Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: I-Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесіп алу. • Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін қадағалап шығу. • Сабақ барысы туралы түсінік беру, топқа бөлу. Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек, Еңбекті сат, ар сатып неге керек. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп оқушыларды «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек» тобы деп үш топқа бөлеміз. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. - Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасының мазмұнымен танысқан болатынбыз. Үйге берілген тапсырманы өз еріктерің бойынша сұрап шығайын. Бүгінгі сабағымызда ұлы Абай шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.
ІІІ. Қызығушылығын ояту Тапсырма: «Артықшылығы неде?» 3 топ өз артықшылығы жайлы оқып, талдау керек. Жұптасып, топтасып жұмыс жүргізеді. 2. Қызыл, көк, жасыл түсті беремін. Оқушылар сол бойынша өз топтарының түсін анықтау керек. - Қызыл түс қан. Олай болса жүрек тобы сендерге қызыл түс. Өйткені, жүрек қызыл, адам денесінде барлығы қан арқылы болады. Қан қызады, адам қызбаланады. Олай болса адам жүректі үнемі бағындырып отыруы керек. - Көк түс не? (ақыл) - Аспан және мұхит. - Абай тұнып жатқан мұхит - Жасыл не? - Жасыл шөп. Шөп қара жерді жарып шығады. Олай болса, қайрат. Адам қайратымен барлығын жеңе алады. - Мұғалімнің қолында ақ түс қалды. Неге ақ түс. Себебі ақ- ғылым. Жүректе болмаса, қайраты жетпесе, ғылым мәңгі ақтаңғақ. «Ақтаңғақ» дегеніміз- толық адам емес деген мағынада. Адамға осы үшеуі де керек деп кім айтқан? Жаңа сабақ Түсінік беру. «Қара сөз» деген атау өлең сөзден бөлек шығарма мағынасын білдіреді. Қазақ өлең өнерін қара сөз демейді. Қара сөз «проза» деген мағынада айтылған, еркін ой білдіру формасы екенін, ал Абайдың қара сөздері – адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау. Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46 - ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз. Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
2. Бүгінгі сабағымызға жүктелетін міндет: қара сөздердің мағынасын ашу, сендерге ой салу, ой толғаулардан ғибрат, тәлім-тәрбие алу көзделеді. Сіздер төрт топқа бөлініп, сабақ барысында төрт түрлі тапсырма орындайсыңдар. 3. Абайдың қара сөздерін бейнетаспадан тыңдау 4. Мағынаны тану, талдау, пікір қорғау(16 мин.) Бірінші топ Абайдың 1-қара сөзін талқылайды а) Қандай мәселе көтерілген? ә) Абайдың алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық деуінің мәні неде? б) Абай жер ортасы жасқа келіп, қажып, жалығуының, ісінің бекер-баянсыз деуінің себебі? в) Өзімен-өзі пікірлесе отырып, қандай кәсіпті өзіне лайықсыз деп табады? г) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай? Екінші топ Абайдың 7-қара сөзін 19,43-қара сөздерімен салыстырады а) Қандай мәселе көтерілген? ә) 19, 43-қара сөздермен салыстыр. б) Ұқсас тұстарын айқында. Үшінші топ 21-қара сөзін зерттейді(4 мин. ) а) Адам бойындағы қандай мінез сыналған? ә) Абай мақтаншақтықты неше түрге бөледі? б) Сол жөнінде қандай тұжырым жасайды? в) Адамның қандай осал тұстары аталады? г) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың? ғ) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. 5. «Еркін жазу стратегиясы» 5 минут. «Пікірі жоқ адамнан қорық» деген шығыс даналығы бар. Әрбір адамның өзіндік мені, өз пікірі болуы керек. Сендер оны «өзін - өзі тану» сабағынан да үйреніп жүрсіңдер. 6. Ой-тұжырым Ар-ұят, адамгершілік мәселесін көтерген Абайдың қара сөздері Надандық, мақтаншақтық Еңбек пен ғылымды насихаттау жалқаулықты сынаған 7.Қорытынды: Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы. Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Кірпіш таратылады. Кірпіште адам бойындағы жақсы мінездерді жазамыз. (ақылды, сабырлы, білімді, ақылды) 8.Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» 9.Үй тапсырмасы: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «отыз бірінші» қара сөзін жаттау.
10.Рефлексия Сабақ бойынша ойыңды білдір | Қандай жаңа білім алдың? | Алған біліміңді қолдана аласың ба? | Саған қиындық тудырған түсініктер | |