kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Е?сесі биік т?уелсіздік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіздікке арнал?ан шы?арма ж?мысы. Т?уелсіздік- ата-бабамызды? ежелден келе жат?ан арманы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Е?сесі биік т?уелсіздік»

Еңсесі биік тәуелсіздік

Мен қазақпын! Мен Қазақстанда дүниеге келдім және қазақ екенімді мақтан тұтамын. Қазақ елі ежелден еш нәрседен тайынбаған ел, ешкімге мойынсынбаған ел. Кең -байтақ туған еліміздің әр өңірінде өсіп тұрған жусан да, аяқ астында жатқан тасың да, сонау көзіне мұнартып көрінген төбе де, сылдыр қағып ағып жатқан бұлақта да айтылмаған сыр, ашылмаған көмбе де көп.               

1991 жылы еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан кезі болды. Қазіргі Қазақстан әлемге мақтанарлықтай абыройға қол жеткізді. Жас мемлекетіміз  аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда жас мемлекет Қазақстан бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік  проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап осынау  24 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді», - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің барасында мемлекетіміздің  ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді.  Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің  орындалуы – ерекше  тарихи жетістік .

Мен тәуелсіздіктен кейін дүниеге келсем де, Егемендіктің қаншама қиындықпен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманына біздер, яғни бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе  жатқан арманы, ендеше біз де келешек ұрпаққа дәл солай жеткізейік. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге  дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Оның ішіндегі қазақтың қос жұлдызын айпай кетпеуге болмас. Елі үшін, жері үшін Мәншүк пен Әлия тәрізді қазақ қыздарын айтсақ болады.Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Міне, осыдан -ақ қазақ жастарының қандай екенін байқауға болады. Жерін қорғауға барлығы бірдей атсалысты. Бұл олардың отанын сүйетінін, ауызбіршілігіміз жарасқан ел  екеніміздің айқын  көрінісі деп білемін. Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп білемін.  

                                                         

Қадыр Алтынай 10 «А» сынып оқушысы

Май ауданы, Көктөбе орта мектебі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Е?сесі биік т?уелсіздік

Автор: ?адыр Алтынай

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327599


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства