1.«Шаттық шеңбері» оқушылардың бір-біріне ізгі тілектері.
2.Сыныпты 2 топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасы
1.Ой -толғау « Мен өз елімді сүйемін»
Оқушылар өздері үйден дайындап келген ой-толғауларын оқиды.Тыңдап отырған өзге оқушылар тыңдап, пікірлерін білдіреді.
ІІІ.Жаңа тақырып Қасқабұлақ –Абайдың туған жері .
1-тапсырма.
.Балалар,жаңа тақырып бойынша Абайдың туған жері Қасқабұлақ туралы қандай деректер білетінімізді тыңдап көрейік.Ол үшін экрандағы сұрақтарға назар аударайық.
1 топ. «Білімділер» тобына сұрақ
1.Абай қай күні,қай айда,қай жылы дүниеге келд?
2. Абайдың кіндік қаны тамған жері,туған жері қалай аталады?
3.Сырт Қасқабұлақ неліктен бұлай аталды?
4.Қасқабұлақ туралы қандай шығармадан оқуға болады?
ІІ топ. «Зерде» тобына сұрақ
1.«Үш күндік жолдың бүгінгі ,соңғы күніне бала шәкірт барын салды.Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды.Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң-атар атпаста өзі оятып тұрғызып еді.»Бұл кімнің шығармасы?Авторы кім?
2.Бала шәкірт кім,Қайда асығуда?
3.Ақшоқы туралы не білесіңдер?
4.Қандай елді мекендер Абай балаларының есімдерімен аталады?
2-тапсырма. «Суреттер сыры»
1.Экранда берілген 8 сурет бойынша жұмыстар.Әр суретке жеке тоқталып,әңгімелеу.
2.Қасқабұлақ ауылы,жері туралы жырлаған ақындар шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу.
1.Б.Жақыпов «Абайдың Қасқабұлағы»
2.М. Оспанов «Қасқабұлақ»
IV.Жаңа сабақты бекіту
1.Тірек мәтін сұрақтары
V.Шығу парақтары арқылы жаңа білімді меңгеру деңгейлерін бағалау.
VI.Оқушы білімін топ басшыларының бағалауы
VII.Үйге тапсырма
«Сөз өнері» курсы
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Көкбай ақын өмірі мен шығармашылығы
Түрі:танымдық
Типі:Жаңа білімді меңгерту
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,іздендіру,дәлелдеу,зерттеу,топтық жұмыс
Сыныпты 3 топқа бөлу арқылы үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар беру.
Әр топқа сұрақтарды экран арқылы көрсету
І топ. «Талапкерлер» 2-топ. «Зерттеушілер» 3-топ « Ғалымдар»
«Талапкер» тобына
І тапсырма Абайдың ақын шәкірттері
1) Абайдың ақын –шәкірттерін ата ?
2) Ақылбай Абайұлын неліктен Абай шәкірті деп атайды ?
3) Мағауия Абайұлы кім?
4) Әріп Тәңірбергенұлы жайлы не білесің?
5) Көкбай Жанатайұлы туралы не білесің?
«Зерттеушілер» тобына
2-тапсырма Ақын шәкірттерінің шығармалары
1)Ақылбайдың шығармаларын ата,тақырыбы не?
2)Мағауия Абайұлының дастаны не жайлы не білесің?
3)Тұрағұл Абайұлы
5)
«Ғалымдар» тобына
3-тапсырма
1)Ақылбай Абайұлы туралы қандай деректер бар? Кімдер зерттеген?
2)Мағауия Абайұлы туралы кімнің,қандай шығармасында мол деректер берілген?
3)Тұрағұл Абайұлының абайтануға қосқан үлесі?
4)
5)
ІІІ.Жаңа тақырып Көкбай Жанатайұлы
1.Шығармашылық жұмыс. Көкбай Жанатайұлының шығармалар жинағынан
қажетті деректерді түсініп,зерделеп оқу
2.Постер құру және қорғау
1- топқа Көкбай өмірі.
2-топқа Қисса-дастандары,поэмалары.
3-топқа Ақындық таланты
Экраннан слайд арқылы Көкбай Жанатайұлының Абай балаларымен түскен суреті, Тақыр бойындағы ақын кесенесі,мұражайы,мұражайының ішкі көріністері көрсетіледі.
«Көкбай ақын жайлы білгенім» эссе жазу,оны оқу ,талдау.
IV.Жаңа сабақты бекіту
Көкбай Жанатайұлының өмірі мен шығармашылығына сатылай кешенді талдау жасау дәптермен жұмыс
1.К.Жанатайұлының туған жылы,айы,күні
2.Алғашқы сауатын ашқан кім?
3.Кімнен ,қашан мұсылманша дәріс алды?
4.Қай жылы уездік училищеге оқуға түсті?
5.Қай жылы,қай жерде медресе ашты. Бала оқытуға қашан кірісті?
6.Мешітті қай жерден қашан салды?
7.Алғашқы өлеңдері қашан жасалды?
8.Көкбай айтыстары?
7.Қай жылы ,қай кеште Абайдың ақындық тұлғасын сипаттаған?
8.Өмірден өткен жылы?
V.Шығу парақтары арқылы жаңа білімді меңгеру деңгейлерін бағалау.