kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доспамбет жырау "Қоғалы көлдер, қом сулар", "Айналайын, Ақ Жайық" толғауларындағы автор бейнесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары 7 сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша  Доспамбет жырау "Қоғалы көлдер, қом сулар", "Айналайын, Ақ Жайық"   толғауларындағы автор бейнесі тақырыбында құрылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доспамбет жырау "Қоғалы көлдер, қом сулар", "Айналайын, Ақ Жайық" толғауларындағы автор бейнесі»

Сабақ: №14. пәні - қазақ әдебиеті, пән мұғалімі - Дәулетова Жансәуле Дәулетқызы. Ақтөбе қаласы №19 орта мектебі


Тақырыбы: Доспамбет жырау "Қоғалы көлдер, қом сулар", "Айналайын, Ақ Жайық" толғауларындағы автор бейнесі

Күні: 14.10.2019

Сынып: 7а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты

6.2.2.1 -эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: толғауларды оқи отыра тақырыбы мен идеясын ашып, талдау жасай алады

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты жұптық жұмыста диалогқа түсу арқылы игере алады, пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып ортақ шешімге келе алады

Кейбір оқушылар: Берілген проблемалы сұрақтарға ұтымды жауап бере отыра, өз болжамын тұжырымдай алады

Күтілетін нәтиже

Тиісті термин сөздерді ойын жеткізу барысында ұтымды қолдана алады, диалогқа түсу, кері байланыс жасау арқылы пікір алмасып, өз ойын дәлелді жеткізе алады

Тілдік мақсаты

Негізгі сөздер мен тіркестер: толғау, қоғалы, қом су, Азау, Дон, шонжар, бұздай, көбе, т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы не туралы?

Толғауда қандай өзекті мәселелер көтерілген?

Алдыңғы тақырып

Талдай алу, салыстыру, сұрыптау, тұжырымдау, өз ойын дәлелдеу, алған әсерлерімен бөлісу дағдылары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

1. Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық ахуал:

«Африкалық жаңбыр» (бірінші жаңбырдың сіркірегенін салу, екінші алақанды ысқылап жауынның күшейгенін көрсету, үшінші алақанды үш шапалақтап күннің күркіреуін салу)

2. Қоғалы көлдер, қом сулар, күдері, кіреуке леген сөздер жазылған парақшалар таратылады. Алынған сөз атауы бойынша класс 4 топқа бөлінеді. Топ атына берілген атау туралы білгендерін айтады, білмеген жағдайда оқулықтан оқып талқыланады. Топтастыру арқылы сөздік жұмысы жүргізіледі.

3.Миға шабуыл.

«Сен маған, мен саған» тренингі бойынша өткен Әл-Фараби шығармашылығы бойынша жазылған эсселерінің қызықты тұсын оқиды.

- Адал достық пен амал достықтың ара жігін талқылайды.

-Адал дос қандай болу керек?

-Сен адал доссың ба?

-Сенің адал досың кім? Оның адалдығын неден байқадың?






Оқулық


Суреттер

Ортасы

І . Оқулықпен жұмыс: 1-топ. Толғауларды мәнерлеп оқиды,

2-топ. Мазмұны талқылайды, 3-топ. Екі толғауға ортақ мәселені табады, 4-топ . Екі толғаудың ерекшелігін ашады. Топта талқылауға, тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі.

ІІ. Жазба жұмыс. 4-тапсырма. Жыраудың негізгі ойына тірек болған сөздерді дәптергежазады. Адам қандай жағдайда өкінбейтінін талқылайды. Ұтымды жауап берген топқа стикер беріледі.

ІІІ. Теориялық талдау. Шығармадағы көріктеу-айшықтау құралдарын тауып, өлең құрылысына қарай талдау жасайды.


Теңеу



Оқ қылқандай шаншылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Кетбұғадай билерденКеңес сұрар күн қайда?


Эпитет

Қоғалы көлдер, қом сулар

Бетегелі Сарыарқа, сайгез оқ


Метафора

Ат салмай өтер күн қайда?

Кілең бұздай кілшейтіп,


Ассонанс


Қоғалы көлдер, қом сулар,

Қоныстар қонған өкінбес...

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке киер күн қайда?

Күмбір-күмбір кісінетіп

Күреңді мінер күн қайда?


Аллитерация


Айналайын Ақжайық,

Ат салмай өтер күн қайда?


Еңсесі биік боз орда,

Еңкеймей кірер күн қайда?


Оқулық

Қалам

Жұмыс дәптері

стикерлер

Соңы

"Қоғалы көлдер, қом сулар кезекті ұйқас", "Айналайын, ақ Жайық" шұбыртпалы ұйқас негізінде жазылғаны талқыланады.

«6 неліктен?» стратегиясы бойынша сұрақтар қою.

Үйге: 1,2-топқа "Қоғалы көлдер, қом сулар", 3,4-топ "Айналайыні ақ Жайық" толғауларын жаттайды.

Жұлдызшалар арқылы бағалау

Рефлексия








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Дәулетова Жансауле Дәулетқызы

Дата: 22.11.2019

Номер свидетельства: 528201


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства