1) Автордың өмірі мен шығармашылық еңбектері туралы түсініктерін кеңейту. Мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
2)Берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойлау шеберлігі мен ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.
3)Оқушылардың туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. А.Құнанбаевтың шығармашылығынан үлгі — өнеге алып, өз бетінше ізденіп, шығармашылық қабілетін арттыруға тәрбиелеу.
«Қажымас дос халықта жоқ...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Туындыда ақын биік адамгершілік талабының деңгейінен адалдықты, әділдікті, қайырымдылықты, дос пейілділікті жақтайды, өзімшілдікті, опасыздықты, өсек-өтірікті, қулық- сұмдықты сынға алады. Өлеңнен ақынның өз заманындағы қоғам тіршілігіне араласа жүріп, көңіліне қаяу түсірген келеңсіз жәйттерден түңіле мұңайған көңіл күйі сезіледі. Өлең 7 буынды, шалыс ұйқаспен өрнектелген. Ойлы, орамды тілмен орайын келтіріп айтқан ұтқыр да ұшқыр жыр жолдары мақал-мәтел, нақыл сөз іспетті көңілге қонымды. Туындының түпнұсқасы 1905 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлеңнің басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбасында бар:
«Бұйда тақ та мұрныңа, Бер деседі қолыма. Жарасар ма өзіңе Иттің ерсең соңына», - деген 3-шумақ пен:
«Жақсы досың бар болып, Жанды аяған жарамас. Оңбаған дос жар болып, Ұятыңа қарамас»,
- деген соңғы шумақ барлық басылымдарға енгізілмеген. Сондай-ақ жинақтарға 6-шумақтың алғашқы жолы 1909 жылғы басылым негізінде: «Сыйласарлық тектінің» болып алынған. Бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларында «Сақтасарлық жақсының» делініп жазылған. Өлең қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.[1]
Сөздікпен жұмыс:
Әуара (парсыша) – қаңғыру, сергелдеңге салыну
Өлең құрылысына талдау
Бекіту:
Үйге тапсырма: жаттау, түсінік айту, өлеңді талдау.