kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?абит М?сірепов "?лпан" романы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок по казахской литературе составлен по технологии развития критического мышления. Методы разнообразные, особенно хорош "Литературный кружок". Кубизм развивает групповую деятельность в классе, исследовательские способности по одному направлению. "Авторский стул" наиболее важно в воспитании ученика к публичному выступлению, так как это является "методом многочисленных глаз". Ученик выражая свои мысли, научится обладать собой перед публикой. Композиционная карта используется на констатирующей фазе.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«қазақ әдебиетінен сабақ жоспары 9-сынып»

Сабақ № 89 Мерзімі: 26.04.2014 Сынып:Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов. "Ұлпан" романы.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Білімділік: Оқушыларға романның мазмұнын, идеясын, тақырыбын ұғындыру; «Ұлпан» романының қазақ прозасының ішіндегі ана бейнесін жасаудағы шоқтығы биік өнер туындысы екенін таныту; Дамытушылық: Басты кейіпкерлер өмірде болғандығын, оның тарихи типтік образдарын оқу мен жазу арқылы өз ара кеңесе отырып, жеке және топтық жүйеде талқылау жұмысына үйрету;
Тәрбиелік: Асылдың сынығындай ардақты, киелі тарихи адамдардың бейнесін тани білуге баулу, Ұлпан ананың бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптей отырып, үлгі ету.

Сабақтың түрі: СТО технологиясына негізделген жаңа сабақ

Әдістері: әңгіме, сұрақ жауап, "Әдебиет үйірмесі", "Автор орындығы", концептуальды кесте

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, хрестоматия

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, тексеру, назарды жинақтау.

ІІ Қызығушылықты ояту: Сабақтың мақсатын, барысын айту.Мұғалім: Қазақта "Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа", "Қатын өлді қамшының сабы сынды", "Байтал шауып, бәйге алмас"деген мақал мәтелдер бар. Осы нақыл сөздер әйел баласына немқұрайдылықпен қарауды, олардың ақыл ойының жетіктігіне сенімсіздікпен қарауға үндейтін сияқты. Қазіргі гендерлік саясат әйел азаматтардың құқын қорғап, олардың әлемдік өркениетте ер адамдармен қатар тұруы керек деп есептейді. Әйелдердің намысы таапталып, құқығы шектелген жағдайлар болып тұратынын, ондай елдер де бар екенін жақсы білеміз. Ал Ғабең жазған Ұлпан туралы романды бүгін талдап, қазақ әйелінің өткен ғасырдағы өмірімен танысып, сол заманның жұлдызы бола білген Ұлпан ананың бейнесін аша түспекпіз.

ІІІ Мағынаны тану: Кейіпкерлер тізбегі -Ұлпан, Есеней, Артықбай, аңшы Мүсіреп, түрікпен Мүсіреп, Біжікен, Торсан, Жәукен, Ешеналы, Мырзаш.

"Әдебиет үйірмесі" стратегиясы.Кім қандай тапсырманы алатыны кубик арқылы анықталадды. Тапсырмалар түсіндіріліп жазылады.

  1. Мазмұндаушы: Романның басталуынан соңына дейін бас кейіпкер Ұлпанның өмірінде болған оқиғаларды тізбелеп айтып береді.

  2. Этнограф: Романда көрініс берген қазақтың салт дәстүрлерін тауып, мәлімет жинау.

  3. Мінездеме беруші: Романдағы Ұлпанның ерекше мінез көрсеткен жерлерін оқып, ел анасына мінездеме жазу.

  4. Цитата іздеуші: Романда ерекше сөз оралымдарын, қанатты сөздерді теріп жазу.

ІV "Автор орындығына" отырғызып, талқылау.

V Бекіту: "Ұлпан" романын талдау кестесін толтыру:

Шығарма атауы


Жанры, түрі


Тақырыбы, идеясы


Композициялық карта

Пролог


Шиеленісуі


Шарықтау шегі


Шешімі (эпилог)




VІ Қорытынды: Сонымен ақыл парасатының арқасында Ақнар атанған Ұлпан ана елдің санасында жарқын бейнесінде қалыпты. Оны бізге Жазушы Ғабит атамыз да әсерлі жеткізуге тырысқанын білдік. Сіздердің де ұлыны ұлықтауға, асылды қастерлеуге жігеріңіз, санаңыз жететініне менің күмәнім жоқ.

VІІ Үйге тапсырма:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?абит М?сірепов "?лпан" романы

Автор: Борисова Галинур Темирхановна

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192752


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства