1.Топқа бөлу. (Өтілетін тақырыпқа байланысты музыкалық аспаптар бойынша топқа бөлінеді) Домбыра, қобыз, шаңқобыз, жетіген суреттерін әр оқушыға таратып, береміз. Оқушылар суреттер бойынша топтарға жинақталады. Мысалы, домбыраның суреті бар оқушылар бір топқа,.. т.с.с 2. Үй тапсырмасын тексеру. Шоқанның әкесі туралы не ойлайсың? | Шоқан туралы не ойлайсың? | Мысық туралы не ойлайсың? | | | | Үй тапсырмасын бағалау критерийлері. «5» - егер оқушы берілген тапсырмаларды тиянақты, ойын ашық, жан-жақты әрі қатесіз жазса; «4» - егер оқушы берілген тапсырманы орындау барысында өз ойын ашық, бірақ қысқа сөйлемдермен жазса, бір немесе екі граматикалық қателіктер жіберсе; «3»- егер оқушы өз ойын толық жеткізе алмаса, екі немесе үш граматикалық қателіктер жіберсе; «2»- егер оқушы өз ойын жаза алмаса, төрттен аса граматикалық қателіктер жіберсе. 3. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. Құрманғазы туралы алғашқы білімдерін анықтау мақсатында «Ақсақ құлан» мультфильмін көру. Мұғалімнің сұрақтары: Мультфильм не туралы? Мультфильмнен қандай әсер алдыңдар? Домбырашы туралы не айта аласыңдар? Домбырашының мультфильмнің соңында тартқан күйі сендерге таныс па? Мұғалім сұрақ –жауап әдісі арқылы оқушыларды жаңа сабаққа жетелейді. Мағынаны тану сатысы: Құрманғазы Сағырбайұлы туралы слайд көрсету. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға берілетін нұсқау: 1 –топ. Құрманғазының өмірбаяны туралы жазады. 2- топ. Құрманғазының күйлерін жазады. 3-топ. Құрманғазыға топтың әр мүшесі хат жазады, топта бір-біріне оқып береді, ең ұнаған жұмысты сыныпта оқуға ұсынады. 4- топ. Оқулықта берілен «Құрманғазы ата» өлеңін талдайды. Ой толғаныс сатысы: Топтық жұмыстарын қорғайды. Құрманғазының «Ақсақ құлан» күйін тыңдайды. Бағалау парағы. Оқушының аты-жөні | Жеке жұмыс | Топтағы белсенділігі | Жаңа идеялар қосуы | Мұғалімнің бағалауы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Үйге тапсырма беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша ақпараттар жинақтап жазу. «Бар қазақ... Құрманға бас иер» деген сөз тіркестерінің мән мағынасын ашып жазып келу. |