Просмотр содержимого документа
«?.М?сіреповті? «Жа?а достар» ??гімесіндегі аналар бейнесі мен таби?ат суреті»
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесіндегі аналар бейнесі мен табиғат суреті (бекіту сабағы)
Білімділік мақсаты: Оқушылардың қазақ әдебиетінің классигі , көркемсөз зергері Ғ.Мүсірепов туралы мәліметтерін кеңейту, «Жаңа достар» әңгімесінің мазмұнын бекіту, әңгімедегі аналар бейнесі мен табиғат суреті арқылы кейіпкерлерге талдау жасау дағдысын дамыту.
Мария апай- жанашыр, мейірімді, жүрегі кең, қамқор.
Кім жылдам?
Шығармадан жазушы қолданған мақал-мәтелдерді табу, тұрақты тіркестерді, диалект сөздерді, жер-су атауларын қай топ оқушылары жылдам тапса, сол топқа жұлдызшалар беріледі.
Мақал-мәтелдер:
1. Әліпті таяқ деп білмейсің.
2. Өлімнен ұят күшті.
3. Қарға баласын аппағым дейді.
Тұрақты тіркестер:
Жау жүрек, шегіңді қатыратын, құлағына құйып жатыр, екі көзі алақандай болу.
Диалект сөздер:
Қасқа, үгіршіктер, қорада.
Жер-су атаулары: Гуръев, Каспий, Сарытау, Ақ Жайық.
Алдымен, оқушыларға табиғат көріністері бейнеленген суреттерді көрсетемін. Бұл суреттер қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан дүниелер. Ал, жазушылар табиғат көріністерін шығармаларында көркем тілмен бейнелейді.
Пейзаж-оқиғаның мезгілін, орнын көрсетумен бірге шығармадағы кейіпкердің көңіл-күйі мен сезімін, тіршілігін, арманын аңғаруға қызмет етеді. Сонымен, көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісін пейзаж дейді.
Үзіндіден пейзажды табу.
«Күн де батты. Теңіз үстіне қорғасындай басқан бір ауыр тұман да көтерілді. Қара тұманның ауырлығынан теңіз беті қайысып, төмен түсіп кеткендей сезіледі».
Сұрақ: Каспий теңізікөрінісі менҚайроштың көңіл күйіндеқандай ұқсастықтар бар?
Теңеу сөздерді табу.
Сабақты қорыту: Дәптерге оқушыларға ой түйме жаздыру.
1. Шығармадан алған әсерің?
2. Өзіңе не түйдің?
Үйге тапсырма:
Екі топқа екі тақырыпта ой толғау жазуға беру.
I «Ұлағат» тобына «Достық»
II «Шапағат» тобына «Ананың мейірімі»
Оқушылардың білімін бағалау. Смайликтерді санап, жеңімпаз топты анықтау.