Та?тада ?ш б?йтеректі? суреті т?рады. Бірінші б?йтерекке «Ана», екінші б?йтерекке «Жалпа? батыр»,?шінші б?йтерекке «?о?ам» деген жазу жазылады.
О?ушылар?а тапсырма беріледі. Топтастыру ?дісімен байланыстырып,?рбір топ?а ?ш б?йтеректегі та?ырыбымен бірге б?ліп беріледі.О?ушыларды? міндеті-??гімедегі с?здерді с?рыптап алып,жазушыны? шеберлігін к?рсету.
Ана: ?айратты,шешен,?ке-шешесінен айырыл?ан,к??дікке сатыл?ан,жыл?ы ба??ан т.б (?ке-шешеден айырыл?ан ??гімеден ?зінді): ?кем арбасын ж?ндеп,шешем к?жесін ?айнатып жатыр еді, он ша?ты салт атты сау ете т?сті:
-Жігіттер, жол болсын!-деп,?ос?а с?йеніп т?р?ан мені ?а?ып алды да шауып кете берді....
-Кім біледі,біреуі де тимес... оны би біледі...-дейді жалпа? балуан.
-Ендеше, жыл?ы да ал деме,аты?ды да берме, са?ан ере алмаймын да, сен де еркі?нен айырыласы?, не байды?,не биді? сойылы болып ?аласы?.
?о?ам: Халы?ты байлар бас?ар?ан,шешімді би берген, с?зге то?там салын?ан,жеке т?л?аны? бас бостанды?ы толы? ?ор?алма?ан (??гімеден ?зінді):
-Бірі? жыл?ышы, бірі? сауыншы болып ж?ре т?ры?дар, кейін босатармын,-деп еді Сарыбай. Содан бері он бес жыл ?тті. Байым б?гін ?ліп босанды, ?зім осы алдары?да отыр?ан. К??дікті? ?зын ??ры?ы сарт етіп ?ызыма т?се ?ал?асын со?дары?нан ?уып келемін...
Просмотр содержимого документа
«?абит М?сіреповті? "Ананы? анасы "??гімесін о?ыту »
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы»
әңгімесін оқыту
Сабақтың мақсаты:
а) әңгімені оқушыларға оқыта отырып, ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен тарихына,тұрмыс-тіршілігіне назарын аударту,жазушының сөз айшықтар мен қолданысын оқыту;
ә) оқушыларды парасаттылыққа, өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын байытуға,ой ұшқырлығына баулу;
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, қанатты сөздер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, сурет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сабақтың тақырыбы мен ерекшелігіне тоқталып болған соң, оқушыларды үш топқа бөлеміз. Топтастыру әдісі- оқушыларды еркін ойлауға,бірінің ойын бірі толықтыруға, қалыс қалмай бірдей сабаққа қатысып отыру үшін қолданылады.
І кезең. Оқушылардың назарын тақтада көрнекілікте ілініп тұрған суреттерге аударамыз. Онда найза,қылыш, садақ, торсық т.б заттардың жартысы ілінген,ал жарты бөлігі оқушылардың қолына таратылып беріледі.
Мұражайдың іші үш бөлмеден тұрады. Жарты болып тұрған заттарды бүтіндеуге мына үш сұрақ төңірегіндегі ой қозғалады.
Бірінші топқа: Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны.
Екінші топқа: «Ананың анасы» әңгімесіндегі кейіпкерлерге сипаттама
Үшінші топқа: Әңгіме желісін баяндау.
Әрбір топтың жеке-жеке оқушысы қима қағазға жазылған өз ойларын дауыстап оқып,мұғалімнің қолына береді. Мұғалім тақтадағы көрнекілікке жартысын бүтіндеп жабыстырып отырады. Мұражайдағы заттардың барлығы толығымен бүтінделеді.
ІІ кезең «Менің пікірім»
Тақтада үш бәйтеректің суреті тұрады. Бірінші бәйтерекке «Ана», екінші бәйтерекке «Жалпақ батыр»,үшінші бәйтерекке «Қоғам» деген жазу жазылады.
Оқушыларға тапсырма беріледі. Топтастыру әдісімен байланыстырып,әрбір топқа үш бәйтеректегі тақырыбымен бірге бөліп беріледі.Оқушылардың міндеті-әңгімедегі сөздерді сұрыптап алып,жазушының шеберлігін көрсету.
Ана: қайратты,шешен,әке-шешесінен айырылған,күңдікке сатылған,жылқы баққан т.б (әке-шешеден айырылған әңгімеден үзінді): Әкем арбасын жөндеп,шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт атты сау ете түсті:
-Жігіттер, жол болсын!-деп,қосқа сүйеніп тұрған мені қағып алды да шауып кете берді....
Жалпақ батыр: Батыр,ақылды, қара күш иесі,мейірімді,тәуелді, т.б (әңгімеден үзінді):
-Кім біледі,біреуі де тимес... оны би біледі...-дейді жалпақ балуан.
-Ендеше, жылқы да ал деме,атыңды да берме, саған ере алмаймын да, сен де еркіңнен айырыласың, не байдың,не бидің сойылы болып қаласың.
Қоғам: Халықты байлар басқарған,шешімді би берген, сөзге тоқтам салынған,жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған (әңгімеден үзінді):
-Бірің жылқышы, бірің сауыншы болып жүре тұрыңдар, кейін босатармын,-деп еді Сарыбай. Содан бері он бес жыл өтті. Байым бүгін өліп босанды, өзім осы алдарыңда отырған. Күңдіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын соңдарыңнан қуып келемін...
ІІІ кезең. «Ой толғам»
Ананың балаға деген ұлы махаббатымен салқын,салғырт қарауын қазіргі кезеңмен байланыстыра сипаттаңыз.
Қорытынды: Қағаз таратылып уақыт белгіленеді әр топтың оқушылары жеке-жеке тұрып жазғандарын оқиды.
Білемін
Білгеніме сәйкес келмейді
Жаңа нәрсе
Тереңірек білгім келеді.
Ғ.Мүсіреповтің жазушы екенін білемін.
Балаби деген баласын сүндеттетіп той жасап,ат шаптырғанды,бас бәйгеге құл бастаған тоғыз,бас балуанға күң бастаған тоғыз тігіпті.
Сауға,сергелдең,барымта, күң, құл сөздерінің мағынасын түсіндім.
Осы әңгіме өмірден алынған шындық оқиға ма екен?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Ана-көзді бұлақ» тақырыбына шығарма жазып келу. Қосымша тапсырма: тарихи шындықта баяндалатын қазақтың салт-дәстүрлері (құл бастаған,күң бастаған тоғыз,барымта,сауға) жайлы мағлұмат біліп келу.