Сабақ жоспары
Пән мұғалімі : Чакакова Бақыт Турсынмаметқызы
11-сынып.
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Іскерлік қарым-қатынас
Сабақтың мақсаты: Іскерлік қарым-қатынасқа тән тілдік ерекшеліктерді ұғындыру
1. Білімділік: Тілдік ерекшеліктер мен сөз оралымдары жайында таныту
2. Дамытушылық: Терминдерді дұрыс қолдануға, жүйелі сөйлеуге, ой-өрісті дамытуға
дағдыландыру
3. Тәрбиелік мәні: Шешендік өнерді бағалау, тілді құрметтеуге баулу
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Пәнаралық байланыстар: Әдебиет
Қолданылатын көрнекіліктер және О.Т.Қ : сызба, карточкалар
Үйге тапсырма: 24 тапсырма 43 бет
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың сабаққа қатысын, даярлығын тексеру.
2. Жаңа сабаққа дайындық жүргізу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе:
Сөз адамның ойын, көзқарасын білдіреді, оның қоғамдағы өзіндік орнын, табуына ықпал етеді.
« Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма»,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, адам сөз арқылы өзін танытады.
Ендеше, іскерлік не екен?
Оқушылар жауап береді.
Мына сызбаларды дәптерге жазамыз
Іскерлік қарым-қатынастағы негізгі түйіндердің бірі
Іскерлік қарым – қатынастағы негігі түйіндердің бірі.
Сөйлеу этикасын меңгеру
Тілдік ерекшеліктерді білу
Сауаттылық
Іскерлік қарым-қатынас Сөйлеушінің өз ісіне жауапкершілікпен
әдебі (этикасы) қарауынан, өзін-өзі
ұстауынан,сыпайылығынан,
өжетілігінен,
батылдығынан,тартымды,жағымды
сөйлеу әдебімен
Ұлттық дәстүрді сақтау Халықаралық және шетелдік
әріптестерімен байланыста
байқалады.Пікірлесетін адамға құрметпен
қарау,өзін,жұмыс орнын
таныстыруда,ондағы ұлттық дәстүрді сақтау.
Жүйелі сөйлеу
Тақырыпқа байланысты тілдік терминді
дұрыс біліктілікпен қолдау,
тапқырлық таныту,
іскерлік әдебін таныту.
Пысықтау жұмыстары:
1.Қазыбек пен Қонтажы әңгімесі бойынша жұмыс жүргізу.
Төле бидің аталық сөзі.( Осы екі әңгмедегі шешендік ,алғырлық оралымардың мәнін түсіндіріңдер)
2.Монолог (Қайрат Рысқұлбековтың соңғы айтатын сөзі )
Айтатын бір сөзім бар, халқым саған...?
3.Жүйелі сөйлеу ( Әр түрлі ғылым салаларына байланысты сөйлемдер құрату)
4.Диалог -құрастыру
(Шетелдік әріптестермен пікір алысу ондағы өзіміздің ұлттық дәстүрді сақтау мағанасында болуы керек)
5.Көрініс көрсету.(Тіл табысуға кері әсерін тигізетін нәрселер бойынша)
6.Адасқан сөздер.( Өзін-өзі ұстауға байланысты сыпайы сөздерді табу)
7.Ойтолғау. (Өтілген сабақ тақырыбы бойынша)
А).Менің пікірім
Б).Өз ойым.
В).Қорытынды
Оқушылардың білімін бағалау