» деген жүрекжарды сөздері бүгінгі сабағымыздың арқауы болғалы отырған ақын апамыздың шығармашылығының алғы сөзі іспетті. 5-слайд

Иә, біздің бүгінгі сабағымыз қазақтың өлең өлкесінде өзіндік өрнегі мен соқпағы, қымбат қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы сыршыл ақын Күләш Ахметова шығармашылығына арналады.

Олай болса, ақынның шығармашылық өмірбаянына тоқталамыз.6, 7 -слайдтар

2. Мағынаны тану.

Туған елін жанындай сүйген Күләш ақын халқына арнап көп өлеңдер жазған: «Қазағым менің», «Сен қазақсың», «Халық», т.б тізбектеліп кете береді

Бүгін біз осынау отты өлеңдер арасынан «Қазағым менің» өлеңіне тоқталамыз

Видеороликтен өлеңді тыңдатамыз. 8-слайд

Өлеңде қазақ халқының өршіл рухы мен көрген қасіреті, тамаша қасиеттері баяндалатынын айтып өтеміз.

Шығарманың мәтінімен танысып болған соң, сыныпты 3 топқа бөліп, дәптерге тапсырмаларды орындауға кірісеміз.

Топтық жұмыс.1-топ (Шығармаға СКТ талдау жасау) 9слайд

1.Авторы: К.Ахметов 1946 ж. Қырғыз

жерінде  дүниеге келген, ақын

2.Тақырыбы: Қазақ халқы туралы

3.Идеясы: Қазақтың шынайы тарихын, өршіл

рухын ,асыл қасиеттерін ашып көрсету, үлгі ету.

4.Жанры: Поэзия ( өлең)

5.Құрылысы: буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас

7,8 буын, 2 бунақ, 4 тармақ,10 шумақ, қара өлең, шұбыртпалы ұйқастар

6.Әдеби- теориялық ұғымдар.Троп – сөзді құбылту

Теңеу, эпитет, т.б көркемдік тәсілдер:даладай; алтын бесік, жалынды ер,қасіретті жас, т.б.

2-топ Бес жолды өлең 10 -слайд

Зат есім халық

Сын есім батыр

Етістік күреседі, қорғайды

Сөйлем Батыр елін қорғайды.

Синоним ел, жұрт, көпшілік,т.б

3-топ (Ассосация жасау) 11- слайд

- Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?

- Ақын халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?

- Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?

Сұрақтарға іштей жауап бере отырып, қазақ халқы деген ұғымға ассосация жасау .

Батыр

Бауырмал Жауынгер

Қонақжай

Қазақ халқы



Тәуелсіз Ақын, өнерге бай


Тарихы терең


Мәтінмен жұмыс (12 – слайд) Дәптерімізді ашып, қазақ халқына тән осы қасиеттер танылатын шумақтарды шығармадан тауып жазамыз.

Қазақ халқына тән қасиеттер

Шығармадан үзінді

Бауырмал, қонақжай

Жатты да кейде бауыр дер,

Жақсы қыз бенен жалынды ер...

Несібі жомарт қазақтың

Есігін кімдер жаба алған?!

Батыр, жауынгер

Жауына қатты қасарған,

Қасарған сайын жасарған.

Найзамен нағыз қазақтың

Намысын кімдер баса алған?!...

Жау тисе, түгел-жауынгер!

Тәуелсіз

Бағынып бірақ қалмаған,

Тәуелсіз қайран жан далам!

Тарихы терең

Жер бар ма жалпақ төсінде

Қасірет жасы тамбаған?!...

Ұрпақты сақтап қалсақ деп,

Қайда да, қайда кетпеген?!

Ақын, өнерге бай

Жиын-той болса - бәрі ақын...

Тулары биік желбіреп,

Қандай бір әндер тумаған?!

«Түртіп алу» стратегиясы Сөздікпен жұмыс 13- слайд

Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді жазу

Тұрлау –баян, тұрақ, тиянақ

Қасірет – қайғы

Бардың базары – баршылық, дәулет

Жоқтың азабы – жоқшылық

Сабылып – жөңкіліп, шұбырып

Қасарған – кектенген, қарсы тұрған т.б.

3. Ой – толғаныс . 14- слайд

(Шығармашылық сәтте жас ақын Жамбыл Дүйсеновтің «Мен қазақпын» өлеңі өз даусымен жай оқылып тұрады)

Осы жас патриот ақынның сырлы шумақтарынан шабыт ала отырып,

3 топқа төмендегі тапсырмаларды орындауға ұсынамыз.

1-топ «Өткенге хат» Өткен күннің қайтпас рухты батырларына, аталарға айтар алғысымызды хатпен жеткізу .

2-топ «Бүгінге сыр» Бүгінгі күннің батыр ұлдарымен сырласа отырып, берілген ұйқастар арқылы өлең шумақтарын құру.

Ұсынылатын ұйқастар: ----------------------------берерім

----------------------------сенемін!

--------------------------------------

----------------------------төгемін!

3-топ «Келешекке тілек»Келер ұрпаққа айтар тілектерің мен армандарыңды жинақтай отырып,берілген тірек сөздер арқылы мәтін құру.

Рефлексия «Бес саусақ» 15-слайд

Олай болса, бүгінгі сабақта алған біліміміз-алдымызда тойланғалы отырған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған тартуымыз болсын дей келе, осы сабаққа арнап жазылған әнді бірігіп айтайық. Әннің әуенін жазған өзіміздің саз пәні ағайымыз Қондыбай Шалабаев

Үй тапсырмасы: 16-слайд

1.Өлеңнен үзінді жаттау

2.«Қазағым менің» тақырыбына шағын шығарма жазып келу

Бағалау 18-слайд

Сабақтың түйіні (Мұғалім сөзі)

Т ә у е л с і з д і к

(Сабаққа арнап жазылған ән)

Әні: Шалабаев Қ.

Сөзі:Дүйсенова Р.

1. Тарихы терең Ұлы едің,

Бағаңды білер ұлы елім.

Өзіңе арнап әнімді,

Жырымды жазып жүремін!

Қ/ сы :Жаса да жайна, Жаңа күн,

Іздегендерім табылар.

Тәуелсіздікте бабамның

Төгілген қанша қаны бар!...

2. Қастерлім, Арым, Намысым,

Бәрінен қымбат табысым!

Тұғырда мәңгі тұрғайсың

Келешек ұрпақ бағы үшін!

Қ/ сы: Жаса да жайна, Жаңа күн,

Жарқырап тұрсын таң нұрлы.

Тәуелсіздікте анамның

Тілегі жатыр сан жылғы!

3. Жиырма бес жылда жаңғырып,

Атыпты қанша таң күліп?!

Тәуелсіз елім Күн сүйген –

Жасай бер, жаса, мәңгілік!

Қ/ сы Жаса да жайна, Жаңа күн,

Жеткізген алға уақытты.

Тәуелсіздікте ұрпақтың

Ертеңі жатыр бақытты!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
К.Ахметова қазағым менің 5-сынып.doc

Автор: Дуйсенова Раушан Медетовна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391804


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства