kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?.Сегізбай?лы ??мырс?алар

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Білімділік: О?ушылар  м?тін мазм?нымен танысады. О?ушылардын о?у да?дылары жетіліп, д?рыс о?у?а машы?танады, м?тіндегі негізгі ойды аны?тау?а, т?сінгенін ж?йелі баяндай білуге ?йренеді.
2. Дамытушылы?: К?ркем с?здерді ме?геру, жа?а с?здер ар?ылы о?ушыларды? ой – ?рістері  дамиды, тіл байлы?тары мен с?здік ?орлары толы?ып, таным ?абілеттері дамып, шы?армашылы? ?иялдарын ж?йелеуге, ?з ойларын т?жырымдау?а, д?лелдеуге, т?йіндей білуге ?йренеді.
3. Т?рбиелік: О?ушылар жа?сы білім алу?а, ал?ан білімін ?мірде ?олдана білуге, ?ам?ор, тап?ыр болу?а  т?рбиеленеді.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?.Сегізбай?лы ??мырс?алар»

Пәннің аты

Уақыты: 09,01,2016

Сабақтың атауы

Қ.Сегізбайұлы Құмырсқалар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1. Білімділік: Оқушылар мәтін мазмұнымен танысады. Оқушылардын оқу дағдылары жетіліп, дұрыс оқуға машықтанады, мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйренеді.
2. Дамытушылық: Көркем сөздерді меңгеру, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой – өрістері дамиды, тіл байлықтары мен сөздік қорлары толығып, таным қабілеттері дамып, шығармашылық қиялдарын жүйелеуге, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге үйренеді.
3. Тәрбиелік: Оқушылар жақсы білім алуға, алған білімін өмірде қолдана білуге, қамқор, тапқыр болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой түйіндеу, рөлге бөліп оқу, деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, көшеде жүру ережесі, әдеп.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.

Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.

Мағынаны тану

Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Ой толғаныс

Құмырсқалар империясында ең статусы төмені – бала бағушылары. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшаның жатырынан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орынға жайғастырумен әуре. Ұлық патшайым ұзынынан созыла жатып, бала туумен ғана айналысады. Күтушілер оның ауызына тамақ тосып, тапқан таянғанын Ұлы ананың таңдайына тамызудан жалықпайды. 

Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ. Сонымен қатар құмырсқа адам денсаулығында да маңызды роль атқарады. Мысалы, Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады екен.

Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады. Сонымен қатар оның илеуі де ем боладыекен. Медицина ғылымында құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады

Үйге тапсырма

Түсінгенін айту

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?.Сегізбай?лы ??мырс?алар

Автор: Тажибаева Нургуль Аманжоловна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315261


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства